2.5 ГАЖ-да деректерді векторлық құрылымда көрсету
Графикалық кеңістікті көрсетудің векторлық әдісі нақты кеңістік кординаттарды беруге мүміндік береді. Бұл жерде квантты емес, кеңістік дискретті ұяшық түрінде, үзіліссіз болып бейнеледі. Бұл координатты кеңістіктің қос координаттарының нүктелерін (X және У), олардың биіктік координаттарының жүйелілігімен байланысты — сызықтарға, бастапқы және соңғы нүктелері сәйкес келетін біріккен сызықтардың тұйық жүйелілігіне жетеді. Суреттер нүтелерді жеке қос координата ретінде (х,у), сызықтарды қос координаттық тобы ретінде (хl,у1; ...хn,уn), облыстарды – бір нүктедегі басы мен аяғы біріккен сызықтар ретіңде көрсетеді (хlу1;...хn,уn;х1у1;) (9-сурет).
Векторлық көрсетудің (vector data structure, vector data model) синонимі деректердің векторлық моделі – қос координаттардың жиынтығы түріндегі нүктелік, сызықтық және полигоналды кеңістік нысандарының цифрлық көрінісі. Олар тек нысандардың геометриясын ғана сипаттайды, бұл сызықты және полигоналды кеңістік нысандардың цифрлық көрінуі. Олар тек нысандардың геометриясын ғана сипаттайды, ал нүктелік, сызықтық және полигоналды нысандардың бірімен бірінің қатынасын білгіміз келсе топологиялық, немесе векторлы- топологиялық форма түріне көшуіміз керек.
Оны жүзеге асыру үшін, геометриялык деректерді жеке файлда немесе деректер базасында сақталатын және оған сәйкес келетін антрибутті деректермен байланыстыру қажет. Осының арқасында нысандар көрінісі картаға көп ұқсас болады. Растрлы құрылымда әрбір ұяшыққа атрибуттың мәні жазылады. Векторлықта мүлде басқа әдіс пайдаланылады, яғни нақты түрдегі атрибутсыз өзіндік графиктік қарапайымдылықты сақтайды және жеке атрибутті деректер базаларына сүйенеді.
Деректер векторлық құрлымдарда сызық және одан көп координаттардан тұрады (10-сурет). Бір қима үшін кеңістікте жағдай мен бағыт беретін координаттардың екеуі жеткілікті. Одан, күрделі сызықтар қималардан тұрады, олардың әрқайсысы қос координатпен басталып, аяқталады.
Қисық сызықтар үшін қысқа түзу қималардың үлкен санының көмегімен болжамды көріністер пайдаланылуы мүмкін, қималардағы кескінділер қысқа болған сайын олар барынша нақты күрделі сызықты көрсетеді. Сөйтіп, деректердің векторлық құрылымды кеңістікке нысандардың жағдайын жақсы көрсетсе де, олар абсолютті нақты емес. Олар дегенмен, географиялық кеңістіктің шамалап алынған көрінісі болып саналады.
Кейбір сызықтар өздігінен болып және белгілі бір антрибутивті ақпараттарды иеленсе, басқалары торап деп аталатын сызықтың күрделі түрі, ол осы сызықтардың кеңістіктік қатынастары туралы косымша ақпаратты да құрайды. Мысалы, жолдық торап жолдың типі туралы акпаратты ғана емес, сол сияқты ол қозғалыстың мүмкін болатын бағытын көрсетеді.
Аландық нысандар сызықтық деректерге ұқсас векторлы құрылымында көрсетілуі мүмкін. Кесіндінің координатының бірінші, екінші деп тізбектей жалғастыра отырып, ең соңғы сызық кесінділерін координатасы бірінші координатамен сәйкестендірсек тұйық сызықты (петля) полигон құрылады.
Полигонның (рolygon, агеа, агеа feature, геgion, fасе) синониміне көпбұрыш, полигонды нысан, контур, контурлы нысан, облыс жатады. Полигон кеңістіктегі нысандардың негізгі 4 типінің бірі саналатын екі өлшемдік нысан.
Полигон төмендегідей болып жіктеледі: ішкі полигондарды (innex polygon), құрамайтын қарапайым полигон (simple polygon); “аралдар” (іsland) және анклавтар (һоlе) деп те аталатын ішкі полигондарды құрайтын құрылымдық полигон (соmplex polygon) деп бөлінеді.
Деректердің векторлық моделін біріктірудің бірнеше тәсілдері бар. Төменде 2 негізгі типтің спагетти-модельдер және топологиялық модельдер сипаттамалары келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |