Vi тарау. Вирусты гепатиттер және сыртқы жабындылардың инфекциялары вирусты гепатиттер



жүктеу 387,11 Kb.
Pdf просмотр
бет6/28
Дата16.03.2023
өлшемі387,11 Kb.
#41807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
VI ТАРАУ

Салыстырмалы диагностикасы. 
А гепатитінің продромалды кезеңін салыстырады:
 


● тымаудан және басқа жедел респираторлы аурудан
● энтеровирусты инфекциядан; 
● сүзек топтас аурулардан; 
● жедел ішек инфекцияларынан. 
Сарғыштық кезеңінде А гепатитін төменде аталған аурулардың
сарғыштық түрімен салыстырады: 
● жұқпалы мононуклеоз; 
● лептоспироз; 
● псевдотуберкулез; 
● гемалитикалық сарғыштық; 
● токсикалық сарғыштық; 
● механикалық сарғыштық. 
Емі. 
А гепатитінің еміне төсек режимі, “жартылай” төсек режимі, тиімді тамақтану және 
витамин емі сияқты емдеу шаралары жатады. Аурудың жеңіл және орташа ауырлығында 
науқастар «жартылай» төсекте жату керек, ал ауыр ағымында - төсек режимі. Ауруханадан 
шыққан соң 6 айға дейін ауыр жұмыс істеуге болмайды. 
 
№5-емдәм үстелі (Певзнер бойынша), ауыр қорытылатын майлы тамақтарды (сиыр, қой, 
шошқа еті), қуырылған, ащы тағамдарды жеуге болмайды. Ауруханадан шыққан соң 6 айға дейін 
емдәм сақтау керек.
Дезинтоксикация мақсатымен науқасқа тәулігіне 1,5-2,0 л сұйықтық беріледі. Анорексия 
белгісімен, қайта-қайта құсатын науқастарға парентералды жолмен глюкоза, Рингер сұйықтығы 
құйылады. 
А гепатиті қатерсіз ағымды, циклді, сауығумен өтетін болғандықтан науқастарға вирусқа 
қарсы препараттар тағайындалмайды. 
Аурудың жеңіл ағымында дәрумендер, энтеросорбенттер (микрокристалды целлюлоза 2,0-
3,0 г; гидролизді целлюлоза-полифепан, билигнин 0,5-1,0 г/кг- түнге соңғы тамақтанудан кейін 2-3 
сағаттан соң беріледі) тағайындалады. 
Аурудың орташа ауырлық ағымында жоғарыда аталған емге қосымша асқазан мен ұйқы 
безінің қорыту жұмысын жақсарту үшін фермент препараттарын (панкреатин, креон, мезим форте, 
фестал) береді. 
Инфузиондық-дезинтоксикацаялық ем ретінде қан тамырға тамшылап 5% глюкоза 
ерітіндісін, гемодез (400 мл күнара), рибоксин (20-30 мл), 5% аскорбин қышқылын құямыз. 
Ауыр ағымда дезинтоксикациялық шаралар күрделенеді: 5% альбумин, қан сары суы немесе 
протеин (250-500 мл) және гемодезі күнде 400 мл/тәу 4 күн қатарынан құйылады. 
Анорексия кезінде қоюланған полиион ерітінділерін, аминоқышқыл қоспаларын 
(аминостерил, гепастерил, гепатамин). 10 күн ішінде гипербарийлік оксигенация тәулігіне 1-2 рет 
жүргізіледі. 
Тағайындалған ем нәтижесіз болса глюкокортикостероидті (преднизолон 60 мг/тәу - 120 
мг/тәу), экстракорпоралды детоксикация (гемосорбция, плазмоферез, плазмосорбция) ем беріледі. 
Аурудың ұзақ мерзімді ағымында гепатопротекторлар 1-3 ай (карсил, силимар, гепатофальк, 
гепабене, эссенциале, рибоксин) беріледі.
Гепатиттен кейін пайда болған ұзақ гипербилирубинемия кезінде өт қышқылының 
туындыларын (урсофальк, урсосан), адеметионин (гептрал) қолданылады. Тікелей емес 
фракциясы басым гипербилирубинемия болғанда фенобарбитал тағайындалады. 
Болжам. 
Қолайлы. Науқастардың 90%-да толық айығып, қалғандарында аурудың “қалдық” 
белгілері болады. А гепатитіның өлім-жітім саны 0,04%-дан артпайды.

жүктеу 387,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау