Гиалинді шеміршек. Гиалинді шеміршек тканьнің ең көп тараған негізгі түрі (18-сурет) Сутқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т. б. органдардың шеміршектерін құрайды. Гиалинді шеміршек тыгыз, серпімді және түсі мөлдір болады. Шеміршектің клеткалары негізгі заттың ерекше куыстарында орналасады. Көбінесе олар 3—4—5 клеткалардан тұратын топтар түзеді. Бұл топтар бір клетканын бөлінуінен пайда болатындықтан изогенді топтар деп аталады (18-сурет). Шеміршек клетқаларының түрі-дөңгелек, созылыңқы, овалды, бұрышты және дискі тәрізді болады. Қлеткаларының түрі шеміршектің негізгі затының ыңғайына тәуелді. Жас шеміршектердің негізгі заты жұмсақтау болғандықтан клеткалар дөңғелек болып келеді. Қартайған сайын шеміршектің негізгі заты тығыздалып, клеткалары дискі тәрізді жаксы байкалады. Клетканын әрқайсысы прогтоплазманың тығыздалған кабатынан тұратын капсуламен қоршалады (19 сурет).
Шеміршектің аралық заты біркелкі болмаиды. Микроскоп пен қарағанда онда аморфты зат пен желімделген коллаген талшық та байқалады. Талшықшалар өзара шырматылып, тор түзеді. Шеміршектің аралық затынын фибриллярлы кұрылысын байқау қиын. Өйткені, талшықтардың сәуле сындыру коэфициенті аморфты заттардікімен бірдей. Тек арнаулы өндеулерден өткізгенде ғана фибрилдерді көруге болады. Шеміршектің коллаген талшықтарынын касиеті тығыз дәнекер тканьдердікіндей болып келді. Сондықтан кайнатқанда олар да желім болады.
Шеміршектің талшықтарға бай басқа тканьдерден айырмашылығы оның аморфты затының химиялық қасиетінде. Шеміршек аморфты заттары протеиндерден, хондриотинокүкірт қышқылынаң және альбумоидтан тұрады. Протеиндердің бір бөлімі хондриодинкүкірт қышқылы мен күшті қосылып хондромукоид түзеді. Ол шеміршектің негізгі затын құрастырушы. Хондромукоид негізгі боялаурамен боялып, оксифильді болады.
Шеміршектің негізгі затында хондромукоид пен коллагеннің біркелкі емістігін олардың біртүске боялмауы байқатады. Базофильді бөлімдер шеміршек клеткалар тобына жақын орналасады. Клеткалар арасындағы негізгі заттың осылай ерекшеленуі адамның және жануардың жасына байланысты. Адам есейген сайын шеміршектің негізгі затының ерекшеленуі айқында түседі. Есейген шеміршекте әк тұздары көп жиналып, кәрі шеміршек омырылғыш келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |