Умкд ќТ дерек



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет41/56
Дата20.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15388
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56

      
Ең жаңа тарихымызыдң өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекетін 
құру  мәселесі.  Тарихымыздың  басқа  да  түйінді    мәселелері  сияқты,  мемлекеттігімізді 
қалпына келтіру тарихы, алғашқы іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан 
Н.Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту 
тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау – тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы 
Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз. 
       
Егер деректің әлеуметтік табиғаты сол деректі жасаушы субъектінің қоғамдағы орнымен 
анықталатындығын  ескерсек,  онда  Н.Назарбаев  еңбектері  түңғыш  президентіміздің  өзі 
туралы құнды мағлұмат бере алатын маңызды дерек көздері міндетін де атқарады.  
      
Н.Назарбаев еңбектерінің ХХ ғасырдың соңы мен ХХі ғ. басындағы объективті қоғамдық 
құбылыс  –  КСРО  -  ның  ыдырап,  тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  пайда  болуы  және 
қалыптасу  тарихының  дерек  көзі  ретіндегі  маңызы  мен  ерекшеліктері,  сол  еңбектердің 
авторы,  яғни  тәуелсіз  Қазақстан  тарихының  дерек  көздерінің  үлкен  бір  тобын  жасаушы 
субъект  –  Н.Ә.Назарбаевтың    қоғамдағы  орны  мен  өзіндік  адами  және  тұлғалық 
қасиеттерімен тығыз байланысты. 
     
Н.Назарбаев  еңбектері,  деректану  ғылым  тұрғысынан  қарағанда,  өзінің  пайда  болуы 
жағынан  жазба  дерек  көздерінің  жеке  адамдық  тобына  жатады.  Ал,  жеке  адамдық  дерек 
көздерінің басты ерекшелігі, оларда субъективті фактордың айрықша орын алуында.  
Н.Назарбаев туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. 2005 жылғы Президенттік сайлау 
қарсаңында, әсіресе, сайлаудан кейін Н.Назарбаев туралы, оның айқын жеңісінің себептері 
туралы  баспасөз  беттерінде  көптеген  мақалалар  жарияланды.  Ол  өткен  ғасырдың  80-
жылдарынан  бастап  республикалық  деңгейдегі  басшылық  қызметте  болса,  тәуелсіздіктің 
қарсаңында, яғни 80 жылдардың соңы мен  90 жылдардың басында Қазақстан сияқты үлкен 
республиканың  бірінші  басшысы  міндетін  атқарды.  Н.Назарбаев  еңбектерінің  тәуелсіз 
Қазақстан  тарихының  дерек  көзі  ретіндегі  басты  маңызы,  олардың  басқа  да  тәуелсіз 
Қазақстан  тарихының  дерек  көздерінен  негізгі  ерекшелігі  –  сол  жылдардағы  қоғамдық 
құбылыстар  мен  түбегейлі  өзгерістердің  «қалың  ортасында  жүріп»,  ел  тағдырын,  ұлт 
тағдырын шешкен «шешімдер қабылдаған» адамның дүниеге әкелгендігінде.   
     
Н.Назарбаев  еңбектерін    тәуелсіз  Қазақстан  мемлекеті  тарихының  дерек  көзі  ретінде 
қарастыруда  олардың  пайда  болуының  себептерін,  алғышарттарын,  яғни  объективтілігін 
және  тарихи  жағдайын  анықтаудың  маңызы  үлкен.  Жұмыстың  кіріспе  бөлімінде 
айтылғандай, Н.Назарбаев 1991 жылдың көктемінде дайындаған «Әділеттің ақ жолы» атты 
еңбегінен  бастап,  2006  жылыдң  қаңтарында  ҚР  Президенті  міндетін  атқаруға  қайта 
кіріскенге дейін бірнеше іреглі еңбектер жинақтар, Жолдаулар және кітапшалар жариялады. 
Солардың  бәрінде  дерлік,  біздің  тікелей  зерттеу  объектіміз  болып  табылатын    -  тәуелсіз 
Қазақстан  мемлекеті  тарихы  туралы  ғылыми  құндылығы  жоғары  мәліметтер  алуға 
көмектесері анық. 
    
Деректанулық зерттеуде сыныптау проблемасының маңызы үлкен. Ол зерттеушіге нақты 
деректің немесе дерек көзінің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға отырып 
зерттеу тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға сай Н.Назарбаев еңбектерін 
тәуелсіз  Қазақстан  мемелекеті  тарихының  дерк  көзі  ретінде  кезеңдік,  хронологиялық, 
тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, формалық, т.б. принциптерге сай сыныптауға болады. 
Мысалы,  1991  жылы  жарық  көрген  «Әділеттің  ақ  жолы»  кеңестік  кезеңде  дайындалып, 
жарияланған еңбекке жатса, басқа дерек көздері ретінде қарсатырылып отырған Н.Назарбаев 
еңбектері тәуелсіздік кезінде жарияланған еңбектерге жатады. 
   
Әдебиеттер: 
1.Атабаев Қ.  Қазақ тарихының деректанулық негіздері. Алматы, 2002ж. 
2.Атабаев Қ.  Деректану. Алматы, 2007ж.,269 бет. 
3.Пушкарев Л. Н. Типологическая классификация русских письменных источников. 
4.  Источниковедение:  теория,  история,  метод.  Источники  Российской  истории:  учебное 
пособие. М., РГТУ. 1998. 


5. Медушевская О.М. Современное зарубежное источниковедение. Москва, 1983 
6. Источниковедение истории СССР. Под ред. Ковальченко И.Д. Москва, 1981 
7.  Абусейитова  М.Х.  К  проблеме  источниковедения  средневекового  Казахстана\\   
Отечественная история. 1988, № 1. 
 
Апта №15 
1 кредит сағат  
Дәріс №29  
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы тарихының деректері  
Дәріс мазмұны: 
1.ҚР  заң  шығарушы  органдарының  шығарған  заңдарының  тәуелсіз  Қазақстан 
мемлекетінің құрылу, қалыптасу және даму тарихының дерегі. 
    
Заң  актілеріне  деректанулық  талдау  жасау,  жүргізілген  түбегейлі  қоғамдық  өзгерістер 
салдарында біздің елімізде жаңа саяси жүйенің қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Әрине, 
ондай  жүйенің  қалыптасу  тарихы  Қазақстан  Республикасы  тарихының  өзекті  мәселесі 
ретінде келешекте жан-жақты зерттелері күмәнсіз.  
     
1995  ж.  29  сәуірде  өткізілген  референдум  қортындысында  ҚР  Президенті  өкілдігінің 
мерзімін  ұзартуды  жақтап  сайлаушылардың  95,  46  пайызы  дауыс  берді.  Бұл 
Н.Ә.Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтындығының айқын дәлелі 
болды.  Бұл  Н.Ә.Назарбаевқа  ,  халық  қолдауына  толық  ие  болған  Президент  ретінде, 
парламент тараған кезде бар жауапкершілікті өз мойнына алып, елдегі түбегейлі өзгерістерді 
одан  әрі  тереңдетуге  мүмкіндік  беретін  жаңа  әрі  жеткілікті  нормативтік-  құқықтық  база 
жасауға жол ашты. Ол экономиканы жандандыруға бағытталған 511 Жарлық шығарды, оның 
132-
сінің заң күші бар еді. 
    
Олар  реформаны  жалғастыру  үшін  өмірлік  қажеттіліктен  туындаған:  «Жер  туралы», 
«Мұнай туралы»,  «Ұлттық банк туралы»,  «Акциздер туралы» ,  «Банкроттық туралы»  және 
басқа  да  заңдар  еді.  Сонымен  қатар  Мемлекет  басшысы  «Қазақстан  Республикасындағы 
сайлау  туралы»  ,  «Қазақстан  Республикасының  Президенті  туралы»,  «Қазақстан 
Республикасының  Парламенті  және  оның  депутаттарының    мәртебесі  туралы»,  «Қазақстан 
Республикасының  Үкіметі  туралы»,  «Республикалық  референдум  туралы»,  «Қазақстан 
Республикасындағы шет ел азаматтарының құқытық жағдайы туралы», «Мемлекеттік қызмет 
туралы», 
«Қазақстан 
Республикасының 
прокуратурасы 
туралы», 
«Қазақстан 
Республикасының  ұлттық  қауіпсіздігі  органдары  туралы»  және  де  басқа  көптеген 
мемлекеттік құрылыс мәселелеріне арналған заң актілеріне қол қойды. 
Мемлекет  құру  iсi-үздiксiз  процесс,  ол  мемлекет  қанша  өмiр  сүрсе,  сонша  уақыт 
жүргiзiле    бермек.  Әлбетте  өмiрдiң  өзi  оған  өзгерiстер  енгiзудi,  соның  iшiнде 
конституциялық  өзгерiстер  енгiзудi  талап  етуi  ықтимал.  Бiрақ  бiр  мәселенiң  басы  ашық, 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  өзi  өмiр  сүрген  жылдардың  iшiнде  өзiнiң 
өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн дәлелдедi, оның басты қағидалары бүгiн де көкейкестi қалпында 
қалып  отыр.  «Қазақстан  2030»  стратегиясында  атап  көрсетiлген:  «Аса  ауыр  жағдайларда 
жинақталған  мемлекеттiк  құру,  саяси  және  оның  дамуы  туралы  бiлiм-бiлiгiмiз», 
қазақстандықтардың  төзiмдiлiгi  мен  түсiнушiлiгi  бiзге  қосымша  күш-қуат  пен  сенiмдiлiк 
үстейдi. 
Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы. 
Елiмiздiң  Қарулы  Күштерiн  құру  iсi  Президент  Н.Ә.Назарбаевтiң  есiмiмен  тiкелей 
байланысты  екендiгi  жақсы  мәлiм.  “Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерiн  құру 
туралы”  Елбасының  1992  жылғы  7-  шi  мамырдағы  Жарлығы  тәуелсiз  Қазақстан  Қарулы 
Күштерi құрылысының бастауы болып табылады. 
Қазақстан  Қарулы  Күштердi  құрумен  қатар  Елбасшылығы  мемлекеттiң  әскери 
қауiпсiздiгiн  қамтамасыз  ету  үшiн  саяси-дипломатиялық  сипаттағы  шараларды  жүзеге 
асырды.  


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау