[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет48/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   164

95 
 
Шындығында, осы шылаулардың басқа сөздермен мағыналық үйлестігіне байланысты 
мәселелерді  оларды  валенттілік  тұрғысынан  зерделегенде  байқаймыз.  Еркін/тең  құқықты; 
жарық/жылы;  нәзік/таза  сияқты  сын  есімдердің  арасындағы  байланысты  мен/бен/пен 
жалғаулық шылауы жүзеге асыра алмауы  бұл  сөздердің сын есім парадигмасының әр түрлі 
лексикалық  топтарына  жатуына  және  егер  сөйлемде  бұл  сөздер  бірыңғай  баяндауыш 
қызметін  атқарып,  объекті  я  субъектіге  тән  түрлі  сипат  немесе  қасиетті  білдіруіне  де 
байланысты.  
Ал  суық/жылы;  ащы/тұщы;  ақылды/білімді;  сауатсыз/надан  сияқты  сөздердің 
байланысында  мен/бен/пен  жалғаулық  шылаулары  олардың  сын  есімдердің  бір  лексикалық 
топқа енуіне орай жалғаулық қызметін атқара алады. Мәселен, суық пен жылы нәрсенің бір 
біріне қарама-қайшы екі түрлі күйін білдірсе де, бір ғана күйге байланысты болғандықтан бір 
мағыналық  топқа  жатады.  Ащы/тұщы  тұрғысынан  да  осыны  айтуға  болады.  Сондай-ақ 
мен/бен/пен жалғаулық шылаулары өзара мәндес ұғымдардың байланысында да тіркесімділік 
қабілетке ие екенін ақылды мен білімдісауатсыз бен надан сияқты байланыстардан көреміз:  
Жиналғандардың бәрі – кілең ақылдылар мен білімділер немесе Сауатсыз бен наданның 
көзін  ашуға  көмектесейік  (Дала  мен  Қала)  сөйлемдерінде  сын  есімдер  заттанып  бірыңғай 
бастауыш және бірыңғай баяндауыш қызметтерін атқарып тұр. 
 Егер  осы  сауатсыз,  надан  сөздері  заттанбай,  сын  есім  түрінде  бір  ғана  субъектіге 
телінетін сипаттар болса, онда бірыңғай мүше ретінде көрінетін бұл сөздердің байланысында 
мен қолданыла алмайды, және немесе әрі қолданылады. Мысалы, ол – сауатсыз және надан 
адам, яғни мен/бен/пен  жалғаулық шылауы  бір лексикалық топқа енетін сын есімдерді тек 
олардың  заттанған  кезінде,  сондай-ақ  бір  объектіге  тән  сипаттар  ретінде  көрінбеген, 
әрқайсысы дербес ұғым түрінде көрінген жағдайында ғана байланысты жүзеге асыра алады.  
Сөйтіп, мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының синтагмалық тізбектерде көрініс 
табуы семантикалық кеңістікке, осы жалғаулық шылаулардың сөйлеуде жұмсалуының тілдік 
механизміне байланыстылығы түсінікті болып отыр. Бұл мәселе – қазақ тілін өзге тіл ретінде 
меңгеру барысында ескерілуі тиіс тілдік құбылыс. 
 «Қазақ  тілін  өзге  ұлттарға,  шетелдіктерге  оқыту  әуел  бастан-ақ  тілдің  семантикалық 
кеңістігін  қамтитын,  осы  семантикалық  кеңістікті  білдіру  құралдарының  жиынтығын, 
олардың  типологиясын,  сөйлеудегі  қызметін,  тілдік  құралдардың  сөйлеуде  жұмсалуының 
тілдік  механизмін  сипаттайтын  грамматиканың  қажеттілігін  көрсетті.  Яғни,  өзінің  сипаты 
жағынан  қолданбалы  болып  табылатын,  тілді  практикалық  меңгеруге  бағытталған  басқа 
грамматиканың керектігі көрінді. 
Мұндай  грамматиканы  функционалды-коммуникативтік  грамматика  деп  атайды. 
Мұндағы  «функционалдық»  және  «коммуникативтік»  деген  терминдер  синоним  емес:  бұл 
грамматика  –  функционалды,  себебі,  ол  тілдің  қалай  қызмет  ететініне,  сөз  сөйлеуде  тілдің 
барлық  деңгейі,  бірліктері  қалай  жұмсалатынына  жауап  береді,  бұл  грамматика 
коммуникативті, 
себебі, 
ол 
коммуникативтік 
талаптарды 
шешуе 
бағытталған. 
Функционалды-коммуникативтік  грамматиканың  бір  бөлімі  –  коммуникативтік  синтаксис 
басым  бағытта  қазақ  тілі  оқулығы  теориясының  лингвистикалық  негіздерінің  бірі  болып 
табылады».  
Мен/бен/пен,  және  жалғаулық  шылауларының  семантикалық  кеңістігін  анықтау 
міндетті  түрде    ғалым  З.С.  Күзекова  көрсеткендей,  функционалды-коммуникативтік 
грамматика  деңгейіндегі  сипаты  тұрғысынан  қарастыруға  алып  келетінін  жоғарыда 
келтірілген мысалдардан да көріп отырмыз [5].  
Яғни,  мен/бен/пен  жалғаулық  шылаулары,  біріншіден,  тілдің  жалғамалық  типінің 
белгісі  болып,  негізінен  зат  есім  категориясының  септік  жалғауына  тән  белгілерді  өз 
бойында  қамтуына  орай  заттанған  сын  есімдерден  болған  бірыңғай  мүшелерді 
байланыстыруы  арқылы  өзінің  семантикалық  кеңістігін  анықтайды.  Екіншіден,  сөйлеуде 
жұмсалуы,  синтагмалық  тізбекте  көрінуі  кезінде  бір  ғана  объекті  немесе  субъектіге  тән  екі 
түрлі сипат, белгіні білдіретін сын есімдердің бірыңғай баяндауыш қызметін атқаруы кезінде 


96 
 
оларды  байланыстыруға  қабілетсіздігі  оның  қазақ  тілі  грамматикасындағы  тілдік 
механизмінің, функционалдық сипатының анықтамасы болып табылады.                  
Мәтіндегі  лексика-грамматикалық  байланыстары  тұрғысынан  қарастырғанда,  тек 
бірыңғай мүшелердің өзара байланысын жүзеге асырып, бұл орайда  іс-әрекеттің субъектісі, 
объектісі  қызметіндегі  бірыңғай  мүшелердің  ыңғайластығын  білдіретін  мен/бен/пен 
жалғаулық  шылауларына  сөйлемнің  басқа  позициясынан  орын  алу  тән  болмаса,  бірыңғай 
мүшелердің  байланысынан  бөлек  салалас  сөйлемдердің  ыңғайластығы  үшін  қызмет  ететін 
және жалғаулық шылауына сөйлемнің басқы позициясында кездесу орынды. Сонымен бірге, 
мен, бен, пен, және жалғаулық шылауларының функционалды-семантикалық ерекшеліктерін 
жоғарыда  көрсетілгендей,  мәнмәтін  негізінде,  сондай-ақ  сол  мәнмәтінде  анықталуы  мүмкін 
параметр  ұғымымен  байланыста  да  қарастыру  орынды  сияқты.  Бұл  тұрғыдағы  параметр 
мәселесі  тікелей  тілдік  бірліктер  мағынасында  қамтылатын  сан,  мөлшер,  өлшем 
ұғымдарымен орайлас қолданылады. 
Яғни,  мұнда  параметризация  деп  тар  сандық  мағынасында  әр  түрлі  шындық 
нысандарынан  санымен  өлшенетін,  не  нысандардың  өзгеруі  жағдайында  (атап  айтқанда 
уақытпен),  не  нысандарды  бір  бірімен  салғастырған  жағдайда  түрленетін  қасиеттердің 
мүшеленуінің ментальды операциясы түсініледі. 
“Параметр”  және  “параметризация”  ұғымдары  таза  сандық  тұрғыда  тар  мағынасында 
да, берілген концептерде тек өзгергіштіктің ортақ идеясы сақталғанда кеңірек мағынасында 
да қарастырылуы мүмкін [6, 466] екендігі белгілі. 
Параметрдің  маңызды  қасиеті  оның  түрленуі  болып  табылады  (параметр  бұл  әр  түрлі 
нысандарды салыстыруда нысанның өзінде өзгеретін нәрсе). Түрлену функционалдылықпен 
байланысты (функцияның математикалық анықтамасына жақын мағынасында) – мағынаның 
өлшенетін нысанның немесе өлшеу шартының аргументіне тәуелділігі. 
Сондай-ақ,  тілде  көрініс  тапқан  шындық  нысандарының  квантификациясына  басқа  да 
көзқарастар бар. А.Д. Шмелев нысандар квантификациясын оның орыс тілінде қалай көрініс 
табатындығын  сипаттау  үшін,  кем  дегенде,  бір-біріне  тәуелсіз  төмендегідей  параметрлері 
бар:  1) квантификацияланатын  нысанның  дискреттілігі,  бейдискреттілігі  (жиынтығы);  2) 
көлемдендіретін  жиынтықтың  болуы  /  болмауы;  3)  сандық  бағаның  объективтенуі  [7,  512-
513 ]. 
Квантификацияланатын  нысанның  дискреттілік,  бейдискреттілік  өлшемдері  сандық 
бағаның дискретті көптікке де, бейдискретті нысанға да беріле алатындығымен байланысты. 
Бірінші  жағдайда  квантификацияланатын  көптік  элементтердің  санына  баға  беріледі  (бес 
алма, бірнеше адам, көптеген лингвистер, қырғын егеуқұйрық); екінші жағдайда — сандық 
бағаның  нысаны  “үлкендігі”  болып  шығады,  әдетте  кейбір  нәрселер  өлшемдер  тұрғысынан 
қарастырылады  (салмақ,  көлем,  аумақ,  бір  пұт  тұз,  бір  литр  сүт,  30  метр  тұрғын  үй 
аумағы,  көп  су).  Бейдискретті  нысанның  “саны”  туралы  түсінік  оның  өлшемдері  туралы 
ұғымға  сонша  жақын;  орыс  тілінде,  басқа  да  бірқатар  тілдердегідей  санды  көрсететін  көп 
және  аз  сөздерінің  салыстырмалы  шырайы  өлшемдерді  көрсететін  үлкен  және  кішкентай 
сын есімдерінің салыстырмалы шырайымен сәйкеседі. 
Көлемді 
жиынтықтың” 
болу/болмау 
өлшемдері 
“бөліну” 
және 
“өлшеуіш” 
квантификацияны ажырату үшін болады.  “Бөліну” квантификацияда  қандай да бір көлемді 
жиынтықтағы  квантификацияланатын  жиынтықтың  қатынасы  бағаланады,  ол  оның  бір 
бөлшегі  болып  табылады:  әрбір  адам,  барлық  нан  (көлемді  жиынтықпен  сәйкестік), 
лингвистердің  көпшілігі  (көлемді  жиынтықтың  үлкен  бөлігі)  кейбіреулер  ...  (көлемді 
жиынтықтың  бөлігі),  олардың  көпшілігі  (көлемді  жиынтықтың  айтарлықтай  бөлігі). 
“Өлшеуіш”  квантификацияда  ешқандай  көлемді  жиынтық  болжанбайды,  сондықтан  сандық 
баға  үшін  қандай  да  бір  салыстыру  эталоны  қажет.  Мұндай  эталон  рөлінде  өлшеу  бірлігі 
(дискретті көптік үшін жалғыз өлшеу бірлігі көптік элементі немесе “дана” болып табылады, 
—  басқа  сөзбен  айтқанда  квантификацияланатын  көптік  элементтерінің  саны  есептеледі) 
немесе  белгілі  болып  қойған  кейбір  сан  бола  алады  (салыстырыңыз:  қанша  болса,  сонша). 
Бірақ  бұдан  басқа  эталон  сыртқы  және  қиын  анықталатын  факторларға  байланысты  болуы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау