[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет46/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   164

91 
 
 
 
Мақалада  гуманитарлық  пәндердегі  нақты  ғылыми  мәселелерді  зерттеу  барысында 
тезаурусты  әдісті  қолданудың  мүмкіндіктері  көрсетілген.Көбінесе,бірнеше  педагогика 
оқулықтардың  мәтіндер  авторларының  тезаурус    таладауының  қортындысы  ретінде 
"Педагогиканың  басқа  ғылымдарымен    өзара  әрекеттесуі"  мәселесі  бойынша  қолданбалы 
салыстырмалы 
зерттеу 
нәтижелері 
келтірілген. 
Ғылыми 
мәселенің 
қортылған 
тезаурусының    зерттелуі  -    мәселенің    сандық  шектеулерін  және  бірнеше  сапалық 
сипаттамаларын,сонымен қатар, сипаттамасына әр бір автордың қосқан үлесін бағалауға 
мүмкіндік берді.  
 
 
The  article  shows  the  possibilities  of  using  the  thesaurus  approach  to  the  study  of  specific 
scientific issues considered in the humanities. In particular, in the article there are given the results 
of  the  applied  comparative  study  of  the  “The  connection  of  pedagogy  with  other  sciences”.  The 
results  were  obtained  due  to  the  analysis  of  the  thesauruses  of  several  authors  of  textbooks  on 
pedagogy.The  study  of  the  generalized  helps  to  determine  its  quantitative  boundaries  and 
qualitative characteristics as well as to evaluate personal contribution of each author. 
 
 
 
 
 
УДК 81'0 
П.Т. Медетбекова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 Алматы, Қазақстан 
medet_73@mail.ru 
 
МЕН/БЕН/ПЕН, ЖӘНЕ  ЖАЛҒАУЛЫҚ ШЫЛАУЛАРЫНЫҢ 
ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ  
 
Мақалада  қазақ  тіл  білімінің  қолданбалы  бағытының  бүгінгі  таңда  қажеттілігі 
қарастырылған.  Сондай-ақ,   мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылауларының  функционалды-
семантикалық ерекшелікеріне арналған. Аталған жалғаулық шылауларының ерекшеліктерін 
қарастыру  барысында  қолданбалы  лингвистиканың  алар  орны  кеңінен  айтылған. 
Қолданбалы  тіл  білімінің  тілді  зерттеуде  қолданылатын  әдістері  мен  олардың  
қажеттілігі  жайында  сөз  болады.  Жоғарыда  атап  өткен  мәселелерді  қарастыруда 
квантитативті  өлшемдердің  маңыздылығы  қарастырыла  келе,  бүгінгі  таңда  зерттелу 
қажеттілігіне  баса назар аударылады.  
 
Кілт сөздер: функционалды-семантика, сандық/сапалық өлшемдер, математикалық 
статистика, квантитативті, квалитативті әдіс, қолданбалы тіл білімі. 
 
Мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының функционалды-семантикалық табиғатын 
тануда  тілдік  бірліктердің  грамматикалық  мағыналарының  объективті  дүниемен  және 
экстралингвистикалық  жағдаймен  байланыстыра  қарастыру  зор  маңызға  ие.  Объективті 
шындық  алдымен,  адам  санасында  бейнеленіп,  одан  кейін  тіл  арқылы  жеткізілетінін 
ескерсек,  мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылауларының  квазисиноним  ретінде  бірінің  орын 
бірі 
ауыстыру 
мүмкіндігінің 
 
туған 
жағдайында 
жарысып 
қолданыла 
алуы 
экстралингвистикалық  және  тілдік  сана  тұрғысынан  түсіндіріледі.  Мысалы,  Біздің  бұл 
мәселеде  аса  тоқталатынымыз  –  ар  және  абырой.  Жолдастар,  ар  мен  абыройымызды 
сақтап  қалайық  дегенде  алғашқы  сөйлем  бойынша  тілдік  санада  ар,  абырой  ұғымдары 


92 
 
дистинкциялық  сипатта  орын  алған,  яғни  олар  өзара  мәндес  ұғымдар,  соған  қарамастан, 
олардың  әрқайсының  өз  алдына  дербестігі,  өзара    ажыратылатын  жақтары  бар.  Осыған 
сәйкес әр ұғымның дербестігін, даралығын жүзеге асыру қызметі басым болғандықтан және 
жалғаулық шылауы қолданылады, ал екінші жағдайда ар мен абыройдың жеке-жеке ұғымдар 
ретіндегі  сипаты  емес,  екеуі  тұлғаның  бойындағы  құлықтық  қасиеттері  болуына  орай  бір 
парадигмаға топтасып, жақындасуына сәйкес мен жалғаулық шылауының орын алуы заңды. 
Сонымен  бірге,  мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылауының  функционалды-семантикалық 
табиғатының  анықталуында  объективті  дүние  де  ат  салысады:  тышқан  мен  мысық  түрінде 
бұл хайуандар бір әрекет үстінде көрінгенде қолданылса, тышқан және мысық түрінде бұл 
хайуандардың әр қайсысы жеке-жеке нысан ретінде қарастырылғанда қолданылады. 
Семантикамен  айналысқан  лингвист  М.А.  Кронгауздың  алдында  бірінші  орынға 
мағына дегеніміз не деген сұрақ емес, мағынаны қалай беру, оны жазуды қойып отыр. Міне 
сондықтан да лингвистикалық семантикада негізгі проблемалардың бірі метатіл проблемасы 
болып есептеледі. Сондай-ақ семантикалық ұғыммен тек лингвистер таныс емес, қарапайым 
тіл  иелері  де  таныс  екендігін  айта  кету  керек.  Сөздікті  оқып  отырған  адам  дәл  осы 
семантикалық  ұғыммен  кездеседі  емес  пе,  себебі  сөздіктегі  сөздерді  түсіндіру  мағынаны 
таныстырудың мүмкін себептерінің бірі. Және әрбір тіл иесі оның көзқарасынша қандай да 
бір  сөздің  дұрыс  не  бұрыс  түсіндіріліп  жатқандығын  бағалай  алады  (өзіне  таныс  сөздері 
үшін). 
М.А. Кронгауз оқулықтарда негізінен зат есімдер (забор, стол, холястяк және т.б.) мен 
етістіктердің  (арестовывать,  касаться  және  т.б.)  түсіндірілетіні  қарастырылатындығын 
айтып  кетеді.  Әр  түрлі  теориялық  ұғымдар  да  ең  алдымен  осы  сөз  таптары  мысалдарында 
түсіндіріледі.  Тек  сын  есімдер  мен  үстеулердің  сипатталуы  аздап  қозғалады.  Жалпы 
пайымдаулардан  шыға  отырып,  жоғарыда  келтірілгендерден  айтарлықтай  ерекшеленуі  тиіс 
шылау сөздерді түсіндіру туралы мүлдем айтылмайды деуге болады [1]. 
Предлогтар  мен  шылаулардың  бар  айырмашылығын  бір  жағынан  және  етістіктердің 
ерекшелігін,  екінші  жағынан,  түсіндіруде  олардың  принциптері  ортақ  болып  қала  береді. 
Мұның барлығы предикатты сөздер, сондықтан сәйкес предикатты сөздерді түсіндіруге тура 
келеді,  ал  түсіндіруге  өзгермелі  сәйкес  семантикалық  валенттілікті  қосуға  тура  келеді. 
Белгілі  бір  айырмашылықтары  да  бар:  кейбір  сөз  типтері  үшін  жағдаятқа  қатысушыларды 
емес,  жағдаяттың  өзін  білдіретін  өзгермелі  жаңа  типтер  енгізіледі,  яғни  әңгіме  неғұрлым 
жоғарырақ тәртіптегі предикаттар жайлы болып тұр. Предлогтар мен шылаулар жағдайында 
жеке сөз немесе конструкция түсіндіріліп тұр ма, жоқ па ажыратуға болмайды. 
В.З. Санников орыс тіліндегі салалас конструкцияларды түсіндіреді, бұған қоса сөйлем 
мүшелерінің  де,  сөйлемдердің  де  салаласуы  нені  сипаттайтындығын  айта  кетеді,  яғни 
салалас  шылаулардың  барлық  қолданыстары  сипатталады.  Осылай  жалпы  салалас 
шылаулардың сипатталуы туралы айтуға болады. 
Зерттеу  нысаны  болып  отырған  жалғаулық  шылаулардың  семантикасын  саралағанда, 
біз  олардың  сөйлемдегі  қызметі  негізінде  анықтай  келіп,  оларға  грамматикалық  мағынаны 
телиміз  де,  объектив  дүниемен  байланысы  жағына  тереңдеп  бара  бермейміз.  Осы  тұрғыдан 
алғанда мына пікірді ескеру маңызды деп ойлаймыз: «Сөз семантикасы туралы сөз болғанда, 
ең  алдымен,  оның  лексикалық  мағынасы  ойымызда  болатыны  анық.  Бірақ  бұл  лексикалық 
мағына сөздің бірден бір мағынасы, басқа мағына болмайды деген сөз емес.  
Сөздің мағына құрамында лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мағынаның да 
болатындығы анық. Бұл екі мағына бір сөздің бойынан табылғанымен, екеуі бір түрлі қызмет 
атқармайды.  
Лексикалық  мағына  грамматикалық  мағынаға  қарағанда  жетекші  қызмет  атқарады  да 
объектив  дүниедегі  заттармен,  құбылыстармен  байланысып  жатады.  Лексикалық  мағына 
дербес,  басқа  сөздердің  мағынасына  байланыспай-ақ  өмір  сүретін  болса,  грамматикалық 
мағына  лексикалық  мағынамен  байланыспай  өмір  сүре  алмайды,  сөйлем  құрамында  ғана 
анық  бой  көрсетіп,  сөз  бен  сөзді,  сөйлем  мен  сөйлемді  байланыстырады  не  олардың 
байланысуына  себепші  болып  дәнекерлік  қызмет  атқарады.  Сондықтан  да  сөз  мағынасы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау