Картаның кеңістіктік шешімі (map reculution) картаның тапсырылған масштабында географиялық нысандардың пішіні мен жағдайы көрсетілген дәлдік. Егер бейнені экранда шығаруға дайындаса, онда оның мөлшерін қағаздың қандай бөлігін алатынын білу үшін ұзындық бірліктерінде тапсырыс береді.
III. ГАЖ –ға деректерді енгізу және ГАЖ техникалық қамсыздандыру
3.1 Картаны дайындау және цифрлік түрге көшіру үрдісі
Цифрлеу — бұл деректердің аналогтық, цифрлы өзгертулер үрдісі, яғни оларды цифрлық формаға ауыстыру. Бұл машиналық цифрлық ортада сақтау әртүрлі типтегі цифрлаушылардың (дигитайзер) көмегімен жасалып, машинамен оқылатын құралдарында сақтау үшін өте қолайлы. Геоақпаратта, компьютерлік графикте, картографияда: аналогты графиктік және картографиялық құжаттарды цифрлық жазба формасына өзгерту, олар кеңістіктік нысанының векторлық көріністеріне сәйкес келеді. Цифрлау әдістері:
1. дигитайзер көмегімен қолмен енгізу;
2. түпнұсқаларының растрлік көшірмелерін кейіннен векторлау арқылы сканерлеу құрылғыларын пайдалану;
3. “мышьты” пайдаланып, растрлы картографиялық негізді қолмен немесе жартылай видеоэкранда цифрлау бойынша ажыратылады.
Автоматизациялау дәрежесі автоматты, жартылай автоматты және қолмен цифрлеу болып ажыратылады. Сызықты цифрлеу әртүрлі режимдерде жүзеге асуы мүмкін. Нүктелей немесе ағымдық енгізуде, тең уақыт аралығы немесе кеңістіктік интервалдар арқылы координациялық жұптар ағымы генерализацияланады. “Цифрлеу” ұғымы, әдетте, қолмен қоршалады да дигитайзер арқылы цифрлеу түсіндіріледі, олар түпнұсқаларды сканерлеп енгізу “сканермен цифрлеуден” өзгеше болады. Цифрлау үрдісі, графиктік векторлық редактор деп аталатын ақпараттық программалық құралдар арқылы қызмет жасайды. Олардың атқаратын қызметтеріне цифрлау режимін тағайындау, цифрленген нысандардың орнын ауыстыруын және алып тастауын, оларды аннотациялау және белгілеу, цифрлер сапасын бақылау (тонологиялық-геометриялық қателіктерді және цифрлеулердегі ақауларды іздеу және индикациялау) соның ішінде полигондар, псевдо түйіндер, аспалы сызықтар немесе сегменттерді және олардың қиылысуын, қатпарласқан қосалқыларын жою, т.б. жатады.
Цифрлауды бағдарламаға проекция, координаттар жүйесі жөнінде сәйкес ақпараттарды хабарлаудан бастау керек. Бұл картаны дайындау үрдісінің бір бөлігі, оны әдетте елемей кетеді, бірақ бұл деректер базасын құру үшін өте маңызды. Көп бағдарламалар жұмыс бастау алдында осы ақпараттарды талап етеді, бірақ кейбіреулері бұл ақпарат кейінірек енгізуге мүмкіндік береді. Кез келген жағдайда оны алдын ала дайындаған жөн. Бағдарламаға картаның қай бөлігі цифрленгені жөнінде хабарлау қажет. Ол үшін кеңістікке енгізетін түйісу нүктелерін не тіркеу координаталарын пайдаланады. Түйісу нүктелері картаның сыртқы шекарасын белгілейді және олар кез келген нысанның сыртында болуы тиіс, егер ГАЖ-дың ДҚ енгізу үшін картаның жақтауын қоса цифрлейді. Картаның ауданын анықтау үшін тікбұрыш бұрыштарының 3 нүктесін қажет етеді. Егер нүктелер диагональ бойымен орналасса, онда кейбір программалар екі нүктемен шектеледі. Мұндай жағдайда программадағы сыртқы шекараны тікбұрыш деп санайды да, қалған екі бұрышты өзі есептеп шығарады. Жұмысты дұрыс істеуді камтамасыз ету үшін кандай да әдісті пайдаланса да түйісу нүктелерінің нақты орналасуын көрсету қажет. Оларды қайтадан тексерген жөн, себебі олардың орналасуы дұрыс көрсетілмесе, онда кейінгі цифрлау қате болады.
Картаны дайындауда түйісуді жүргізу тәртібін нақты анықтау қажет. Картаның соңғы дайындық кезеңінде, әсіресе температура және ылғалдылық өзгерген жағдайда картаның материалына байланысты өз өлшемдерін өзгертулері мүмкін. Пластик типтегі материал қағазға қарағанда төзімді. Алайда, температура өзгерген кезде пластик өз өлшемін өзгертеді, бірақ қағазға қарағанда неғұрлым аз және ылғалдылықтың өзгеруіне сезімталдығы төмен.
Достарыңызбен бөлісу: |