ДНҚ-полимераза
. ДНҚ-полимераза және HВеAg вирустың белсенді репликациясының
маркері..
ДНҚ.
ДНҚ - вирустың белсенді репликациясының маркері, HВеAg - оң және анти-HВеAg -
оң пациенттерде, әсіресе созылмалы гепатитке ауысу қаупі туғанда анықталу керек.
В вирусты гепатитінің диагнозын 3 серологиялық тест қолдану арқылы қоюға болады:
HВsAg, анти-HВс және анти-HВs. Клиникалық гепатологияда сарысу маркерлерінің негізгі 5
комбинациясы ескеріледі (№ 25 кесте). В гепатиті вирусы көптеген физикалық және химиялық
факторларға төзімді.
№ 25 кесте
В гепатиті кезіндегі серологиялық көрсеткіштер
HВsA
g
Анти-
HВс
Анти-
HВs
Түсініктеме
+
+
-
ВВГ белсенді жұқпасы
-
+
+
ВВГ-дан кейін реконвалесценция
-
-
+
Кеш реконвелесценция/вакцинация
-
+
-
Кеш реконвелесценция/ «терезе»
фазасы
-
-
-
Жедел сырқаттың жоқтығы немесе
анамнезінде ВВГ жоқ
HВе Ag / анти- HВе жедел гепатит кезінде маңызы аз.
Эпидемиологиясы.
В гепатитінің қоздырғышы науқастан немесе вирустасымалдаушыдан
жыныстық, парентералдық және перинаталды жолдармен беріледі. «Сарысулық гепатит» қаупі
сақталатын қанның мұқият тексерілетіндегінен өзекті емес. Басқа берілу жолдарының
маңыздылығы керісінше артты.
Соңғы кезде В гепатиті көп жағдайда жыныстық жолмен таралатын ауыру есебінде, сонымен
қатар нашақорлар арасында 75% жағдайда HAV- маркерлер анықталады. Ауру жұқтыру қаупі бар
тобына кіретіндер: акушерлер, хирургтер, стоматологтар, қанмен жанасатын процедуралық
мейірбикелер.
Ауру жұққан анасынан баласына жұқпа жұқтырылуы мүмкін. Жұғу көп жағдайда
интранаталды өтеді (95%). Егер жүкті әйел жүктілігінің ІІІ- триместрінде В гепатитімен ауырса,
сонымен қатар онда HвsAg - оң және HвеAg - оң болып шықса туылатын баласының ауру
жұқтыруы заңды болады. Балаларда өмір бойы вирусқа персистенттілік пайда болады,
нәтижесінде 20 жасқа қарай олар бауырдың қатерлі ісігінен немесе цирроздан өледі.
Зерттеулердің нәтижесі бойынша, HВsAg-тасымалдаушының жанұясында 5 жыл
аралығында жұқпа тудыру қаупі көбейеді. Бұл HAV жұқтыруда тығыз жанасудың маңыздылығын
көрсетеді (бәрі бір тіс щеткесімен, ұстарамен пайдаланса).
В гепатитінің маусымдылығы болмайды. В гепатитімен ауырған және HВsAg-ге
антиденелері бар адамдар қайта ауырмайды.
Дүниежүзінде 1млрд. жұқпа жұқтырған және 300 млн. HAV–тасымалдаушылары бар.
Олардың 25%-да ауыр түрдегі бауыр аурулары дамуы, цирроз бен гепатоцеллюларлы
карциномадан өлімге душар болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: