Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет47/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

Бала өз ар-намысына және абыройына ешкім қол сұқпа-
уына мұқтаж. Өз қасиеттерін, қабілеттерін, көзқараста-
рын, өзінің қоғамдық орнын ішінен бағалау тұлғаның 
абыройы түсінігін құрайды. Ар-намыс пен абырой тура-
лы түсінікті қалыптастыру көбінесе баланың өз пікірін 
білдіру құқығын мойындауға байланысты болады.
Бала өзінің дербестігіне ешкімнің 
қол сұқпауына ересектерден кем 
емес дәрежеде мұқтаж. Тірі ағзаның 
адами тұлғасының дербестігіне қол 
сұқпау нені білдіреді? Тұлға дербе-
стігіне қол сұғу алуан түрлі болуы 
мүмкін, соның ішінде, физикалық, 
адамгершілік, психикалық, ақпарат-
тық тұтастықты бұзу бар. Бала еркін, 
дені сау тұлға болып өсуге мұқтаж, 
ал бұл мұқтажықты өтеу баланың 
құқықтары сақталусыз еш мүмкін 
емес.
Сондықтан, ата-ана ұлының немесе қызының барлық ой-
ларын және сезімдерін кез-келген тәсілмен «қазбалама-
уы» тиіс. Балаға қамқорлық көрсету керек, мінез-құлқын 
сыпайы ғана түзетіп отыру қажет, оны толғандыратын 
тақырыптарды ашық талқылау қажет, бірақ ешбір 
жағдайда баланың не сезетіні және не ойлайтыны 
туралы бұйрықты үнмен есеп талап етуге болмайды. Со-
нымен бірге, отбасында сенімді қарым-қатынас орнаса, 
бала өзін толғандыратын, қуантатын, көңілін жабырқата-
тын мәселелермен өзі бөлісетін болады.
Бірақ бұл барлығын 
бетімен жіберу дегенді 
білдірмейді – балаға не 
болып жатқанын бақы-
лап отыру қажет. Қажет 
болмаса, араласпау керек, 
бірақ, түйіткілді мәселе 
шынымен орын алса, оны 
жалғыз қалдырмау керек.
190
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ 
28


Ата-ана баласына өздерінің шексіз махаббатын, оны 
қабылдайтынын көрсетуі, баланың сүйікті, көп күткен 
перзент екенін, бала теріс қылық жасаса да, әкесі мен 
анасы оны жақсы көретінін және қателігін түзетуге 
дайын екенін жиі есіне салып тұруы маңызды. Әрі әке 
мен анадан жан жылуы есіп тұру тиіс – балалар қанша 
жаста болмасын, сол жан жылуын қажет етіп тұрады. 
Егер ата-ана ұлына немесе қызына қысым көрсетсе, оны 
тұлға ретінде сынап-мінесе, ерте ме, кеш пе, бұл жауап-
ты ашу-қаһар шақыруға немесе өз-өзіне үнемі сенімсіз 
болуға алып келері анық.
Бірінші кезекте бала үшін ата-ана жауапты, сондықтан, 
ата-ана балаға жеке өмірі болу құқығын бергенде 
немесе осындай құқықтан айырғанда қандай тәуекел-
ге баратынын, өзіндік жеке себеп-сылтаулары қандай 
екенін түсінуі тиіс.
БАЛАНЫ АТА-АНА МАХАББАТЫНАН 
АЙЫРУ АРҚЫЛЫ ЖАЗАЛАУҒА ЖОЛ БЕРУГЕ 
БОЛМАЙДЫ!
БАЛА, ЕҢ АЛДЫМЕН, ОТБАСЫ МҮШЕСІ БОЛУҒА 
ҚҰҚЫЛЫ. ПСИХОЛОГ БАЛАҒА ЖӘНЕ АТА-АНАСЫНА 
ОТБАСЫНЫҢ СУРЕТІН САЛУДЫ ҰСЫНАТЫН СЫНАҚ 
ТҮРІ БАР.
Әрі көбінесе балалар мен ересектердің суреттерін әртүрлі 
болады. Бала суретке өзін салмаса, бұл – алаңдататын жайт, 
бұл баланың өзін отбасы мүшесі ретінде санамайтынын 
білдіруі мүмкін. Бала отбасының бір бөлігі болуға мұқтаж 
– отбасынан тыс тәрбиеленетін балалар құрдастарынан 
психикалық және физикалық дамуда артта қалатыны анық 
дәлелденгені белгілі. 
191
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ 
28


Сонымен, Алиса Миллердің «ережелері»: баланы «жаны өлі» 
етіп қалай тәрбиелеу немесе оның жанын қалай өлтіру керек:
1. 
Ата-ана – өздеріне тәуелді баланың қожайындары.
2. 
Олар ненің жақсы, ненің жаман екенін анықтайды.
3. 
Бала олардың ашу-ызасы үшін жауапты.
4. 
Ата-ана әрдайым қорғаулы болуы тиіс.
5. 
Баланың өмірде өзін-өзі танытуы шексіз билікке ие ата-а-
наға қауіп тудырады.
6. 
Баланың еңсесін неғұрлым ертерек түсіріп, жасытып тастау 
қажет.
7. 
Осының барлығы бала әлі кішкентай болғанда, ол «білмей 
қалатындай» және ата-анасын әшкере ете алмайтындай 
етіп жасалуы тиіс.
Осындай жағдайларда көнбістікке қол жеткізудің әдістері 
келесідей болуы мүмкін: психологиялық қақпандар, алдау, 
екіжүзділік, жалтару, сылтау айту, айла-шарғы жасау, қорқыту 
тактикасы, махаббатын қабыл алмау, оқшаулау, сенімсіздік, 
қорлау, кемсітіп келемеждеу және мәжбүрлеу, тіпті азаптау. 
Егер «улы педагогика» ережелері сақталса, оның түпкі нәтижесі 
кепілдендірілген. Сіз «жаны өлі» бала тәрбиелейсіз, ал ол есейе 
келе өзі «жаналғышқа» айналуы мүмкін.
Баланың жеке өміріне араласу үшін ата-аналар ресми 
желеу ретінде қолданатын ең кең таралған пікір келесі-
дей: 
«Біз оған бақыт тілейміз». «Сенің игілігің үшін» – деп 
аталады Л. Шенгольд және А. Миллер атты ағылшын пси-
хологтарының кітабы, онда отбасында физикалық және 
психологиялық зорлық-зомбылыққа душар болған бала-
лардың өмір-тарихы баяндалған. Олар жеке тәжірибесін-
де орын алған және түрлі әдебиет көздерінен алынған 
оқиғаларды, соның ішінде, балалық шағы психологиялық 
зорлық-зомбылық үлгілеріне толы болған А.Гитлердің 
өмірін талқылаған. «Жаны өлі» және «улы педагогика» 
ұғымдары осы авторларға
тиесілі.
192
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ 
28


Не істеу керек? Психологтар осындай «тәрбиенің» себептері 
ата-ананың мақсатты түрде қаскүнемдерді тәрбиелеуде емес 
екенін түсінеді. Демек, олардың басқаша емес, дәл осылай жа-
сауына өзіндік себептері бар. Олар бәрін баланың игілігі үшін 
ғана жасайтынына шын жүрегімен сенеді. Баласын жарымжан 
ете отырып, осындай ата-ана «Бәрі сенің игілігің үшін» дейді 
және солай ойлайды.
Аталмыш себептер арасында келесілер болуы мүмкін:
1. 
Кезінде өз басынан өткен қорлыққа өзге біреуді душар 
етуді түйсік деңгейінде қажетсіну.
2. 
Тұншықтырылған сезімдерін сыртқа шығаратын әдіс 
табуды қажетсіну.
3. 
Өз дегенімен жүргізу үшін иелігінде тірі нысан болуын 
және оны иеленуді қажетсіну.
4. 
Өзін-өзі қорғау, ата-анасының педагогикалық қағида-
ларын өз баласына тікелей қолдану арқылы өз балалық 
шағын және өз ата-анасын мінсіз етіп көруді қажетсіну.
5. 
Кезінде тұншықтырылған қасиеттердің пайда болуынан, 
белең алмай тұрып жойылуы тиіс қасиеттер баласының 
бойынан табылуынан қорқу.
6. 
Кезінде өз басынан кешірген ауыртпалық үшін кек алу.
Көп ата-аналар баласының жеке кеңістігіне араласуын 
бала ата-анасымен өз еркімен байланысқа түспеуімен 
түсіндіреді және өз мінез-құлқын қамқорлықпен, 
алаңдаушылықпен, әлдебір маңызды жайтты жіберіп 
алғысы келмейтінімен ақтауға тырысады.
Егер әлдекім бізге жақындай түсуін қаласақ, ол осыны 
қалайтындай әрекет жасау керек. Алайда, бұл жерде 
«үлкен қамқоршы комплексі» кедергі болады – ата-ана 
балалары өздерін дүниеге әкелгені үшін оларға уақытын 
жұмсайтыны, көмектесетіні, тап болған қиындықтарын 
шешетіні, қамқорлық көрсетіп, әртүрлі қуантатын шара-
лар ұйымдастыратыны үшін қарыздар болуы тиіс деп 
іштей сенімді болады. Бірақ… ешкімге «үлкен қамқор-
шы» керек емес, себебі, ол «үлкен қамқоршы» болса, 
оған өмір бойы кіріптар боласың. Ал ол болса, сені 
сыйламайды. Ешкім тіпті көп пайда көрсе де, өзін кеміс 
сезінгісі келмейді – ал балалар, айтпақшы, өз ар-намы-
сына қатысты айтылған сынға және қорлыққа әлдеқайда 
сезімтал болады, себебі, олардың ересектерді қорғап 
тұратын «сауыты» әлі қалыптасып үлгерген жоқ.
193
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ 
28


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау