69
түрлері қанықпаған қышқылдардың әртүрлі ара қатынастағы бірдей емес
санынан тұрады. Мысалы, зәйтүн майының иодтық саны 74-92 шамасында
болады, себебі онда екі қос байланысты олеин қышқылы басым, ал зығыр
майының иодтық саны – 170-175, себебі онда қышқыл үш қос байланысты
линолен қышқылы болып табылады. Майда қанықпаған қышқылдар кӛп болған
сайын, иодтық сан жоғары болады. Иодтық санның шамасы жоғары болған
сайын, майдың тотығу жылдамдығы үлкен және сақтау кезінде оның
тұрақтылығы тӛмен болады.
Үлгі алу.
Үлгі алу ыдысқа және орамға (упаковка) байланысты келесі тәртіппен
жүргізіледі:
1) Егер де май бӛшкелерге, флягтарға, барабандарға құйылған болса, онда
орташа үлгіні орам бірлігінің (контейнерлер, бӛшкелер, флягтар, бӛтелке
салынған жәшіктер) 10% алады, бірақ кем дегенде тӛрт орам бірлігінен. Орам
бірлігі тӛртеуден кем болған жағдайда әрбір бірліктен алады. Әрбір таңдалған
бірліктен бір нүктелік үлгіні (арнайы үлгі алғыш кӛмегімен) алады. Содан кейін
оларды май партиясының біріктірілген үлгісін құрастыру үшін араластырады.
2) Егер де май бӛтелкелерге құйылған болса, онда 1 т майға бір
бӛтелкеден кездейсоқ алуды жүргізеді, бірақ партиядан кем дегенде тӛрт
бӛтелке. Араластырғанан кейін олардан бірдей май мӛлшерін біріктірілген үлгі
құрастыруға арналған ыдысқа құйып алады.
3) Цистернадан үлгі алуды ыдысқа штуцерлі үлгі алғышпен май
ағынының бӛлігін апару жолымен жүргізеді. Бұл ретте үлгі алуды құрастырады:
1 л – цистернаның сыйымдылығы 16 т кем кезде; 1,5-3 л – цистернаның
сыйымдылығы 60 т кем кезде; 10 л – цистернаның сыйымдылығы 60-500 т кем
кезде; 20 л – цистернаның сыйымдылығы 500 т артық кезде.
Қысқы уақыттарда үлгі алудан бұрын сұйық күйге толық ӛтуін күтеді.
Біріктірілген орташа үлгіні араластырады, 2000 см
3
кӛлемге дейін
қысқартады және салады:
- 500 см
3
екі бөтелкені – үлгіні контейнерлерден, бӛшкелерден,
флягтардан және бӛтелкелер салынған жәшіктерден алған жағдайда;
- 500 см
3
төрт бөтелкені – үлгіні құйылмалы ыдыстардан, теміржолды
цистерналардан және автоцистерналардан алған жағдайда.
Бӛтелкелерді тығындармен тығыздап жауып, олардың үстерінен бӛтелке
ауыздарын полиэтилен немесе тығыз материалмен жауып, байлап және
таңбаланады.
Біріктірілген үлгілерге дайындаушы кәсіпорын мен алушының атауы,
ӛнімнің аты, оның түрі мен сорты, партияның нӛмірі мен массасы, дайындалу
күні, партиядағы орындар саны, жүкқұжат нӛмірі, үлгіні алу орны мен күні
кӛрсетліген этикетка жабыстырылады.
Үлгі алған тұлғаның аты-жӛнін кӛрсетумен үлгі алу актісі
құрастырылады.
Ӛсімдік майларының сапасын сараптауды жүргізу тәртібі.
Ӛсімдік майларының сапасын сараптау сапаның барлық кӛрсеткіштері
70
бойынша толығымен немесе ӛтінім берушінің сұранысына байланысты кейбір
кӛрсеткіштер бойынша таңдаулы жүргізіледі.
Органолептикалық көрсеткіштерін анықтау МЕМСТ 5472-50 «Ӛсімдік
майлары. Түсін, иісін және мӛлдірлігін анықтау» бойынша жүргізіледі. Майдың
иісін анықтау үшін шынылы пластинкаға жұқа қабатпен жағады немесе қолдың
сырт жақ бетіне уқалайды. Иісті одан айқын сезу үшін майды сулы моншада
50
0
С температураға дейін қыздырады.
Дәмді бӛлме температурасында майды дегустациялау жолымен
анықтайды. Егер де майда иіс және дәм ақаулары (борсыған, зең немесе кӛк иіс,
ащыған, бӛгде иістер мен дәмдер) табылса, онда май сапасыз деп есептелінеді.
Түсті анықтау үшін майды мӛлдір немесе түссіз шынылы стақанға 50 мм
кем емес қабатпен құйып және ақ фонда жарық сәулесінде қарайды.
Майдың мөлдірлілігін оны бӛлме температурасында 24 сағат бойы 100 мл
мӛлшерде цилиндрда тұңдырудан кейін анықтайды. Тұңдырылған майды ақ
фонда жарық сәулесінде қарайды.
Майдың қышқылдық санын анықтау МЕМСТ 5476-81 «Ӛсімдік майлары.
Қышқылдық санын анықтау» бойынша жүргізіледі. Қышқылдық санын анықтау
әдісінің мәні ӛсімдік майының белгілі бір мӛлшерін еріткіштер қоспаларында
ерітуге және әрі қарай бос май қышқылдарын калий немесе натрий
гидрототығының ерітіндісінде титрлеуге негізделеді.
Ақшыл майларды зерттеу кезінде 3-5 г май ӛлшендісіне 50 мл спирттің
диэтилді эфирдің бейтараптандырылған қоспасын құйып, 5 тамшы
фенолфталеин қосып және қызғылт реңге дейін 0,1н сілті ерітіндісімен
титрлейді.
Қоңыр май үшін (тазартылмаған мақта майы және т.б.) индикатор ретінде
типолфталеинді қолданады және сілтімен тиртлеуді сары немесе қызғылт
реңнен жасыл немесе кӛкшіл реңге ӛзгергенге дейін жүргізеді.
Қышқылдық санды (Қ.с) КОН миллиграмында мына формула бойынша
есептейді:
m
V
K
с
К
611
,
5
.
(25)
мұндағы:
5,611 – 0,1н сілті ерітіндісінің титрі;
К – 0,1н сілті ерітіндісіне түзету;
V – титрлеуге шығындалған 0,1н сілті ерітіндісінің мл саны;
m – дене массасы, г.
Майдағы ылғал мен ұшқыш заттарды анықтауды МЕМСТ 11812-86
«Ӛсімдік майлары, ылғал мен ұшқыш заттарды анықтау әдістері» бойынша
жүргізеді. Әдіс май ӛлшендісін тұрақты салмаққа дейін кептіруге негізделген:
алдын ала букстарда кептірілген 5 г майды 100-105
0
С тұрақты салмаққа дейін
кептіреді. Ылғал мен ұшқыш заттардың (Х) массалық үлесін есептеуді
пайызбен мына формула бойынша жүргізеді: