молекулярлық салмағы 2,25 мегадельтон, жалғыз спиральды сызықты РНҚ молекуласынан
тұрады. Әлемнің әр бөлігінде вирусының әр түрлі штамдары анықталған, бірақ олардың бәрінде
барлығын бір серотипке жатқызатын бірдей антиген бар және қарама-қарсы протективті
иммунитет туғызады. Жалғыз антиген болғандықтан анти-HAV-антиденелері, алдымен Ig M, кейін
Ig G түзеледі.
А гепатитінің вирусы суда ұзақ уақыт (3-10 ай) сақталуы мүмкін, топырақта, нәжісте (1
айға дейін), үй тұрмыс заттарында да сақталады. 100
С –та 5 мин қайнатқанда инактивирленеді.
Вирус формалин мен УКС-не (УФО) сезімтал, салыстырмалы түрде хлорға төзімді, хлороформ
мен эфирдің әсеріне инактивирленбейді.
Эпидемиологиясы.
Инфекция көзі: сарғыштанбаған және субклиникалық, сонымен қатар
аурудың манифестті түрімен науқастар жатады. А гепатит вирусы фекалды-оралды механизммен
беріледі. Вирус сарғыштануға дейін 10-14 күн бұрын бөліне бастайды және сарғыштықтың 2-7
күнінде аяқталады. Сонымен, науқас қоршаған адамдарға инкубация кезеңінің екінші жартысынан
бастап эпидемиологиялық қауіпті және ол қауіптілік сарғыштық кезеңінде жоғалады. Вирусты А
гепатитінің сарғыштық түрімен ауырған науқастардан, аурудың жасырын және сарғыштығы жоқ
түрлерімен ауырғандардың саны 2-10 есе көп кездеседі. HAV- тасымалдаушылығы және
созылмалы ауру түрінің кездесуі, сонымен қатар, аурудың ауа-тамшылы жолмен берілуі
мүмкіндігі қазіргі кезде жоққа шығарылған. HAV анасынан жатырдағы баласына берілуі де
мүмкін емес, өйткені вирус трансплацентарлы тосқауылдан өте алмайды. Аурудан кейін тұрақты
иммунитет қалыптасады.
А вирусты гепатитке қабылдаушылық ортақ болады. Алайда 1 жастан үлкен балалар
(әсіресе, 3-12 дейінгі жаста) және жастар арасында бұл ауру жиі тіркеледі.
А вирусты гепатитке маусымдылық (аурудың максимальді сырқаттанушылық кезеңі күз-
қыс айларында тіркеледі), кезеңділік (сырқаттанушылық 3-5; 7-10 жылда көтеріледі) тән.
А вирусты гепатиті жалпылама таралған. А гепатитінің таралуына объектілердің
санитарлық жағдайы, тұрғындардың санитарлық мәдениеті әсер етеді. Сондықтан, өмір сүру
деңгейі жоғары елдерде, дамитын елдерге қарағанда сырқаттанушылық аз тіркеледі.
Достарыңызбен бөлісу: