121
жақын орналасқандықтан, оның тартылу күші кері тебілу күшінен үлкен
болады.
1. Неліктен денелер үйкелген кезде электрленіп қалады?
2. Электрлену құбылысы пайдалы ма, әлде зиянды ма?
3. Табиғатта электрленуге қатысы бар қандай құбылысты бай-
қағансың?
44-ТАҚЫРЫП
ЭЛЕКТР ТОГЫ ЖАЙЛЫ ҰҒЫМ. ТОК КӨЗДЕРІ
Денелердің электрленгенін «электрометр» деп аталатын құралдың
көмегімен анықтауға болады (88-сурет). Электрометрдің жоғарғы
бөлігіне металл шар орнатылған, оған металл стержень бекітілген. Ме-
талл стерженьнің екінші ұшына айнала алатын стрелка орнатылған.
Зарядталған таяқшаны металл шарға тигізсе, таяқшадағы зарядтар шарға,
одан металл стерженьге және стрелкаға өтеді. Стержень мен стрелка
бірдей мәнге зарядталғандықтан, олар бір-бірінен кері тебіледі де, стрелка
белгілі бір бұрышқа ауады.
88-сурет.
89-сурет.
Мынадай бір тәжірибе жасайық. Екі электрометрдің біреуін
зарядтайық. Сосын олардың шарларын металл сызғыш арқылы бір-біріне
тигізейік. Сонда 2-электрометр стрелкасының да ашылғанын көреміз. Де-
мек, металл стержень арқылы 1-электрометрден 2-электрометрге зарядтар
ағып өтетін болып шықты. Тәжірибені металл стержень орнына пластмас-
са стержень қойып қайталайық. 2-электрометрдің стрелкасы қозғалмай,
сол күйінде қалады. Демек, пластмасса стержень арқылы зарядтардың
ағып өтуі болған жоқ.
Тәжірибеден төмендегідей маңызды қорытынды шығарамыз.
Заттар электр өткізгіштік қабілетіне орай өткізгіштерге және
өткізбейтіндерге бөлінеді. Барлық металлдар, тұздар мен қышқылдардың
судағы ерітінділері өткізгіштерге жатады. Электр өткізбейтін заттар мен
122
денелерді диэлектриктер деп те атайды. Диэлектрик заттарға шыны,
резеңке, пластмасса, ауа, дистильденген таза су жатады. Диэлектрик зат-
тардан жасалған денелерді изоляторлар дейді.
Электр зарядтарының бір жаққа қарай ретті қозғалысы электр тогы
деп аталады.
Зарядталған бөлшектер бір жаққа қарай қозғалуы үшін олар
еркін қозғалыста болуы керек. Жоғарыда айтылғанындай, атомның
сыртқы қабығына орналасқан электрондар көрші атомдардың аралығына
өтіп, еркін электрондарға айналады (89-сурет).
Сол себепті электр тогы бар болуының бірінші шарты – затта
еркін электрондардың бар болуы.
Электр тогының бағыты ретінде тарихи оң зарядталған
бөлшектердің бағыты қабылданған (89-сурет).
Еркін қозғалыстағы бөлшектердің бір жаққа қарай қозғалуы үшін
оларды бұндай әрекетке мәжбүрлейтін күш қажет болады. Бұндай
мәжбүрлейтін күш ток көздерінің жәрдемімен жасалады.
ХУІІІ ғасырдың соңына дейін ғалымдар «электрді» негізінен ысқылау
жолымен ғана алған. Сол ХУІІІ ғасырдың соңында электр құбылыстарын
зерттеу ісінде үлкен бұрылыс жасалды. Итальян ғалымы А.Вольта мыс
және қалайы пластиналары арасына қышқыл сіңірілген мата қойылса, мыс
пластина оң мәнге, ал қалайы пластина теріс мәнге зарядталып қалатынын
анықтады. Сөйтіп, ол бұл пластиналарды бір-біріне өткізгіш арқылы
жалғаса, одан электр тогы өтетінін байқады.
Осылайша ең алғашқы ток көзі табылды.
Вольта ток көзінің күшін арттыру үшін мыс және қалайы пластина-
ларды шеңбер пішінінде қиып, арасына қышқыл сіңірілген матаны қояды
және оларды бағана түрінде жинайды. Бұл ток көзі «Вольта бағанасы» деп
аталып, электр және магнит құбылыстарын зерттеуде елеулі рөл атқарды
(90-сурет).
Вольта бағанасында зарядтардың бөлінуі химиялық реакциялар нәти-
жесінде болады (бұл тақырып жоғары сыныптарда тереңірек оқылады).
Химиялық реакцияларға негізделген ток көздерін гальваний элемент-
тер дейді. Гальваний элементтер күнделікті тұрмыста кеңінен қолда-
нылады. Гальваний, элементтердің белгілі бір мерзімде пайдала нылған соң
тасталатындарын батареялар (91-сурет), қайта зарядталып, кәдеге жараты-
латындарын аккумуляторлар (92-сурет) деп атайды.
123
90-сурет.
91-сурет.
92-сурет.
Ток көздері электр кернеуі деп аталатын параметрмен өлшеніп,
ерекшеленеді.
Электр кернеуі арнайы өлшеуіш құрал – вольтметрдің көмегімен
өлшенеді. Оның сыртқы көрінісі мен жалғануы 93-суретте келтірілген.
Вольтметр тұтынушыға параллель түрде жалғанады. Электр кернеуінің
бірлігі ретінде бір вольт қабылданған (1 V).
a)
ә)
93-сурет.
94-сурет.
Үлкен қуатты электр тогын өндіретін құрылғы электр тогының гене-
раторы деп аталады (94-сурет).
1. Электр тогының пайда болу шарттары туралы әңгімеле.
2. Вольта бағанасында зарядтардың бөлінуі қандай құбылыстың
себебінен болады?
3. Күнделікті тұрмыста қолданылатын батареялар мен аккумуля-
торларға мысалдар келтір.
124
Практикалық тапсырма
Ақшыл және қызғыш түсті бірнеше теңге, тұзды су сіңірілген
қағаз көмегімен вольта бағанасына ұқсас батарея жасаңдар.
1. Бір гальваний элемент туғызатын кернеу әдетте 1 – 2 вольт айна-
ласында болады. Ал найзағай кезінде бұлттар арасында туатын
кернеу 100 миллион вольтқа жетеді.
2. Үлкен қуатты генераторлар кернеуі 15–20 киловольтқа тең
электр энергиясын өндіреді, оның пайдалы әсер коэффициенті
97–98%-ға жетеді.
45-ТАҚЫРЫП
ЭЛЕКТР ТОГЫНЫҢ ТҰРМЫСТАҒЫ МАҢЫЗЫ.
ҚАРАПАЙЫМ ЭЛЕКТР ШЫНЖЫРЫ
Тұрмысымызды электр тогынсыз елестетудің өзі өте қиын. Ол бізге
өмірімізді жан-жақты жеңілдетуге көмектеседі. Таңертең ұйқыдан
тұрысымызбен-ақ электр шамын жағамыз, электр шәугіммен шай
қайнатамыз, микротолқынды электр пештің жәрдемімен тамағымызды
ысытамыз. Таңертеңгі тамақтан соң лифт арқылы төменге түсеміз. Метроға
отырып жұмысқа яки оқуға барамыз. Жол-жөнекей ұялы телефонмен
сөйлесеміз. Мектепке келсек, сабақтың басталғанын хабарлап қоңырау
соғылады. Жарық сыныптарда электрге қатысты сабақтар өтіледі. На-
зар аударған болсаңыз, осылардың барлығында электр көмекшілік міндет
атқарып отыр. Тұрмыста біз пайдаланатын көптеген нәрселер секілді
бұлардың да ұнамды жақтарымен қатар ұнамсыз, тіпті зиянды жақтары да
бар. Өйткені сым арқылы өтіп жатқан электр тогы көзге көрінбейді, иісі де,
түсі де жоқ. Токтың бар екенін тек арнайы өлшеу аспаптарының көмегімен
ғана анықтауға болады.
Токтың зияндылығы алғаш рет 1862 жылы тіркелген. Онда бір адам
ток өтіп жатқан сымның ашық жеріне тиіп, содан қаза тапқан. Сол себепті
токты пайдаланғанда аспап-құралдарды ток көздеріне дұрыс қосуымыз ке-
рек.
Бұны қарапайым электр шынжырын түзуден бастайық. Ол үшін ток
көзі, электр шамы және қосып-жалғағыш алынады. Бұдан соң дәптерге
оларды бір-біріне жалғау сызбасы сызылады. Сызбада ток көзі, электр
шамы, қосып-жалғағыш және басқа құралдар шартты белгілермен
белгіленеді (95-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |