Географиялық ақпараттық жүйелер туралы түсінік және оның картография саласындағы мүмкіндіктері
1.1. ГАЖ құрылымы мен классификациясы
Ақпаратты жүйе. Жүйе (грек тілінен systema — бүтін, бөлшектерден құралу, бірлесу), көптеген элементтердің бір-бірімен байланысы мен қатынасы, белгілі бір бүтіндік бірлік құрайды. Қысқаша, жүйе — элементтер мен процестердің өзара байланысқан тобы. Ақпаратты технология — бұл ақпаратты сақтау, енгізу, іздеу, сыйыстыру және ақпаратты шығару процедурасымен жабдықталған технология. Осындай процедуралар ақпаратты жүйенің басты ерекшелігі және осы ерекшелік оларды карапайым ақпараттық жүйелерден бөліп көрсетеді.
Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) — жер беті бөліктеріне бекітілген кеңістіктіктегі ақпаратты өңдеуге және басқаруға арналған құрал. ГАЖ-дың қолмен және компьютермен карталарды сараптау байланысьн көрсететін көптеген анықтамалары бар. Оларда, ГАЖ жер туралы ақпарат алатындығы көрсетілген. Геоақараттық жүйе - географиялық координатындағы деректерін қолданатын ақпаратты жүйе екендігі шығады. Географиялық координатталған немесе геокеңістіктік деректер ең қолайлы дерек саналады. Оған географиялық орналасу және табиғи, немесе жасанды жасалған нысандардың көлемін, сондай-ақ олардың жер бетіндегі шекарасы т.б. мәліметтер жатады. Бұл ақпарат арақашықтықты зерттеу, картографиялау және түсірілімдер, зерттеу жұмыстары арқылы алынады. Географиялық мәліметтер төрт интегралданған кұраушылардан тұрады. Олар:
• орналасуы
• қасиеті және сипаттамасы
• кеңістіктік ара-қатынас
• уақыт
Қорытындылай келіп, геоақпараттық жүйеге дәл аныктама берсек: геоақпараттық жүйе — географиялық координаттанған деректерді жинау, енгізу, сақтау, басқару, сараптау, математика-картографиялық модельдеу және геокеңістік ақпараттың кейпін көрсететін алгоритмдік процедуралар мен аппараттық программалар құралдарының жиынтығы.
ГАЖ келесі ішкі жүйелерден тұрады:
1. Деректерді жинау, ол әртүрлі көздерден деректер жинап, алдын ала оларды сараптайды. Ол сондай-ақ кеңістіктегі әртүрлі деректерді өндеуді іске асырады. (Мысалға, топографиялық изосызықтарды жер бедерінің үлгісіне айналдырды).
2. Деректерді сақтау және таңдау — деректерді кеңістіктікте таңдау, жаңарту және өңдеу мақсатын ұйымдастырады.
3.Деректерді баскару және сараптау — деректер негізінде оларды топтастырады жөне бөледі, параметрлер және шектеулер орнатады, үлгілеу функцияларын атқарады.
4. Шығару — деректер қорын немесе оның бір бөлігін кесте, диаграмма немесе картографиялық қалпында көрсетеді. Бұл анықтама қазіргі кездегі компьютерлік ГАЖ-ды дәстүрлі қағаз карталармен оңай салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл картографиялау процесі кезеңдерін қарастырғанда ерекше көрінеді. Дәстүрлі картографиялау кезінде картограф картаны нүктелер, сызықтар, аудандар арқылы физикалық тасымалдағышта, яғни кағаз және пластикте орындайды. Ал компьютерлік аналог нүктелерді, сызықтарды, аудандарды компьютерлік жүйеге жазуда (кодтауды) электрондық қоңдырғылар қолданылады. Бұған қоса, ол цифрлық ақпарат көздерінің кең спектрін қамтиды. Оларға дайын цифрлық карталар, жер бедерін цифрлық түрде үлгілеу (ЦМР), цифрлық ортофототүсірілімдер т.б. жатады. Бұл технологияның механизмдері бір-бірінен өзгеше болғанымен, олардың қолданатын әдістері өте ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: |