138
Табиғатта ешбiр басқа дене немесе бөлшек бұндай үлкен жыл дамдыққа
ие емес. Жарық бiр ортадан екiншiсiне өткенде жылдам дығы өзгередi. Мы-
салы, суда оның жылдамдығы 225000 км/сек болса, шыныда 200 000 км/
сек. Осындай үлкен жылдамдықпен Күннiң нұры Жерге шамамен 8,3 ми-
нутта жетедi.
Жарықтың шағылуы. Кейбiр фильмнен темiр тор iшiне қойылған
айнаның алдына барып қалған маймылдың немесе басқа хайуандардың
қандай жағдайда болғанын есiңе түсiршi. Олар айнаның iшiне кiрiп, сыр-
лы бейненi ұстауға ұрынады. Су iшуге келген жабайы адамдар да судан өз
бейнелерiн көрiп таңданған.
Бұл құбылыстардың себебi жарықтың түрлi денелерден – айна,
судың бетi, терезенiң шынысы, тегiс металл беттерi және басқа заттар-
дан шағылуы. Жарық ауадан суға түскенде оның бiр бөлiгi шағылады
да, бiр бөлiгi суға өтедi. Жарықтың шағылуын зерттеу үшiн төмендегi
қондырғыны пайдаланады (107-сурет). Оптикалық дискiнiң ортасына
жазық айна қойып, оған сәуле (лазер) жiберейiк. Сонда айнадан сәуленiң
қайтқанын көремiз. Сәуленiң түсу бұрышын өзгертiп көрейiк, шағылу
бұрышы да соған сәйкес өзгередi. Түсу бұрышы деп түскен сәуле мен
ол түскен нүктеге жүргiзiлген перпендикуляр арасындағы бұрышты (a)
айтамыз. Шағылу бұрышы деп шағылған сәуле мен осы нүктеге
жүргiзiлген перпендикуляр арасындағы бұрыш (g) қабылданған.
Шағылу бұрышы əрдайым түсу бұрышына тең болады:
a g
.
107-сурет.
108-сурет.
Бұны жарықтың шағылу заңы дейдi.
Егер бұйымның бетi абсолюттi тегiс болғанда, сәуле
одан бiр жаққа қарай шағылғанын тек сол жақтан қарасақ
қана көре алатын едiк. Негiзiнде заттардың бетiнде кедiр-
бұдырлар бар болғандығы үшiн жарық шашырайды.
Шашыраған сәуле көздi шаршатпайды. Сондықтан бөлменi
жарықтандырушы көздер жарықты шашырататын етiп жа-
салады.
Жарықтың сынуы. Жарықтың сынуын үйрену үшiн
оптикалық дискiге жазық айна орнына жартылай дөңгелек
пiшiндi шыны орнатамыз (108-сурет). Шыныға сәуле
жiбе рiлгенде, одан бiр бөлiгi шағылғанын (1) және бiр
бөлiгi сынып, шынының iшiне өткенiн (2) көруге болады.
Сынған сəуле мен сыну нүктесiне өткiзiлген перпенди-
куляр арасындағы бұрыш сыну бұрышы (β) деп атала-
ды. Тәжiрибелер сыну бұрышы түсу бұрышынан кiшi бола-
139
тынын көрсеттi. Демек, жарық сәулесi бiр ортадан
екiншiсiне өткенде өз бағытын өзгертедi екен.
109-сурет.
Стаканға салынған түтiктiң сынған сияқты бо-
лып көрiнуi, әуiздегi судың терең емес болып
көрiнуi – жарықтың суға түсуiнiң және шығуында
сынуының әсерi (109-сурет). Жарықтың бiр орта-
дан екiншiсiне өткенде сынуына жа рықтың таралу
жылдамдығының өзгеруi себеп болады. Жа рықтың
шыныдан ауаға немесе судан ауаға өткендегi сыну
бұрышы түсу бұрышынан үлкен болады. Сондықтан
суда жасайтындар үшiн сыртқы әлем өзгеше болып
көрiнедi.
Практикалық тапсырма
Пиалаға теңге сал. Пиаланы үстел үстiне қойып, өзiң теңге кө-
рiн бейтiн жерге дейiн алыста. Досыңнан пиалаға су құюын өтiн.
Сонда теңге қайта көрiнетiн болады. Себебiн түсiндiр.
1. Неге қағаз дымқылданғанда арт жағындағы жазулар көрiнедi?
2. Су жағасында отырған бала судан Күннiң кескiнiн көрiп тұр. Бала
орнынан тұрса, Күннiң кескiнi қалай қарай жылжиды?
3. Су астында тұрып айналаға қарасаң, ондағы тастар, су шөптерi
және т.б. судың үстiнен қарағандағыдай көрiне ме?
51-ТАҚЫРЫП
ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАЙЛЫ БЕРУНИ
МЕН ИБН СИНАНЫҢ ПIКIРЛЕРI
Жарық құбылыстары ұлы ғұламаларымыз Беруни мен Ибн Синаның да
назарын аударған. Алдыңғы тақырыптарда Жердегi энергияның (жылудың)
негiзгi көзi Күн деп көрсетiлген. Бұл жайлы Беруни өзiнiң «Ежелгi
халықтардан қалған естелiктер» деген кiтабында былай деген:
«Күн сәулесiндегi температура жайлы бiреулер «оған сәуле себепшi»
десе, екiншi бiреулер «сәуленiң кескiнi, яғни бұрыштарының сүйiрлiгi
себепшi» деген. Олай емес, бәлкiм сәуленiң өзiнде температура бар
шығар», – дейдi. Берунидiң бұл пiкiрi Жерге Күннен жылудың сәуле
арқылы келетiнiн дәлелдейдi.
Беруни жарық жылдамдығы туралы былайша жазады: «Кейбiреулер
ол – замансыз, өйткенi дене емес» десе, бiреулер «оның заманы тез» дейдi,
140
бiрақ одан жылдам еш нәрсе жоқ, сәуле жылдамдығын сезуге болмай-
ды». Бұл пiкiрлерiмен ол табиғаттағы бiрде-бiр дененiң немесе бөлшектiң
жылдамдығы жарықтың жылдамдығына тең немесе одан үлкен бола ал-
майтынын айтқан.
Беруни Ай мен Күннiң тұтылуын төмендегiдей түсiндiредi: «Айдың
тұтылуына оның Жердiң көлең кесiне кiруi себепшi. Күннiң тұтылуы Ай
мен Күннiң бiрден тұты луына (яғни Күн мен Жердiң арасына Айдың түсiп
қалуы) себеп болады. Сол себептi Айдың қараюы батыстан, ал Күннiң
тұтылуы шығыс жақтан басталмайды. Күннiң тұтылуы сол, Ай батыс
жақтан келiп, бiр шөкiм бұлт сияқты оның алдын тосады. Әр жерде тосы-
латын деңгейi әр түрлi болады. Бiрақ Күннiң тосушысы (Ай) үлкен емес,
Айды тосушы (Жер) үлкен». Берунидiң бұл пiкiрлерi қаншалықты дұрыс
екенi жайлы ойлап көрiңдер.
Жарықтың сынуы жайлы Беруни мен Ибн Синаның бiр-бiрiне жазған
сұрақтары мен жауаптары бар. Беруни: «Ақ, домалақ, мөлдiр бiр шыны-
ны мөлдiр суға толтырса, күйдiру iciнде домалақ тас (линза) қызметiн
атқарады. Егер ол шынының суын төгiп, ауа толтырса, күйдiрмейдi және
Күн нұрын жинамайды. Неге солай болады?» – деп сұрайды. Сұраққа Ибн
Сина былай деп жауап бередi: «Әрине, су – қалың, ауыр, тығыз, мөлдiр
дене, оның затында түс бар. Сондай сипаттағы әрбiр нәрседен жарық сына-
ды. Сондықтан су толтырылған домалақ шыныда жарық сынады. Сәуленiң
жинақталуынан күйдiру қуаты пайда болады. Бiрақ ауадағы сәуле қатты
сынбайды. Өйткенi ауа сирек және мөлдiр». Бұл пiкiрлердiң дұрыстығын
кейiнгi «линза» туралы тақырыптан бiлiп аламыз.
Беруни Ибн Синаға көру және оның себептерi туралы сұрақ қояды:
«Көз нұрымен сезу, көру қалай болады, неге тынық судың түбiндегi нәрсе
көрiнiп тұрады? Дегенмен көз нұры тегiс денелерде сынады (кескiнделедi).
Судың деңгейi тегiс те жылтырақ қой».
Ибн Сина
Ибн Сина өз жауаптарын «Физика», «Медицина
заңдары» деген шы ғарма ларында анық сипаттайды.
Ол: «Егер көзiмiзден нұр шығып, заттарды жарық-
тандырса және соның нәтижесiнде бiз оларды көретiн
болсақ, онда неге кешқұрым (түнде) көрмеймiз?
Көзiмiзден шыққан нұр бүкiл әлемдi жарықтандыруға
жетсе қанеки?..» – деп, Платонның пiкiрiн қолдамайды.
Ол көрудiң басты себебi заттардан келетiн нұрдың
көзiмiзге түсуiнде және көз жанарынан өтiп сынуын-
да, сосын көздегi тор пердеде кескiннiң пайда болу-
ында деп түсiндiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |