Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі»
МКҚК
Бекітемін
Директордың оқу жұмысы
бойынша орынбасары
___________А.Рахимжанова
_______________20__жыл
№1 САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы: Ә.Қажақпар
Пән: Қазіргі қазақ тілі
Мамандық: Негізгі орта білім беру
Тобы: ФБ-41, 42,43
Күні: _____________
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша туралы мағлұмат бере отырып, практикамен ұштастырып.
Пәнаралық байланыс: әдістеме
Материалдық-техникалық құралдар: Дәріс материалы, таймер, слайд,
Негізгі әдебиеттер: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Сапархан Мырзабеков. Дәуір-Кітап, Адматы, 2013ж
Қосымша әдебиеттер: Қараев М.Ә Қазақ тілі – Алматы. Ана тілі 1993.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
Ұйымдастыру кезеңі. Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
Тірек білімін тексеру – сұрақ-жауап: Жеке-дара сабақ айтып, сұрақтар қою арқылы тапсырманы орындау.
Жаңа материалды баяндау: Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша туралы түсінік беру. Түрлі деректермен дәлелдеу.
Жаңа материалды бекіту: «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы бекіту.
Үй тапсырмасы: Тақырып бойынша конспектілеу
Оқытушы: Ә.Қажақпар ________________
(Ф.А.Ә.) қолы
№1 САБАҚТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ
Оқытушы Кажакпарова Айгерім Ермекқызы
Пән Қазіргі қазақ тілі
Мамандық Негізгі білім беру
Топ ФБ-41, 42 Күні _______________
Сабақтың тақырыбы Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша
Сабақтың негізгі сатыларына уақыттың мөлшерленуі
1. Ұйым-дастыру кезеңі
|
2.Тірек білімдерін қайталау
|
3. Жаңа материал-ды баяндау
|
4. Жаңа матери-алдарды бекіту
|
5. Білік-дағдыларды қалыптас-тыру
|
6. Үй тапсырмасы
|
7. Са-бақтың қорытындысын шығару
|
8. Бар-лығы
|
3
|
20
|
20
|
15
|
20
|
5
|
7
|
90
|
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөйлемнің біріңғай мүшелері, тыныс белгілері. Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша туралы мағлұмат бере отырып, практикамен ұштастырып.
Дамытушылық: Ойлау шеңбері кеңейді, ақпараттық құзіреттілігі дамиды.
Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, сыйластыққа, шығармашылыққа тәрбиеленеді.
Пәнаралық байланыс: тарих , әдістеме
Материалдық-техникалық құралдар: Дәріс материалы, таймер, слайд, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар.
Негізгі әдебиеттер: М. Балақаев, Т. Қордабаев. Қазiргi қазақ тiлi грамматикасы. Синтаксис. - Алматы : Мектеп, 1966. .Әміров. Р.Жай сөйлем синтаксисі. Алматы. 1983. Қордабаев Т., Құрмалас сөйлемдер синтаксисі ., Алматы., 1995.
Қосымша әдебиеттер: Қараев М.Ә Қазақ тілі – Алматы. Ана тілі 1993.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттер түгенделіп, сабақ мақсатымен таныстырылады. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық жүргізіледі.
Сөйлемнің бырыңғай мүшелері. Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан көп мүшелерді бірыңгай мүшелер дейді. Бірыңгай мүшелер көбінесе тұлғалас болып келеді де, өзара салалас, бірде жалғаулықтар аркылы, бірде жалғаулықсыз дауыс ырғағымен байланысып, бір ғана мүшеге қатысты болады.
Сөйлемнің барлық мүшесі де: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Мысалы: Ел жата Есбол, Еламан, Рай келді. Шиделі күпілі, сенсең тымақты бұжыр қара кісі ат үріккен жаққа жылан көзін жылдам тастады да, тізгінін сәл тежеді. (Ә. Н.) Құланиек таңды, шашырап шыққан кунді оған биік таулар көрсетпеді (Ғ. Мұст.) Бет-аузына адам тұра карай алмайтын қара шұбар орта бойлы Есенейге аға сұлтан әрі таңдана, әрі қауіптене қарайтын еді. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелер бір-бірімен ешбір жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Бірыңғай мүшелерді ыңғайлас жалғаулықтар (да, де, та, те, әрі, және, мен, бен, пен), талғаулы жалғаулықтар (я, не, немесе, әлде), қарсылықты жалғаулықтар (бірақ), кезектес жалғаулықтар (бірде, біресе, кей-де) байланыстырады. Бірыңғай мүшелер өзара жалғаулықсыз байланысса, олардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Осының бәрін бір сұмдықпен, кулықпен істемейді (С. С). Сондай-ақ жалғаулық бірыңғай мүшенің әрқайсысымен қайталанып қолданылса да, арасына үтір қойылады. Мысалы, Атын да, кісісін де болжай алмады (М. Ә.) Бірақ деген шылау қарсы мәндес екі бірыңғай мүшені байланыстырады да, бірақ шылауының алдынан үтір қойылады. Мысалы: Ол — батыр, бірақ қолбасы емес. (Ғ. М.) Бірыңғай мүшелердің арасында қайталанбай келген мен, бен, пен, және жалғаулықтары болғанда және да, де, та, те, әрі, не, немесе, яки қайталанбай бір-ақ рет келгенде, үтір қойылмайды. Мысалы: Олжабек пен Жамал қоңыр шокыны бетке ұстап тарта берді. (Мүст.) Ашық та ақ жарқын сөйлейтін сырлас адамдар екен (Ғ. М.) Бірыңгай мүшелер екеу болмай, одан көп болып, олар жалғаулықсыз байланысып, тек соңғы екеуі гана жалғаулык шылау арқылы байланысса, жалғаулықсыз жерде үтір қойылады да, жалғаулық арқылы байланысқан жерде үтір қойылмайды. Мысалы, Бухара, Ташкент, Түркістан және Жоңғар қалмақтары билеушісі Қалдан Шерінің күнгей шығыс маңын қоныстанады. (Ә. К.) Сөйлемде бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, барлық бірыңғай мүшенің ортақ жинақтау аты есебінде айтылатын да сөздер болады. Олар жалпылауыш сөз деп аталады. Жалпылауыш сөз сілтеу (мыналар), жалпылау (бәрі, баршасы, барлығы) есімдіктері мен жинақтау сан есімі, зат есімдерінен болады.
Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден бұрын тұрса, одан кейін қос нүкте қойылады. Бұндай жағдайда егер бірыңғай мүшелерден кейін оған ұқсас сөздер тұрса, бірыңғай мүшелерді одан ажырату үшін, ол мүшенің алдынан сызықша қойылады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелерден кейін келсе, оның алдынан с ы з ы к ш а қойылады.
Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады.
Сызықша койылатын жерлер:
1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды.
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер.
3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.
4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин).
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.
6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин).
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін.
8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай).
9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов).
Сабақты қорытындылау.
Біріңғай мүше дегеніміз не?
Біріңғай мүшелі сөйлемдердің жасалу жолдарын көрсетіңіздер?
Бастауыш пен баяндауыштың жасалу жолдарын анықтаңыздар?
Н.05/1-13 Басылым 2.
Достарыңызбен бөлісу: |