2.4 ГАЖ-дағы деректерді растрлік көрсету пішіні
Растрлік көрсету (raster data sructure, tessellation structure, grid data stucture), деректердің растрлік моделі (raster data model) — нысандардың ұяшықтар жиынтығы ретінде, сипаттамасына қарағанда оны нысан кластарын меншіктендірілген растр ұяшықтары түріндегі кеңістікті нысандар цифрлық көрсеткіші (пиксель). Растрлік көрсету барлық кеңістіктегі нысандар типтері үшін бірдей, растрге сәйкес болатын тікбұрышты матрицада нысандардың орналасу орнын сілтеумен оны позициялауды мүмкін етеді (нүктелерді, түзулерді, полигондарды және жазықтықтарды); машиналық іске асыруда растрлік көрсету кеңістікті мәліметтердің растрлік форматына сәйкес келеді (raster data format). Цифрлық картографияда растрлік көрсету сандық картографиялық ақпаратта матрицалық түрде сипаттауына сәйкес (7-сурет).
Растрлік графика – компьютерлік графиканың ең жаңа түрі. Қазіргі уақытта монитордың жоғары дәрежелі мүмкіндігіне байланысты, растрлік суреттеудің пассивті және интерактивті бейнеленуін ажыратады. Растрлік нүктелердің таралуы — мәліметтерді сақтау кеңістігінде иерархиялық әдіспен іс-әрекетті білдіреді, бұл жағдайда өңдеуге түсетін аудан бірдей өлшемді растрлік ұяшықтарға бөледі. Іс-әрекеттер жол және бағана индекстері арқылы берілген, оларды матрица түрінде ұйымдастыруға болады. Растрлік мәліметтер кеңістік нысандарының геометриялық суреттелу түрін белгілейді, ол жағдайда нысан бірдей қашықтықтан дискретизацияланады, кейін квантталады. Растрлік мәліметтерді негізгі пайдаланатын аймақтары — сандық фотограмметрия, ара кашықтықта барлау және тематикалық картография. Растрлік көріністің негізгі буыны пиксел болып есептеледі.
Пиксел (ріхеl, реl) —пэл син., пиксель — ағыл. Қысқартылған “picture element” (“бейнелеу элементі”) — бейнелеудің дискретизациясы нәтижесінде алынатын ең кіші құраушысы (кейін бөлінбейтін элементтерге айыру – дискреттер, растрдің ұяшықтары немесе нүктелері); бейнеленудің кеңістікті мүмкіндігін анықтайтын тік бұрышты пішінмен және өлшемдермен сипатталады. Бейнелеудің денесін немесе көп қабатты қиюласуын (комбинациясын) көрсету үшін (сандық үшөлшемді бейнелеу) оның үшөлшемді аналогы — “кубтік ұяшық воксел (voxel ағылшынның “volume ріхеl” немесе volume element”, ОВЕL) пайдаланылады. Маргиналды пиксел бірнеше көршілес пиксельдердің араласуы нәтижесінде пайда болған, сонымен қатар пиксел берілген жиынның бірде бір класына қатыстырылмайды және бейнелеуді сандық өңдеу технологиясында миксель деп атайды (mixel ағылшынның “mixel element”).
Растрлік әдіс онда зерттелетін кеңістікті толық көрсете алатын, тұтас бетті құрау үшін біріктілетін болса, кез-келген сәйкес келетін геометриялық пішінді элементтерді пайдалануы мүмкін.
Бірақ, растр элементтерінің көптеген пішіндері болуы мүмкін, мысалы, үшбұрышты немесе алтыбұрыпггы, көбіне тікбұрыштарды немесе ұяшықтар деп аталатын квадраттарды пайдалану жеңіл. Растрлік моделде ұяшықтар бірдей өлшемді, бірақ бұл кеңістікті элементтерге ажырату (бөлу) үшін міндетті талап емес.
Мәліметтердің растрлік құрылымы орналасу жөнінде нақты ақпарат бере алмайды, себебі географиялық кеңістік соңғы өлшемді дискретті ұяшықтарға бөлінген. Нақты координаттардың орнына осы нүктелер орналасқан растрдің жеке ұяшықтары бар.
Компьютерлі ортада растрлы графиктің таралған моделі грид-тақырып болып табылады (8-сурет).
Грид (grid) – растрдың синонимі саналады, әдетте ол карта нысандарын көрсету үшін пайдаланылатын деректердің көптеген құрылымдарының бірі. Қатарлар мен бағаналар түрінде ұйымдастырылған, бір өлшемді торлар мен пикселдерден тұратын деректердің торлы құрылымы. Әрбір тордың мәні немесе торлардың тобы атрибуттың мәнін көрсетеді. Бұл құрылым әдетте үлгі деректерді сақтау үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |