107
Қ.Жұбанов: «...бұлар тілдегі сөздерді негізіне төрт сөз табына ажыратты: есім (naman),
етістік (akhyata), сөз алдына қойылатын көмекші сөздер (unasarqa - предлог) және демеулік
(nipata - частица)» деп шылаулардың алғаш сөз табы болғандығын түсінік береді [1, 6]. Мұны
С.Исаев алтайлық тектілердің дәуірлік болжауымен: «...күрделі сөз дәуірінде абстракт сөздер
қалыптаса бастаған дегенімен тұспа-тұс келеді» деп топшылайды [4, 52].
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік-бағыттықты, мезгіл-мекендік тиянақтылықты,
әсерлілікті т.б. әртүрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және
байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық
қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі.
Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөз бен сөз, сөз
тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік
формаларындағы
атауыш
сөздермен
тіркесіп,
сөйлем
мүшелерінің
арасындағы
бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де, септік жалғаулы
сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі. Ал демеуліктер болса, орын тәртібі
арқылы атауыш сөздерге тіркесіп, сол сөздерге болжау, күшейту, қомсыну, салыстыру,
нақтылау сияқты мағыналарды үстеп, әр түрлі грамматикалық қосымша реңк береді. Жалпы
тіл білімінде шылаулардың бір қатары сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің арасындағы
грамматикалық байланыстарды айқындау үшін, толықтыру үшін қызмет етеді. Біразы сөз
тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланыстарды айқындау үшін дәнекер болады. Ал
кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді нақтылау үшін, толықтыру
үшін, я қосымша рең үстеу мақсаттарда қолданылады делінген [5, 556] Қазақ тіл біліміндегі
шылаулардың осындай қасиеттеріне байланысты төмендегідей түйінді қорытындылар
жасауға болады.
Қорыта айтқанда, қазақ тіл біліміндегі шылау сөз табына жататын сөздер тобының
дербес лексикалық мағыналары болмайды. Шылаулар қазақ тіл білімінде жеке сөйлем
мүшесі қызметін атқара алмайды. Шылаулардың лексикалық мағыналарының болмауынан
немесе өте әлсіз болуына байланысты жеке қолданылмайды. Шылаулар қазақ тіл білімінде
грамматикалық тұрғыдан түрленбейді. Шылаулар жеке болсын немесе сөйлем құрамында
келсін белгілі бір нақты сұрақтарға жауап бермегендіктен, олар тек қана дәнекер
грамматикалық көмекші қызмет атқара алады.
Сонымен қазақ тіл білімінде белгілі бір сөздер тобын сөз таптарының бір түріне
жатады деу үшін кемінде бірнеше қасиеттері болуы ғылыми айналыста әбден тұрақталған:
олар – сөздердің дербес лексикалық мағыналарға ие болуы, жеке немесе контексте болсын
белгілі бір сұраққа жауап беріп сөйлем мүшесі қызметін атқаруы және грамматикалық
түрлене алу қасиеттерінің болуы т.б.
Қазақ тіл біліміндегі шылау сөз табына жататын сөздер тобының дербес лексикалық
мағыналары болмайтындықтан да, жеке сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды және
шылаулардың лексикалық мағыналарының болмауынан немесе өте әлсіз болуына
байланысты жеке қолданылмайды. Сонымен қатар шылаулар қазақ тілінде грамматикалық
түрленбейтіндіктен, олар тек қана грамматикалық мағыналар үстейтін көмекші қызмет
атқара алады.
Сондықтан осы тілдік заңдылықтарды ескеріп, қазақ тіл біліміндегі қазіргі таңдағы
грамматиканың соңғы жаңа бағыттағы зерттеу заңдылықтарына сәйкес шылауларды дербес
сөз табы қатарынан шығарып, оларды грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер деп
тану дұрыс болады деген пікірдеміз. Әрине, қазақ тіл біліміндегі шылаулар туралы бұл
алғашқы қорытынды тұжырымның ғалымдар тарапынан қызу пікір таласты туғызатынына
және қаншалықты шындыққа жанасымды екенін уақыт еншісіне қалдырамыз.
Әдебиеттер тізімі
1 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, Ғылым, 1999. – 581 б.
2 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, Ана тілі, 1991. – 384 б.
108
3 Мұхтаров С. Қазақ тілі біліміндегі сөз топтастыру теориясының қалыптасуы. Филол.
ғылым.канд.дисс.автореф. – Алматы, 1999. – 30 б.
4 Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. – Алматы, Рауан,
1998. – 303 б.
5 Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синт аксис. – Астана, 2002. –
784 б.
Термин «служебные слова» («служебные части речи») характерен прежде всего для
русской грамматической традиции, в истории которой объём данного понятия колебался. В
зарубежной лингвистике обычно не противопоставляются служебные и знаменательные
части речи, хотя иногда выделяется категория относительных слов, включающая артикли,
предлоги (послелоги) и союзы. В 60-70-е годы ХХ века служебные слова в казахском языке
были достаточно исследованы, но с развитием языкознания в казахской грамматике
появились новые взгляды и результаты исследований о данной группе слов казахского языка,
по которым некоторые ученые признали сложную природу служебных слов как отдельной
части речи. Теоретической значимостью данной статьи является попытка авторов
раскрыть языковые особенности служебных слов казахского языка, показать их место в
языке, а также определить их природу как части речи.
The term "function words" ("functional parts of the speech") is typical for Russian
grammatical tradition, in the history of which the scope
of this notion is varied.
In foreign linguistics
commonly they try not to oppose functional and notional parts of speech, although sometimes
relative category of words, including articles, prepositions (postpositions) and unions stand out. In
60-70 years of the twentieth century the function words in the Kazakh language were sufficiently
investigated, but with the development of linguistics in the Kazakh grammar were appeared new
views and the results of research on this group of words of the Kazakh language, in which some
scholars have recognized the complex nature of the service as a separate part of the speech. The
theoretical significance of this article is the author's attempt to reveal the linguistic characteristics
of functional words of the Kazakh language and to show their place in language, as well as to
determine their nature as a part of speech.
ӘОЖ- 81-11
А.Ғ. Сембаева
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Алматы, Қазақстан
assotion@mail.ru
СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК-ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Мақалада сөздердің қызметі, қолданылу ерекшеліктері айқындалды. Сондай-ақ сөз
мағыналарының коммуникативтік және танымдық сипаты сараланды. Сөз семантикалық,
фразеологиялық терминологиялық парадигма тұрғысынан зерттеліп, сөздің семиотикалық
бірлік ретінде адамның дүниетанымын, білімін қалыптастырудағы рөлі анықталды. Тіл
арқылы қарым-қатынас жасаудағы сөз мағыналарының өзіне тән қызметі айқындалды.
Тірек сөздер: когнитивтік, сөз мағынасы, фразеологизм, семантика, фрейм, концепт.
Достарыңызбен бөлісу: |