Дәріс № Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары



жүктеу 85,6 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі85,6 Kb.
#12397

Дәріс № 1. Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары.



  1. Маркетингтің мәні

  2. Маркетингтің негізгі қағидалары.

  3. Маркетинг мақсаттары, үрдістері, қызметтері

  4. Маркетинг түрлері және салалары.

1 сұрақ. Маркетингтің мәні

«Маркетинг»термині хх-ғ-дың басында ағылшындық «MARKET» (нарық) сөзінен шыққан және дәлме-дәл мағынасы нарықпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді.

Өзінің дамуының 1-ші кезеңінде, яғни хх –шы ғасырдың басы мен 40-шы жылдары арасында,маркетинг өткізушілік сипатқа ие болды.Оқу пәні ретінде оны бірінші рет АҚШ-тың Мичиганды және Калифорниялық университеттерінде оқытыла бастады.Соғыстан кейінгі жылдары маркетинг өткізушілік сипатын жойып,фирмалар мен компаниялардың тұтынушыға өнімдерін жеткізуші қызметінің элементі ретінде әрекет ете бастады.

Маркетингтің дамуының 2-ші кезеңіне (60-70жылдары)ҒТ өрлеу,жаңа өңдірістің пайда болуы тән.Бұл кезде маркетинг басқару концепциясы рөлін атқара бастады.

70-шы жылдың 2-ші жартысында ,маркетингтің 3-ші кезеңі басталды,ол бизнестің философиясына айналды.

Осыдан келіп маркетингтің төмендегідей сызбасын көрсетуге болады:



Зерттеу
зерттеу зерттеу

Өндіруші Нарық Тұтынушы

әрекет ету әрекет ету

Бәсекелестер Әрекет

1 сурет. Маркетинг сызбасы

«Нарықта- сатушы-король!»-ал «Маркетингте сатып алушы –король!».Осыдан келіп;»өндірілгеннің барлығын сатпаймыз тұтынушыға не қажет соны өндіреміз»;(зерттеу) -белгілі тауарды сатып алудың қажеттілігіне тұтынушының көзін жеткізе білу (әрекет).

Маркетинг-бұл тауарға ,нарыққа,тұтынушыға және бәсекелестерге қатысты жиынтық стратегия.

Маркетиенгтің мақсаты-тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыру арқылы пайда табу.

Маркетингке Ф.Котлер мынадай анықтама берген «Маркетинг-айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің бір түрі.

Маркетинг қызметіне төмендегілер жатады:

-әр түрлі тұтынушылар топтарының мұқтаждығын,қажеттілігін, сұанысын анықтау.

-тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару

-тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою.

-өндірілген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау

-нарықта сұранысты қалыптастыруға және өтімділікті ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.

Осыдан келіп маркетинг тұжырымдамасының негізгі мақсаты-тұтынушыны мен өндірушіні бір-бірімен тығыз байланыстыру,бір-бірін табуға көмектесу болып табылады.



2 сұрақМаркетингтің негізгі қағидалары.

Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары,олардың құндылығы және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырып қолданса өседі.Бұл жағдайда маркетинг тұжырымдамасы қалыптасады.

Маркетинг тұжырымдамасы-тауардың түр түрімен сапасының қажет етілуін және оларға сатып алушы беретін бағаны анықтауға және тауар өндіру мен өткізуді сол қажеттілік пен бағаға,бәсекелестерге қарағанда жақсырақ және тиімдірек бейімдеу қажеттігін мойындауға негізделген тұжырымдама.

Маркетинг концепциясының мына сатылары белгілі:

-өндірістік

-тауарлық

-өткізу(коммерциялық әрекеттерді интенсивтендіру)

-маркетинг(тұтыну)

-әлеуметтік-этикалық

3сұрақ.Маркетинг принциптері.

Маркетингтің негізгі принціптері оның тұжырымдамаларынан қалыптасып, мыналардан тұрады:

1-ші,фирманың нақты белгіленген коммерциялық түпкі әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес рынок үлесіне жету.Мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш басты компонентін анықтайды:мерзімін,ресурстарды,жауапкершілікті.Осыдан тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған болжамын белгілейді.

2-ші,фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын коплексті түрде анықтау.

Жиынтық түрінде емес ,тек жеке алынған маркетинг әрекеттері(тұтынушыларды зерттеу,рынокты болжау,тауарды зерттеу,жарнама,өтімді ынталандыру және т.б.)ойдағыдай нәтиже бере алиайды,керісінше түбінде сәтсіздікке ұшырады.

3-ші,әрекеттеуге таңдап алынған рыноктың жағдайын өз талабын барынша ұштастырып есепке алу,сонымен бірге ол рыноққа нысаналы әсер ету.

4-ші,»келешекті сезу»және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттері мен тауарын өңдеу.

5-ші.фирманың сыртқы ортасының өзгерісіне өзіне ыңғайлы тез және тиімді әсер қамтамасыз ететін белсенділік,бастаушылық,іскерлік көрсету.Қазіргі кезде ғылым,техника,технология салалары тез дамуда.Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп,маркетинг тұжырымдамасын шығармашылықпен қолданғанды,тез арада өзгеріп жатқан нарық жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді.

Фирманың маркетинг мүмкіндіктерін анықтау жұмысы болашағы кең нысаналы рынокты таңдап алуға мүмкіндік береді.Нысаналы рынокты белгілеудің арқасында маркетинг кешені жасалады.

Маркетинг кешені(маркетинг-микс) дегеніміз-нысаналы рыноктағы тұтынушылардан фирмаға қажет қайра реакция алу мақсатымен қолданатын,оларға әсер ететін маркетинг құралдары жиынтығы.

Маркетинг құралдарының төрт факторлар тобы белгілі.Оларды тұңғыш рет (1960ж.)маркетинг саласындағы белгілі маман Е.Маккарти «4р»деп белгілеген.Ағылшынша «р»әрпінен басталатын төрт сөзден тұрады.

-тауар (prosduct)

-баға(price)

-сату орны(place)

-жылжыту,коммуникация(promotion) (3-сурет).

Тауар Коммуникация

Сату орны

Баға Сату

3-сурет Маркетинг кешенінң құралдары.
Негізгі бұл төрт элемент маркетингтің мазмұнын көрсетеді.Әр элементтің өзіне тән кешенді сипаттамасы бар.Мысалы;»тауар»ұғымына тауар саясаты жатады,яғни нарыққа ұсынған,тауар ассортименті,олардың сапасы,дизайны, бәсекелес тауарларға қарағанда артықшылық қасиеттері.нарықта өмір сүру уақыты.орауы, таңбасы.

Тауар бағасын белгілеу ісі маркетингтің құрама бөлігінің бөлшегі болады.Бағаның деңгейі нарықтағы фирманың мақсатына ,тұтынушылар талғамына, сұранысқа,тауардың өңдеу ерекшелігіне,өндіру шығындарына,бәсекелес фирмалардың баға саясатына,жыл мезгіліне және т.б. факторларға байланысты.

Сату орны тауарды нысаналы тұтынушыларға қолайлы өткізу жүйесімен беруі тиіс.Оған өткізу арналары және тауарды қозғалту (тауарды қоймалау,тасымалдау) жүйесі кіреді.

Коммуникация дегеніміз-тұтынушыларды тауарды алуға үгіттеу мақсатымен тауарлар және фирманың өзі туралы тартымды ақпарат таратумен байланысты фирманың іс-әрекеттері.Ол жарнама,арнайы сату әдістері,өтімді ынталандыру әдістері,қоғаммен байланыстар.(паблик рилейшнз)т.б.

Жалпы маркетинг стратегиясындағы «4р»моделінің маңыздылығын еске ала отырып,әр қайсысына жеке стратегиялар белгілеу үшін зерттеулер жүргізіледі.Маркетингті тиімді басқару үшін қосымша маркетинг жүйесі қолданылады.Ол жүйенің құрамындағылар;маркетингтік ақпарат жүйесі,маркетингті жоспарлау жүйесі,маркетингті ұйымдастыру жүйесі,маркетингті бақылау жүйесі.

4 сұрақ.Маркетинг түрлері және салалары.

Маркетинг жай, тіпті қарапайым немесе өте күрделі болуы мүмкін.Неғұрлым фирманың жұмысы күрделі болса,соғұрлым ондағы маркетингте көп құрамды болып келеді.Маркетингтің көп түрлілігі тұтынушылардың сұранысына байланысты.(2-кесте)



Сұранысқа байланысты маркетинг түрлері.


Маркетинг түрлері

Сұраныс түрлері

Маркетинг міндеттері мен мақсаттары

1

2

3

Конверсиялық маркетинг:барлық немесе бірнеше рыноктың сегменттері тауарды(қызметті)қабылдамайды.

Жағымсыз сұраныс

Тауарды жақсарту,бағаны төмендету,өткізу арналарын жақсарту,қоғамның пікірін өз мүддесіне сай өзгерту.

Креативтік маркетинг(дамушы маркетинг):жасырын сұранысты әйгілеуге бағытталған маркетинг.

Жасырын сұраныс

Рыноктың әлуетті сыйымдылығын бағалау,жасырын сұранысты қанағаттандыратын тауарларды іздеп табу.

Ремаркетинг:сұраныс төмендеген жағдайда қолданатын маркетинг.

Төмендейтін сұраныс

Жаңа ныманалы нарықты табу,оған сәйкес тауардың қасиеттерін өзгерту,коммуникацияны тиімді жүргізу.

Синхро маркетинг:сұраныс өндіріс күшінен біршама асатын болса,немесе бұл тауардың өндіріс көлемі нарық қажетінен көп болса қолданатын маркетинг.

Тұрақсыз сұраныс

Сұранысты уақыт мерзімі бойынша реттеу,икемді баға қолдану.

Демаркетинг:қанағаттандыра алмайтын сұранысты төмендетуге бағытталған маркетинг.

Артық сұраныс

Бағаны көтеру,өтімді ынталандыру шаралары мен сервисті азайту,сұраныс көлемін төмендету.

Қарсы әрекет жасайтын маркетинг:тұтынушының және қоғамның жағдайын жақсарту мақсатымен зиянды тауарларға қарсы қолданатын маркетинг.

Иррационалды сұраныс(өлшемге келмейтін сұраныс)

Бағаны кенет көтеру,тауардың қол жетерлігіне шек қою,тауардың денсаулыққа зияндығы туралы тұтынушыларға ақпарат тарату.

Ынталандырушы маркетинг:ынталы әдістер табу жолында әрекет жасайтын маркетинг.

Сұраныс жоқ

Бағаны төмендету.жарнаманы күшейту,тауардың ұтымды жақтарын көрсету,өтімді ынталандыру шараларын қолдану.

Демеуші маркетинг:сұранысты бір деңгейде сақтауға арналған маркетинг.

Сұраныс толық қанағаттанған

Тауардың сапасын және қызмет көрсету қасиеттеріне көбірек назар аудару.


4.1 Маркетинг салалары.(ОСӨЖ)
жүктеу 85,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау