93
дегенде лексикалық мағынаны көз алдымызға келтіруіміз заңды. Нақ осы негізде, жай көзбен
қарағанда, сөздің лексикалық мағынасы грамматикалық мағынамен байланыспай-ақ, оған
сүйенбей-ақ өмір сүретіндей көрінеді. Шындығында да, лексикалық мағына да,
грамматикалық мағына да бір-бірімен өте тығыз байланыста болатын, екеуі де объектив
дүниемен байланысып жататын құбылыстар. Айырмашылығы сол – лексикалық мағына
объектив дүниедегі заттардың адам санасындағы дерексізденген бейнесімен тікелей
байланысып жатса, грамматикалық мағына объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың
бейнесімен сатылай байланысады, тілдік заңдылықтарға негізделе отырып лексикалық
мағыналардың көмегімен ғана байланысады» [2].
Лексикалық қана емес, сонымен бірге грамматикалық мағыналардың да объектив
дүниемен байланысып жататынын мен/бен/пен жалғаулық шылауларының сөйлемдегі
дәнекерлік қызметін семантикалық жағынан талдау барысында көреміз. Мысалы, Қожа
мектепте оқып жүргенде, мұғалім балаларға табиғат, жердегі тіршілік, жыл мезгілдері,
күн мен түннің ауысуы туралы жиі әңгімелейді (Р.Н., А.С.).
Бұл сөйлемде мен жалғаулық шылауы сөйлемдегі басқа бірыңғай мүшелердің арасына
қойылмаған және қою да орынсыз болар еді, себебі, табиғат пен жердегі тіршілік ұғымдары –
бірін-бірі анықтайтын өзара сабақтас құбылыстар, яғни табиғат дегеніміз жердегі тіршілік
түсінігімен астасып жатыр. Ал күн мен түннің ауысуы дегендегі мен жалғаулығының
қолданысы объектив дүниедегі табиғат құбылысының адам санасындағы бейнесімен түйісіп
жатқанын жоққа шығаруға болмайды, ауысудың табиғаттағы екі құбылыстың – күн және
түннің арасында жүретініне сәйкестенген.
Жалпы мен/бен/пен жалғаулық шылауларына өзара сабақтас, тамырлас ұғымдарды
топтау қызметінің тән болуы сол нәрселер мен құбылыстардың объектив дүниедегі бейнесі
негізінде туындайды:
Мазмұны бойынша қарасам, ертегілер мен әңгімелер, жаңылтпаштар мен мақал-
мәтелдер, өлеңдер мен жұмбақтар, ойындар мен ойланып, шешімін табуға бағытталған
тапсырмалар да бар екен. Ол үшін әңгімелер мен өлеңдерді оқып аламын да ойланамын,
оқып-білгенімді ата-анам мен бауырларыма, жолдастарым мен сыныптас достарыма
айтып жеткізуге тырысамын (Р.Н., А.С.).
Сондай-ақ, жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады,
ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады (Р.Н., А.С.) деген сөйлемдерде мен
жалғаулығының сөйлемнің бірыңғай мүшелерін байланыстырып тұрған қызметі формалды
тұрғыдан ғана түсіндірілмейді, мұнда мен жалғаулығының сөз бен сөзді байланыстыру
негізіндегі грамматикалық қызметі сол сөздер арқылы таңбаланған нәрселер мен
құбылыстардың объектив дүниедегі бейнелерімен, семантикалық, тақырыптық топқа
лексикалық бірліктердің топтасып, мағыналық тұрғыда үйлесулерімен ұштасып жатыр: ата-
анам мен жолдастарыма емес – ата-анам мен бауырларыма және жолдастарым мен
сыныптас достарыма; жаңылтпаштар мен ойындар емес – жаңылтпаштар мен мақал-
мәтелдер; ойындар мен жұмбақтар емес – ойындар мен ойланып, шешімін табуға
бағытталған тапсырмалар.
Бұл талданылған мысалдардан мен/бен/пен жалғаулық шылауларының сөз бен сөзді,
сөйлемдегі
бірыңғай
мүшелерді
байланыстыру
қызметі
негізінде
анықталатын
грамматикалық мағынасы, яғни олардың сөйлемдегі кез келген сөздерді, бірыңғай мүшелерді
байланыстыра
бермейтіні
объективті
дүниенің
сипатымен,
бейнесімен
ұштасып
жататынында.
Сондай-ақ, аң мен құс; ұя мен ін; ата-ана мен бауыр; жолдас пен сыныптас дос;
ертегі мен әңгімелер сияқты мен жалғаулығы арқылы топтастырулардың объективті
дүниенің сипатына орай болуымен бірге осы ұғымдардың бір семантикалық ұяға ұйымдаса
алуы оларды мен жалғаулығының байланыстыруына әкеліп отыр, яғни мен жалғаулық
шылауының грамматикалық мағынасы сөздердің лексика-семантикалық немесе қызметі
ортақтықтары тұрғысындағы парадигмалық мағыналарымен байланысты анықталады.
94
Ал және жалғаулық шылауында өзара сабақтас, тамырлас ұғымдарды топтап олардың
объективті дүниедегі бейнесінің жақын байланыстарын ескеруден гөрі олардың
әрқайсысының жеке қырлары, өзіндік дербестігі бар нәрселер мен құбылыстар екеніне баса
назар аудару мәні қамтылады: Өлеңдерде және жұмбақтарда айтылған әр құралдың
қызметі қандай? (Р.Н., А.С.).
Мұнда және жалғаулығының орнына мен жалғаулық шылауы қолданып, өлеңдер мен
жұмбақтарда түрінде болу мүмкіндігі де бар. Бірақ авторлар – Р.Б. Нұртазина, А.Д.
Сейсенова грамматикалық мағынасы мен қызметі орайлас осы жалғаулық шылаулардың бір
парадигмаға қатысты болғанымен, экстралингвистикалық контексте кейбір объективті
дүниенің көрінісін және оның тілде берілуінде және жалғаулық шылауының орындылығын
есепке алуы аңғарылады. Кез келген сөйленістің мән-мағынаға өзінің құрылымы барысында
емес, осы тілдік құрылымның ситуациясы жиынында ие болатынын Лондон мектебінің
көрнекті өкілдері Малиновский мен оның ізбасары Ферс тұжырымдап кеткені туралы
ғылыми еңбектерде көрсетілген [3, 80].
Яғни, жоғарыдағы өлеңдер және жұмбақтар түрінде сөздердің және жалғаулық
шылауы арқылы байланысуы экстралинвистикалық контексте әр құрал атауының өлеңдерде
жеке, жұмбақтарда жеке айтылуымен бірге олардың әрқайсысында әр түрлі құралдар, әр
қырынан түрлі әдістермен аталуы мүмкін. Ал мен жалғаулық шылауы бұл сияқты
ерекшеліктер мен даралықтарды көрсетуден гөрі, ортақтастыру мәнісін қамтиды. Бұдан біз
сөйленісте орын алатын тілдік бірліктердің іріктелуінде экстралингвистикалық мәнмәтіннің,
ситуация жиынының белгілі бір орны бар екенін көреміз. Ал, Бұғы – көру қабілеті жоғары,
есту және сезу функциялары қатерлі қауіпті жылдам сездіретін жануар (Р.Н., А.С.).
Жерінің көлеміне және елінің әлемдік мәніне қарамастан осы Декларацияда
жарияланған барлық құқыққа және бостандыққа ие болуы тиіс (Д/Қ).
Мысалды шегіртке және құмырсқа, автор болып сахнаға шығып оқы (Р.Н., А.С.)
сөйлемдерінде бірыңғай мүшелердің байланысында қолданылған және жалғаулық шылауы
әр объектінің, әрекеттің дараланып көрінуіне қызмет етеді.
Тілдік
бірліктердің
функционалды-семантикалық
ерекшеліктерінде
контекстің,
ситуациялық жиынның айтарлықтай орын алатынын дәйектеуде М.М. Богуславскийдің пікірі
маңызды. Ол сөздердің мағыналарын үйлестірудің негізгі механизмі – валенттілікті толтыру
деп есептейді. Валенттілікті, ең алдымен, сөздердің бірін-бірі меңгеруін сипаттау үшін керек
деп есептеу қабылданған. Бұл міндеттің шешімінде валенттілікке байланысты көптеген
сөздіктер орын алған. М.М. Богуславскийдің аталған еңбегінде біршама басқаша акцент
жасалған: зерттеуші валенттілікті бірінші кезекте сөздердің мағынасын сөйлемде үйлестіруді
қамтамасыз ету үшін қажет деп санайды [4]. Осы сипатта, яғни сөздердің мағынасының
үйлесуін тікелей контекстегі сипатымен анықтауға бағытталатын валенттілікті мен/бен/пен
мен және жалғаулық шылауларының функционалды-семантикалық ерекшеліктеріне де
қатысты қарастыруға болады.
Семантикалық үйлесімділікті, функционалдық сипатты тануда екі тілдік сөздіктердегі
тілдік бірліктердің баламалық дәрежелерін контекст арқылы қарастыру маңызды. Мысалы,
лексикографиялық сөздіктерде орыс тіліндегі и жалғаулығының қазақ тіліндегі баламасы
ретінде және, мен, бен, пен, тағы жалғаулық шылаулары беріледі. Алайда бұл жалғаулық
шылауларды сөйлемдерде қолдануда олардың барлығының бірдей басқа сөздермен
мағыналық үйлесімділік таба алмайтыны байқалады. Сол себептен М.М. Богуславский
айтқандай, зерттеу нысаны болып отырған жалғаулық шылауларды валенттілік тұрғысынан
қарастыру қазақ тілін өзге тіл ретінде меңгеруші алдында семантикалық тіркесімділікке
байланысты туындайтын көптеген қиындықтардың алдын алар еді. Мәселен, Барлық адам
туған кезінде еркін және тең құқықты болып дүниеге келеді (Р.Н., А.С.) сөйлемінде еркін,
тең құқықты сөздерінің арасына лексикографиялық сөздіктерде өзара тең жалғаулық
шылаулар ретінде берілетін және жалғаулық шылауы қолданыла алғанымен, мен жалғаулық
шылауы қолданыла алмайды, семантикалық сәйкестік, үйлестік таппайды.
Достарыңызбен бөлісу: |