[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет49/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   164

97 
 
мүмкін:  ол  деген  “күткеннен  де  аз  болып,”  “әдеттегіден  аз”,  “талап  етілетіннен  аз”  тағы  да 
басқа болып шығуы мүмкін. 
Мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылауларының  грамматикалық  байланыста  қолданылу 
сипаты  өлшемдермен,  яғни  бейдискретті  нысанның  “саны”  туралы  түсінікпен  және  осы 
санның  өлшемдері  туралы  ұғыммен  астасып  жатыр.  Мысалы,  Түлкі  мен  тырна  дос 
болыпты; Түлкі және шаян ертегісінде берілген сұрақтарға жауап бер (Р.Н., А.С.) дегенде 
квантификацияланатын  элементтердің  саны  –  екеу,  яғни  мен/бен/пен,  және  жалғаулық 
шылауларының  қолданысы  үнемі  ең  аз  дегенде  екі  нысанның  болуын  керек  етеді.  Бұл 
шылаулар туралы ассоциацияда міндетті түрде нысанның екіден кем емес саны тұрады.  
Баяғыда  қартайған  әже,  күлегеш  немере,  қыт-қыттай  беретін  тауық  және  пештің 
астын мекендеген тышқан болыпты (Р.Н., А.С.).  
Мұнда квантификацияланатын элементтердің саны – бірнешеу, бірақ олардың санының 
бірнешеу  екендігі  тікелей  және  жалғаулығына  ғана  емес,  бірыңғай  мүшелердің  санына  да 
байланысты  анықталады.  Бұдан  шығатын  қорытынды  нысандарды  квантификациялауда 
аталмыш жалғаулықтарға бірыңғай мүшелермен бірлестікте екі немесе одан да көп мөлшерді 
білдіру тән.  
Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде 
бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді (Р.Н., А.С.).  
Бұл  сөйлемде  және  жалғаулық  шылауының  бірнеше  қайталанып  қолданылуы  нақты 
ситуациядағы әрекет пен нысанның санына қатысты болып, соңында оның көп екені туралы 
түсінік  алуға  жол  береді.  Осы  орайда  мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылаулары  нысанның, 
сондай-ақ әрекеттің өлшемдерін білдіретін көп, аз, бірнеше сияқты мөлшерлік ұғымдарын өз 
бойында қамти алады.  
Сонымен  қатар  өлшеуге  тіл  элементтері  де  жатады  дейтін  басқа  да  көзқарастар  бар. 
Проф.  А.К.  Жұбановтың  есептеуінше,  информация  теориясы  мен  ақпарат  беру  инженерлік 
теориясының  әдістері  тіл  мен  сөйлеудің  сандық  зерттеулерінде  айрықша  орын  ала  бастады 
[8]. 
Аз, көп, көптеген, жиі, сирек, өнімді, өнімсіз, мол, жуық, тең, шамалас, көп рет сияқты 
мөлшерді  білдіретін  сөздердің  мәнін  нақты  сандармен  өрнектеуде  параметр  ғылыми 
ұғымының екінші сипаты анықталады.  
Ал  мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылауларының  шама,  мөлшерге  байланысты  мәні 
жоғарыда көрсеткеніміздей, кемінде екі саны арқылы анықталады.   
Сөйтіп,  жалпы  шылаулар  мен  шылау  сөздер  семантикалық  белгілері  бойынша 
төмендегідей топтастырылуы мүмкін екені көрсетіледі: 
1)  мезгілдік  (уақыт)  қатынасты  білдіретін  шылаулар:  when,  while,  till,  until,  whilst, 
whenever; 
2)  қарсылықты қатынасты білдіретін шылаулар: though, although, however, whatever, no 
matter what, no matter how, albeit whether…or; 
3)  шартты білдіретін шылаулар: if, unless; 
4)  гипотетикалық  салыстыру  мен  сын-қимылды  білдіретін  шылаулар:  as,  as  if,  as 
though; 
5)  себептік қатынасты білдіретін шылаулар: because, since; 
6)  мекен қатынасты білдіретін шылаулар: where, wherever. 
Семантикалық белгі бойынша шылаулар топтастырылуларынан көрініп тұрғандай, жай 
сөйлемде  сандық  тұрғыдан  неғұрлым  кең  қарсылықты және  мезгілдік  қатынасты  білдіретін 
шылаулар мен шылау сөздер берілген [9]. 
Мәнмәтінде  тиісті  аталмыш  жалғаулық  шылаулардың  бірін  таңдаудағы  өлшемдерді 
анықтау 
сайып 
келгенде, 
олардың 
функционалды-семантикалық 
ерекшеліктерін 
мәнмәтінмен, объективті дүниемен, экстралинвистикалық ситуациямен байланыста танумен 
орайласады. Мұнда белгілі бір мәнмәтінде аталмыш жалғаулық шылаулардың бірін таңдауда 
олардың 
мәнмәтінмен, 
экстралингвистикалық 
ситуациямен 
байланысты 
келесі 
функционалды-семантикалық  ерекшеліктері  өлшем  бола  алады:  мен/бен/пен  жалғаулық 


98 
 
шылауларының  іс-әрекеттің  субъектілердің  бірлестігінде  жүзеге  асуын  білдіре  алу 
мүмкіндігі; және жалғаулық шылауының іс-әрекеттің жүзеге асуында әр субъектіні даралап 
көрсете алу мүмкіндігі. 
Яғни  мен  жалғаулық  шылауының  грамматикалық  мағынасы  сөздердің  лексика-
семантикалық  немесе  қызметі  ортақтықтары  тұрғысындағы  парадигмалық  мағыналарымен  
байланысты анықталады.     
Статистикалық  деректерді  өңдеуде  компьютерлік  технологияны  пайдалану,  тілдік 
мәселелердің  шешімін  тез  арада  табу,  математикалық  статистика  әдістерін  басқа  ғылымдар 
тәсілдерімен,  нақты  айтар  болсақ  ақпараттық  теория,  математикалық  логика  және  т.б. 
ұштастыру қазіргі кездегі отандық және шетелдік тіл  білімінің даму бағытына сай келеді.  
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Кронгауз М.А. Семантика / РГУ «Открытое общество». – М., 2001. – 399 с. 
2  Пиотровский  Р.Г.  Инженерная  лингвистика  и  теория  языка.  –  М.:  Наука,  1979.  –    
112 с. 
3  Никольская  Л.А.  О  теории  контекста  в  работах  современных  лингвистов 
Лондонской школы. – труды ЛГУ, сер. Филолог.наук, ч.1, – 1970.  
4  Богуславский  И.М.  Валетности  кванторных  слов  //  Логический  анализ  языка. 
Квантификативный аспект языка. – М.: Индрик, 2005. 
5  Күзекова  З.С.  Екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілі  оқулығы  теориясының  лингвистикалық 
негіздері. – Алматы, 2005. – 240 б. 

Семенова  С.Ю.  Параметризация  как  метод  познания  и  как  языковой  механизм  // 
Логический анализ языка. Квантификативный аспект языка. – М.: Индрик, 2005. 
 
7  Шмелев  А.Д.  Параметры  количественной  оценки  в  естественном  языке  // 
Логический  анализ  языка. Квантификативный аспект языка. – М.: Индрик, 2005. –  С. 512-
513. 
8  Джубанов  А.Х.  Квантитативная  структура  казахского  текста.  –  Алма-Ата:  Наука, 
1987. – 146 с.  
9  Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы, 1991. – 228 б. 
 
В  статье  рассматривается    необходимость  прикладного  направления  казахского 
языкознания  в  сегодняшнее  время.  А  также  функционально-семантические  особенности 
соединительных  союзов  мен/бен/пен,  және  были  отражены.  В  процессе  изучения 
особенностей вышеупомянутых соединительных союзов роль прикладной лингвистики была 
выявлена.  Методы,  используемые  в  исследовании  языка  прикладной  лингвистики  и 
необходимость  были  также  рассмотрены  в  статье.  Необходимо  исследовать 
квантативные меры в современном мире, учитывая их важность в решении этих проблем.    
  
In the article the necessity of the applied direction of the Kazakh linguistics in today's time is 
considered.  And  also  functional  and  semantic  peculiarities  of  linking  words  men/ben/pen,  zhane 
were reflected. In the course of studying the features of above-mentioned linking words the role of 
applied  linguistics  was  revealed.  The  methods  used  in  the  research  of  language  of  applied 
linguistics  and  need  were  also  considered  in  article.  It  is  necessary  to  investigate  quantitative 
measures  in  the  modern  world,  taking  into  account  their  importance  in  the  solution  of  these 
problems. 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау