Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет39/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56

биіктіктің  ең  бір  негізгі  талабы  әдеби  бейненің  оқырман  жүрегіне  жақын  болуына  да 
қаламгерлер  осы  жол  арқылы  жетті.Бүкіл  қазақтың  басын  біріктіріп,  қазақ  мемлекеттігінің 
тұтастығын,  қүш-қуатын  жаңа  тарихи,  саяси,  қоғамдық-әлеуметтік  биікке  көтерген  ұлы  хан 
Абылайдың төңірегінде топтасқан қазақтың үш бас батыры Қаракерей Қабанбай, Қанжығали 
Бөгенбай,  Шапырашты  Наурызбай,  үшеуі  де  қазақ  әдебиетінде  терең,  әрі  көп  жырланған 
тұлғалардың  қатарынан  орын  алады.  Басқа  ақын-жазушыларымызды  айтпағанда,  бір  ғана 
Бұхар  жыраудың,  Ақтамбердінің,  Үмбетейдің,  Тәтіқара  ақынның  және  тағы  да  басқа  осы 
кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармашылығының өзінде осы үш батыр бейнесіне 
айрықша  маңыз  беріледі.  Жалпы,  Қабанбай,  Бөгенбай,  Баян,  Наурызбай  сынды  атақ-даңқы 
алысқа кеткен батырлардың тұлғасын биік, көтере, марапаттай жырлайтын, олардың ата-тегін, 
ата-жұртын, асыл елін өлең-жыр арқауына негіз ететін, жалпы батырлықтың, қаһармандықтың 
қазақ  тағдырындағы  тарихи  маңызын  сипаттайтын  өлең-жырлар  аз  болған  жоқ.  
Осылардың ішінен Шапырашты Наурызбай батыр туралы көркем әдебиет үлгілерінің өзі бір 
төбе. Айталық, Наурызбай батырға, оның жаужүрек ерлігіне шығармалар арнаған жыраулар: 
Бұхар жырау Қалқаманұлының, Үмбетей Тілеуұлының толғаулары, Шәді төре Жәңгірұлының 
“Тарихат”  дастаны,  Шапырашты  Қазыбек  бектің  “Түп-тұқианнан  өзіме  шейін”  атты  әдеби-
тарихи  еңбегі  т.б.  туындылар,  жиылып  келгенде  Абылай  ханның  арқа  сүйеген,  қиналғанда 
қолтығынан демеген, қайраттанғанда дұшпанына жасын болып шүйілген, елін, жерін жаудан 
сақтаған  –  хас  батыр  Шапырашты  Наурызбайдың  тарихи  тұлғасын  әр  қырынан 
танытқандығымен құнды болды. 
 
Әдебиет: 
1.Атабаев Қ.  Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 
2.Атабаев Қ.  Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет 
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников. 
4.  Источниковедение:  теория,  история,  метод.  Источники  Российской  истории:  учебное 
пособие. М., РГТУ. 1998. 
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983 
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981 
7.  Абусейитова  М.Х.  К  проблеме  источниковедения  средневекового  Казахстана\\   
Отечественная история. 1988, № 1. 
 
Апта №13 
1 кредит сағат  
Дәріс №25    
Тақырыбы: Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер. 
Дәріс мазмұны: 
1. 
Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылдануы. 
2. 
Қазақстан тәуелсіздігі және тарихи деректер кешені. 
    
ХХ  ғ.  соңы  мен  ХХІ  ғ.басы  Қазақстан  тарихына  түбегейлі  қоғамдық  өзгерістер  кезеңі 
ретінде енетіндігі айқын. Ал, заң актілері болса,түбегейлі қоғамдық өзгерістердің тарихының 
негізгі дерек көздерінің бірін құрайды.Заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білмей, 
Қазақстандағы    бұл  өзгерістердің  шынайы  тарихын  жазу  мүмкін  емес.  Өйткені,  Қазақстан 
Республикасы тарихының басты ерекшелігі сонда, қоғамдық өзгерістер қажеттілігі алдымен 
әр түрлі деңгейдегі форумдарда негізделді және заң актілерінде нақтыланып бекітілді, содан 
кейін ғана іске асырылды.  
    
Әрине,  көрсетілген  кезеңдегі  ең  басты  түбегейлі  қоғамдық  өзгеріс,  ол  еліміздің  өз 
тәуелсіздігін  алып,  Қазақстан  Республикасы  атты  мемлекеттің  дүниеге  келуі  болды. 
Қазақстан  заң  актілеріне  деректанулық  талдау  жасау,  осындай  өзгерістердің  еліміз 
тарихында бұрын болмаған жаңа билік жүйесінің қалыптасуына заңдық негіз жасаған «Қазақ 
ССР  Президенті  қызметін  тағайындау  және  Қазақ  ССР  Конституциясына  (Негізгі  Заңына) 


өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның болғандығын көрсетеді. Дәл осы заңға 
сәйкес Қазақстанда президенттік институтының іргесі қаланды. 
1990  жылдың  24  сәуірінде  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  мәжіліс  залында  21  сағат  55 
минутта  Конституцияға  сәйкес  Қазақ  ССР-інің  тұңғыш  Президенті  болып  Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаев сайланды.  
     
Әрине, «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына 
өзгерістер  мен  толқтырулар  енгізу  туралы»  заңның  қабылдануы  және  сол  заңға  сәйкес 
Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің қалыптаса бастауы кездейсоқ нәрсе емес еді. Ол 
сол кездегі қоғамдық қажеттіліктен туындаған объективті құбылыс болатын.  
Түбегейлі  қоғамдық  өзгерістер  бағытында  жасалынған  келесі  қадам,  сол  1990  жылдың 
күзінде  «Қазақ  ССР-інің  мемлекеттік  егемендігі  туралы  декларациясының  »  қабылдануы 
болды. Елде күннен-күнге белең ала бастаған бейберекетсіздікке тосқауыл қоюға сол кездегі 
Орталықтың  қабілетсіздігі,  республикаларда  экономикалық  дербемтікке  ұмтылу  үрдісін 
тудырды,  толыққанды  дербестік  –  егемендік  жариялау  процесі,  яғни  «егемендік  шеруі» 
басталды. Ел басшысының бастамашылығымен елдің жоғарғы заң шығарушы органы «Қазақ 
ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны » қабылдады, онда былай делінген: 
«...  1.  Қазақ  Советтік  Социалистік  Республикасы  –  егеменді  мемлекет,  ол  басқа 
республикалармен Егменді Республикалар Одағына ерікті түрде бірігеді және олармен өзара 
қатынастарын шарттық негізде құрады. 
Қазақ ССР-і Одақтан еркін шығу правосын өзінде сақтап қалады. 
2.Қазақ  ССР-і  ұлттық  мемлекеттіліг  сақтау,  қорғау  және  нығайту  жөніінде  шаралар 
қолданады...». 
Жарияланған  Егемендік  декларациясы  тәуелсіздік  бағытында  нақты  істер  атқаруға  заңдық 
негіз жасады, мемлекет басшысына, декларацияға сәйкес, бірінші кезекте елдің мемлекеттік 
басқару органдарын нығайту жөніндегі шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. 
1990 
жылғы  20  қарашада  Қазақстан  Президенті  «Қазақ  ССр-індегі  мемлекеттік  билік  пен 
басқару  құрылымын  жетілдіру  және  Конституцияға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу 
туралы» Заңға қол қойды. 
Әдебиет: 
1.Атабаев Қ.  Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 
2.Атабаев Қ.  Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет 
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников. 
4.  Источниковедение:  теория,  история,  метод.  Источники  Российской  истории:  учебное 
пособие. М., РГТУ. 1998. 
5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983 
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981 
 
2 кредит сағат  
Дәріс №26 
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихының деректері  
Дәріс мазмұны: 
 
1. 
ҚР мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы 
2. 
1993 жылғы Конституция. 
3. 
1995 жылғы Конституция. 
      
Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті  1992  жылдың  4  маусымда  «Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
Елтаңбасы  туралы»,  «Қазақстан  Репспубликасының  Мемлекеттік  Гимнінің  музыкалық 
редакциясы  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  қол  қойды.  Мемлекеттік 
нышандардың 15 жылдығына орай 4 маусым мереке күні болып жарияланды. 
      
1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезеңдегі бірінші Қазақстан Конституциясы қабылданды. 
Негізгі партиялық коммунистік жүйе кезінде қалыптасқан заң шығарушы орган – Жоғарғы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау