Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттер



жүктеу 387,11 Kb.
Pdf просмотр
бет4/28
Дата16.03.2023
өлшемі387,11 Kb.
#41807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
VI ТАРАУ

Жасырын кезең
6-50 күн (жиі 15-30 күн). 
Продромалды (сарғыштық алды)
кезең - 2-14 күн (жиі 5-7 күн). Продромалды кезең
 
әр 
түрлі вариантпен өтуі мүмкін: грипп тәрізді, диспепсиялық, астеновегетативті, аралас. 
Грипп тәрізді
варианты жедел басталады, дене қызуы 38-39°С, 2-3 күн байқалады; басы, 
бұлшықеттері ауырады, катаральды белгілер болуы мүмкін. 
Диспепсиялық вариантта
тәбет төмендейді, эпигастрий аймағында ауырлық немесе ауру 
сезімі болады, оң жақ қабырға асты ауырып, науқаста кейде жүрек айну, құсу байқалады. 
Астеновегетативті вариантта
әлсіздік, ұйқышылдық, ашушаңдық, басы ауырып, 
айналып, жұмысқа қабілеті төмендейді. 
Аралас түрінде
бірнеше варианттардың симптомдары кездеседі. 
Ауру басталғаннан кейін 2-4 күн өткен соң несеп сарғаяды, түсі қою шай немесе сыра 
түстес болады, сонымен қатар үлкен дәреті түссізденіп, кейде консистенциясы сұйылады. Тексеру 
кезінде науқастардың бауыры, ал 10-20% -да көкбауыры ұлғайғандығы және пальпация жасағанда 
ауру сезім анықталады. Биохимиялық зерттеуде АЛТ белсенділігі жоғарылады. 
Аурудың өршу кезеңі (сарғаю кезені) 
сарғаюдан басталады, ол шамамен 2-3 аптаға (орташа 
тербелісі 1 аптадан 1-2 ай) созылады. Сарғыштық басталғаннан соң науқастың дене қызуы 
қалыпына келіп, бас ауыруы және басқа да жалпы улану белгілері басылады, жағдайы жақсарады, 
осы белгілер А гепатитінің В мен С гепатитінен салыстырмалы дигностикалық ерекше белгі 
болып саналады. Сарғыштық алдымен ауыз қуысының шырышты қабатында, көздің ағында, 
кейіннен теріде байқалады. Сарғыштықтың бастау, максималды көріну және басылу кезеңі бір-
бірінен ажыратылады. Әдетте, А гепатиті кезіндегі сарғыштық қарқынды болмайды. Билирубин 
қалыпты жағдайдан 4-5 еседен жоғарыламайды. Алғашқы 2-3 күнде сарғыштық көбейіп, қайта 
басылады. 
Обьективті тексергенде науқаста гипотензия және брадикардияға бейімділік, жүрек үнінің 
бәсеңдеуі байқалады, тілі өңезделген, бауыры ұлғайған, бауыр шеті дөңгелектенген, пальпация 
жасағанда ауру сезімі бар, көкбауыры аздап ауырады. Гепатомегалия сарғыштық кезеңінде
сақталады, кейде жоғарылайды. 30% жағдайда көкбауырдың аздап үлғаюы байқалады. Зәрдің 
қызарауы және нәжістің ағаруы айқын көрінеді.
Науқаста өттің бөлінуі дұрысталып, нәжіс бірте-бірте боялып, сырқаттың кері даму кезеңі 
басталады. 
Лабораторлық зерттеуде АЛТ, билирубин, тимол сынамасы жоғарылап, сулемалық титр 
төмендейді. Шеткі қанда лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз, ЭТЖ-төмендейді. Қанда анти-
HAV IgM анықталады. 
А гепатиті кезінде, басқа гепатиттердегідей, аурудың ауырлығын 
бағалайтын негізгі белгі - улану: оның дәрежесі және белгілері болып табылды.
А гепатиті кезінде аурудың жеңіл түрі - сарғыштықсыз және сарғыштық түрлері жиі 
кездеседі. Аурудың орташа түрі науқастардың 1/3 –інде ал ауыр түрі 0,1- 0,3%-да кездеседі. А 
гепатиттің ауыр ағымы иммунданбаған 60-65 жастағы және одан да үлкен қарт адамдарда (20%) 
гепатиттің фульминатты түрі кездеседі. Кейде өзгерістері бар бауырда аурудың күрт ағымды түрі 
байқалады. А гепатитіның фульминантты түрі 0,1-0,4 % науқастарда болады. 
Аурудан айығу гепатит белгілерінің жойылуымен сипатталады. Науқастың тәбеті 
дұрысталады, астено-вегетативті белгілер азаяды, сарғыштық жойылады, бауыр мен көкбауырдың 
көлемі қалпына келеді. 

жүктеу 387,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау