Көрнекті жазушы Иолық Тегін, аса көрнекті ғалым Әл-Фараби. Иолық Тегін



жүктеу 10,5 Kb.
Дата07.06.2023
өлшемі10,5 Kb.
#42913
Көрнекті жазушы Иолық Тегін аса көрнекті ғалым Әл-Фараби


Көрнекті жазушы Иолық Тегін, аса көрнекті ғалым Әл-Фараби.


Иолық Тегін

Иоллығ тегін - екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны, Күлтегін мен Білге қағанға арналған көне түркі жазба ескерткіштерінің авторы. "Күлтегін" ескерткішінде Иоллығ тегін өзінің ата-бабаларына арнап орнатқан ескерткіштегі жазуларды өзі жазғаны туралы баяндайды. Жырды жазып қалдыру мақсаты туралы былай дейді: "Мұны естіп біліңдер. Көңілімде қандай тәтті сөздерім болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды менен кейінгі ұрпақтарым, көріңдер, ұғыныңдар". А.Бернштамның пікірінше, Иоллығ тегін - Білге қағанның баласы. Көне түркі жазба ескерткіштерінде Иоллығ тегін қаған тегінің мүддесін жақтаушы екенін білдіреді. "Иоллығ" сөзі "жол иесі" дегенді білдірсе, "тегін" лауазымы қағанаттың билеуші топ өкілдеріне берілген. Иоллығ тегін тұсында қытайлықтармен арадағы қатынастардың шиеленісуіне байланысты үш рет елшілік жіберілді. Иоллығ тегін қидандардың қытайлықтарға қарсы қозғалысын жақтап отырды.




Әль Фараби
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат-Түрки – Шығыс ойшылының толық аты. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққан, бұған дәлел оның толық аты жөнінде «Тархан» деген атаудың болуы.
Көрнекті ғалым, философ, математик, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын сағасында орналасқан Фараб қаласында (қазіргі Қазақстанның Түркістан облысының Отырар ауданы) дүниеге келген.
IX-X ғасырларда Фараб (Отырар) қаласы – ірі саяси, мәдени және сауда орталығы, ортағасырлық Еуропа мен Азияны байланыстырып, көптеген саяхатшылар мен саудагерлерді қызықтыратын Ұлы жібек жолының керуен жолдарының торабы болды. Әбу Насыр 20 жасына дейін өзі өмір сүрген Фараб қаласында ғылыми білімнің негізін алды. Мұнда оның Отырар кітапханасының философиялық және ғылыми еңбектерімен танысу мүмкіндігі болды. Отырар кітапханасы кейбір ғалымдардың пікірінше сол кездегі атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең бай және кітап пен қолжазбалар саны бойынша әлемде екінші кітапхана болып саналды. Өсе келе ол Бухараға, Самарқандқа, Шашқа (Ташкент) барып, біраз уақыт оқыды, жұмыс істеді.
Білімін жалғастыру үшін Әбу Насыр Араб халифатының мәдени және саяси орталығы болған Бағдадқа барады. Дәл осы жерде әйгілі аудармашылар мектебі жұмыс істеді. Олар Платон, Аристотель, Гален, Евклидтің еңбектерін аударып, бұл еңбектерге ғылыми түсініктемелер жазатын. Бағдадта Әбу Насырдың тәлімгерлері Джуханна ибн Хайлан және араб тіліндегі ежелгі мәтіндердің атақты аудармашысы Абу Бишр Матта болды. Ғалым әл-Фараби ондаған тілдер мен диалектілерді меңгерді, ал түрік, араб, грек, парсы тілдерін жетік білген, оның дәлелі – жазған еңбектері.

Әл-Фараби Аристотель, Платон және басқа да ежелгі грек философтарының еңбектерінің түпнұсқасымен танысуға мүмкіндік алды. 941 жылы белгілі ғалым ретінде аты баршаға мәлім болған әл-Фараби Дамаскіге көшіп келіп, қалған өмірін осы қалада, ғылыми жұмыстармен айналысумен өткізеді. Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельдің және Платонның шығармаларына жазылған түсініктемелердің авторы. Осыған байланысты әл-Фараби Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанды. Әл-Фараби Аристотельдің «Категория», «Герменевтика», «Софистика», «Риторика», «Логика» және «Поэтика» сияқты туындыларына, сонымен қатар Порфирийдің «Философияға кіріспе» сияқты туындысына және басқа да ойшылдардың туындыларына түсініктемелер жазды. Фарабидің төл шығармаларының ішіндегі ең белгілілері – «Даналық маржандары», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат», «Философиялық трактаттар» және «Музыка туралы үлкен кітап».


Еуропада XII-XIII ғасырларда әл-Фараби еңбектері латын және иврит тілдеріне аударыла бастады. 1930-1932 жж. Парижде француз ғалымы барон Рудольф д’Эрланже «Музыка туралы үлкен кітаптың» бірінші бөлімін француз тіліне аударып, жарыққа шығарды.
Әл-Фараби есімі әлемдік ғылым мен мәдениет тарихында қомақты орын алады. Оның еңбектері еуропалық Қайта өрлеу дәуіріне үлкен әсер етіп, Батыс пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларын байланыстыратын көпір болды. Қазақстанда әл-Фараби мұрасын зерттеу мәселелері ХХ ғасырдың екінші жартысында көтерілді. Атап айтқанда, 1960 жылы 15 қазанда Ақжан Машанов (Машани) деген ғалым Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті академик К.И. Сәтбаевқа әл-Фараби мұрасын зерттеу және еңбектерін аудару туралы ғалымдардың идеясын қолдауды сұрап: «Ұлы әл-Фараби біздің жерлесіміз, бірақ біз ол туралы аз білеміз …», – деп атап өткен болатын. Осы уақыттан бастап ғалымдарымыз әл-Фарабидің өмірі мен шығармаларын зерттей бастады.
Фарабитануға қомақты үлес қосқандар қатарынан ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми орталығының негізін қалаушы А.Х. Қасымжанов; араб тілін меңгерген және әл-Фараби математикасы бойынша докторлық диссертация қорғаған әйгілі математик А.Көбесов; академик, философ М.Бурабаев сияқты ғалымдарды; белгілі қазақ жазушысы Ә.Әлімжановты атауға болады.
1970 жылы маңызды іс-шара – Ақжан Машани мен Ағын Қасымжановтың ұйымдастыруымен әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай Алматы, Мәскеу және Бағдатта ЮНЕСКО мен Қазақ КСР Үкіметінің қолдауымен бір уақытта өткізілген әл-Фараби мұрасы жөніндегі халықаралық конференция өтті.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бұл саланың зерттеу қарқыны үдете түсті. 1991 жылдың 23 қазанында Қазақ ұлттық университетіне әл-Фараби есімі берілді.
Әл-Фарабидің музыкалық аспаптар жөніндегі еңбектерінің маңызды болатын себебі, ол өз заманындағы музыкалық аспаптарды зерттегендігінде еді. Олар: үрлеп тартылатын: най, сыбызғы, қыпшақ; ішекті уд, чанг, рубаб, шахруд, дутар, қобыз, танбур, канун; ұрып ойналатын: нагора, тыйбл, дойра және басқалар. Ол жазған аспаптардың кейбірі бүл күнде жоқ немесе жетілдіріле келе дәуір өзгерген.
Әл-Фараби көне музыкалық аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап соны қайта жаңғыртумен байланыстырады. Мысалы, құмның сусылы, үңгірлерде желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры т. б. Қазақтың үскірік аспабының аталуы желдің үскіріп соғуына байланысты туған. Ал, ұрып ойналатын аспаптар негізінен ағаш пен көн теріні, сүйекті пайдалану негізінде дамыған. Мүйізден, қамыс сабағынан үн шығару үрлеп тартылатын аспаптардың бастамасы еді. Шығаратын үнінің ақырын немесе қатты естілуіне, сондай-ақ сыр-сипатына қарай тұрмыста түрліше дамып отырған. Бұл жайында әл-Фараби: «Соғыстар мен шайқастарда пайдаланатын; би, үйлену тойы, сауық-сайран үшін қолданылатын және махаббат жырларын сүйемелдейтін аспаптар болады»— деп жазған. Үрлеп тартылатын аспаптардың ащы даусын және ұрып ойналатын аспаптардың күшті даусын ұрыстарда, аңға шыққанда, шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген.
жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау