Серологиялық маркерлер.
HBsAg.
HBsAg қан сары суында клиникалық манифестация алдында пайда болып, аурудың
өршуі кезінде максималды концентрациясына (деңгейіне) жетеді, реконвалесценция фазасында
жойылады. Аурудың асқынбаған түрінде 2 ай аралығында элиминацияланады. HBsAg 12 аптадан
аса сақталса, жедел В гепатиті созылмалы түріне айналады.
Кейбір науқастарда HBsAg аурудың клиникалық симптомдары көріне бастағаннан соң
бірінші аптаның ішінде элиминацияға ұшырайды, сондықтан науқастардың 10% -да жедел В
гепатиті анти-HВсIgM–ді анықтау арқылы ғана диагноз қоюға болады.
Сарысудың бір сынамасына сүйене отырып, гепатиттің жедел немесе созылмалы түрін
нәтижелеуге болмайды.
HВеAg.
HВеAg – HВсAg ыдырауынан пайда болатын өнім. Бұл маркер вирустың белсенді
репликациясының және қанда көптеген вирустардың айналымының дәлелі. Осындай пациент өте
контагиозды болып саналады. Жедел В гепатит кезінде HВеAg серологиялық зерттеулер арқылы
бірнеше күн ішінде, кейде бірнеше аптада анықталады. HВеAg қан сарысуынан HВsAg-ге
қарағанда тез элиминацияланады.
Қанда HВеAg-ді бір рет анықтағаннан гепатиттің жедел немесе созылмалы түрін
нәтижелеуге болмайды.
HВсAg.
HВсAg – В гепатиті вирустың ядролық антигені, перифириялық қанда
анықталмайды, өйткені сыртынан белок қабығымен қапталған. Оны гепатоциттер ядроларында
анықтауға болады.
Анти-HВs.
Анти-HВs реконвалесценция кезінде қан сарысуында анықталады, реинфекцияға
қарсы иммунитеттің пайда болғанының дәлелі.
В гепатитінен сауыққаннан кейін науқастарда анти-HВs және анти- HВс анықталады.
Мұндай пациенттерден иммундық жолмен егілгендердің айырмашылығы, олар анти- HВs – оң
және анти- HВс - теріс болады.
Анти-HВс.
В гепатитімен ауырған барлық науқастарда ядролық антигенге қарсы
антиденелер анықталады және өмір бойы сақталады. Бұл антиденелер жаңадан жұқтырылған
жұқпаның немесе жаңа басталған қабынудың өте сезімтал маркері.
Анти-HВс IgM В гепатитінің жедел фазасында анықталады және жұқпадан кейін 6 ай немесе
одан да ұзақ сақталады. Бұл маркер В гепатиті вирустың созылмалы тасымалдаушыларында аз
мөлшерде табылады.
Осылайша, HВsAg
элиминациясынан кейін ауру кезінде «терезе» пайда болып, анти
Достарыңызбен бөлісу: |