130
11. Қайсы белгі гальваний элементін өрнектейді?
A)
B)
C)
D)
12.Ток күші қандай құралдың көмегімен өлшенеді?
А) Вольтметр.
В) Амперметр.
С) Гальванометр.
D) Электрометр.
13. Төмендегі аспаптардың қайсысының көмегімен суды ысытуға болады?
А) Электр үтігі.
В) Электр шамы.
С) Микротолқынды пеш.
D) Желдеткiш.
14. Токтың барын білдіретін шартты көрсетіңдер.
А) Электр шынжырында ток көзінің және тұтынушылардың болуы.
В) Шынжырда тұтынушының, қосып-жалғағыштың және тұтынушының
болуы.
С) Ток көзі мен шынжырдың тұйық болуы.
D) Шынжырда тұтынушының, қосып-жалғағыштың болуы.
ҚОРЫТЫНДЫ СҰХБАТ
Бұнда сендер V тарауда өтілген тақырыптардың қысқаша тұжырым-
дарымен танысасыңдар.
Денелердің электрленуі Денелер бір-біріне үйкеліп, ысқыланғанда бірінен
екіншісіне еркін электрондардың өтіп қалуы.
Оң зарядталған дене
Өзінен электрондарды берген дене.
Теріс зарядталған дене Өзіне электрондарды қабылдап алған дене.
Протон
Атомның ядросындағы оң зарядты бөлшек.
Нейтрон
Атомның ядросындағы зарядсыз бөлшек.
Электрон
Ядроның төңірегінде айналып жүрген теріс зарядты
бөлшек.
Батарея
Бір рет пайдаланылатын гальваний элементі.
Аккумулятор
Қайта зарядталып қолданылатын гальваний элементі.
Вольтметр
Электр кернеуін өлшейтін аспап.
Амперметр
Шынжырдан өтіп жатқан ток күшін өлшейтін аспап.
Электр шынжыры
Ток көзі, жалғанатын өткізгіштер, токты тұтынушы
және қосып-жалғағыштардан құралған шынжыр.
Электр шынжырының
сызбасы
Аспаптардың шартты белгілері көмегімен өзара
жалғану сызбасы.
131
VI
ТАРАУ
Бұл тарауда Сен:
– жарық көздерiмен;
– жарықтың таралу заңымен;
– Күн мен Айдың тұтылуымен;
– жарық құбылыстары тура-
лы Беруни, Ибн Синалардың
пiкiрлерiмен;
– айна туралы мағлұматтармен;
– кемпiрқосақтың пайда болуы
жəне сəуленiң (ақ жарықтың)
призмада түстерге бөлiнуiмен;
– жарық құбылыстарына
қатысты зертханалық
жұмыстармен танысасың.
ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ
ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ
МӘЛIМЕТТЕР
132
АЛҒЫ СӨЗ
Алдыңғы тақырыптарда айтқанымыздай, Күн Жердегi энергияның
негiзгi көзi ғана болып қоймай, ондағы органикалық тiршiлiктiң себепшiсi
де. Өсiмдiктердiң, ағаштардың өсуi үшiн, әрине, жарық қажет. Жарық де-
генде ненi түсiнемiз? Көру деген қалай болады? Жа рық неге қалың шыны-
дан өтедi де, жұқа картоннан өтпейдi? Қандай жылдамдықпен таралады?
Бұл сияқты сұрақтарға адамзат ерте замандардан берi жауап iздеген. Бiрақ
жарықтың құпиясын басқа құбылыстарға қарағанда кеш ашқан. Бiздiң
көру арқылы әлем жайлы алған бiлiмдерiмiз басқа сезiмдерiмiз арқылы
алған бiлiмiмiзден әлдеқайда көп.
Ежелгi гректер адамның көзiнен әлдеқандай нұр шығады және ол
нұр нәрселер мен заттарға түсiп, оны көредi деп ойлаған. Олай болса
көздiң көруi күндiз-түнi бiрдей болуы керек қой. Сен қалай ойлайсың?
Бертiн келе ағылшын ғалымы И. Ньютон жарықты өте майда бөлшектер
ағымы деп қарас тыруды ұсынды. Бұл ағымды ол жарық сəулесi деп
атады. Жарық сәулесi бiр нәрседен, мысалы, Күннен шығып табиғатқа
және заттарға түседi. Олардан қайтқанда көзiмiзге түссе, оларды көремiз
деп түсiндiредi. Ол жарыққа байланысты көп құбылыстарды түсiндiрсе
де, кейбiреулерiн түсiндiре алмайды. Мысалы: Күннен адам денесiнiң
қараюын, жарықтың әсерiнен маталар түсiнiң ағаруын, өсiмдiктердiң
жапырағы жасыл болатынын және т.б. Осындай құбылыстарды зерттеу
үдерiсiнде ғалымдар жарықтың табиғаты туралы басқа теорияларды тапты.
Олармен кейiнгi сыныптарда танысасың.
47-ТАҚЫРЫП
ЖАРЫҚТЫҢ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ КӨЗДЕРI
Өздерiнен жарық шығаратын денелер жарық көздерi деп атала-
ды. Мысалы, Күн, жұлдыз, электр шамы, жанып тұрған май шам,
оттың жалыны т.с.с. Кейбiр денелер өзiнен жарық шығармайды, бiрақ басқа
көздерден шығып, өзiне түскен жарықты қайтарады. Мысалы, Ай, айналар.
Кейбiр жәндiктер мен балықтар да өздерiнен сәуле шығарады. Жарық
көздерiн шартты түрде екiге бөлуге болады: табиғи және жасанды көздер
(102-сурет).
Күн, жұлдыз, найзағай, солтүстiк шұғыласы, жалтырауық қоңыз, кейбiр
балықтар, шiрiндiлер жарықтың табиғи көзiне жатады. Адам қолымен
жасалған жарық көздерiн жасанды көздер деймiз. Оларға электр шамы,
оттың жалыны, керосин шамы, теледидардың экраны, электр және газ
дәнекерi, люминесцент шамдар, қызған газдар т.б. кiредi.
133
Жарық көздерiнен шығатын сәуле әр түрлi түсте болады. Денелер-
дiң жарық шығаруының басты себебi – олардың қызуы. Дене тем-
пературасының жоғары немесе төмен болуына қарай, одан шығатын
сәуленiң түсi де өзгередi. Мысалы, электр шамынан белгiлi мөл шер дегi ток
өтпесе, ол қызарып жанады және бөлменi жақсы жарық тандырмайды.
Жарықтың
табиғи көздерi
Жарықтың
жасанды көздерi
Жарықты
қабылдағыштар
102-сурет.
Жарықтың əсерiмен жұмыс iстейтiн денелердi жарықты қабыл-
да ғыштар дейдi. Адамның көзi осындай мiндет атқарады. Оған фото-
пленкалар, фотосурет, бейнекамера, күн батареялары, теледидар және
магни тофондардың пульттерiн атасақ жеткiлiктi. Өсiмдiктерде Күн
сәулесiнiң әсерiнен күрделi үдерiстер жүрiп жатады және Жердегi тiршiлiк
үшiн маңызды оттегi бөлiнедi де, ақуыздар мен май пайда болады.
1. Жарықтың тағы да қандай көздерiн бiлесiң?
2. Суық күйiнде сәуле шығаратын көздер бар ма?
3. Жарықтың әсерiмен жұмыс iстейтiн тағы қандай қондырғыларды
бiлесiң?
Достарыңызбен бөлісу: |