Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет41/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48

БІР-БІРІНЕ БАУЫР 
БАЛАЛАРДЫ 
ТӘРБИЕЛЕУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
25
165


Дәл сондай маңызға келесілер де ие:
бауырлар арасындағы қарым-қатынасты анықтай-
тын ананың қарым-қатынасы; 
жасы үлкенірек балалардың жасы кішірек балалар-
дың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал 
етуі; 
ағасының немесе әпкесінің жынысының баланың 
өзін бір жыныспен сәйкестендіруге ықпал етуі;
жасы үлкенірек баланың қоғамдық мінез-құлқын 
және жауапкершілік сезімін қалыптастыруға септе-
сетін шарт ретінде кіші бауырларына күтім көрсетуі.
Белгілі бір жағдай аясында кішкентай оқушы үшін 
эмоционалдық тұрғыдан маңызды отбасы мүшесі 
ата-анасының бірі, сонымен қатар, ағасы (немесе әпкесі) 
болуы мүмкін. Қиын жағдайда (мысалы, айырылысуда, 
кіші бауырларына сыйлық таңдау кезінде) ең маңызды 
отбасы мүшесі болып анасы табылады. 
Сонымен бірге, бос уақыт өткізуде 
маңызды отбасы мүшесіне ағасы не 
әпкесі айналады, себебі, ол ойында 
немесе бірлесіп айналысатын істе 
серіктес ретінде маңызды.
Б
ала тұлғасының қалыптасуы отбасында басталады. Ең 
маңыздысы - ересектермен ғана емес, қатарластарымен, 
баладан аздап үлкен не кіші балалармен қарым-қаты-
нас құру. Ағалы-қарындастар немесе апалы-сіңілілер 
бар отбасыларында олардың арасындағы өзара 
қарым-қатынас та әрбір баланың тұлғасының дамуына 
ықпал етеді.
Шетелдік психологияда негізгі зерттеу бағыттарының 
бірі болып отбасында туылған ретіне байланысты бала-
ның даму ерекшеліктерін зерттеу табылады. Аға-інілері 
және әпке-қарындастары арасындағы баланың орны 
оның алдағы өмірінде ерекше мәнге ие екені айтылады. 
Бұл орын отбасындағы балалар санымен, жынысымен 
және туылу аралығымен анықталады. Балалардың жасы 
шамалас болған сайын, даму барысында олар бір-бірі-
не көбірек ықпал етеді. Баланың отба-
сында туылу реті (орны) шешуші 
маңызға ие деп саналады.
166
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
25


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖӘНЕ БАЛДЫРҒАН. 
Бірлесіп жасалатын әрекет – ойын (ойыншықтармен, 
қимыл-қозғалысты талап ететін ойындар ойнау). Балалар 
көп уақытын бірге өткізеді. Балалардың үлкені де, кішісі 
де анасымен сенімге толы жақын қарым-қатынас орна-
тады. 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖӘНЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА 
ДЕЙІНГІ БАЛА. Бірлесіп жасалатын әрекет – ойын (ойын-
шықтармен, компьютер ойындарын ойнау). Қандай бол-
масын қиындық (оқуда, басқа адамдармен қарым-қа-
тынаста) туса, балалардың екеуі де анасына жүгінеді. 
Дау-жанжал жиі шығып тұрады, себептері – өзара бөлісе 
алмаған ойыншықтар және басқа да заттар.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 
ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМ. Бірлесіп 
жасалатын әрекет – сурет салу, 
кітап оқу. Қандай болмасын 
қиындық (оқуда, басқа адамдар-
мен қарым-қатынаста) туса, ба-
лалардың екеуі де анасына жү-
гінеді. Дау-жанжалдар, көбінесе, 
жасөспірімнің ашушаңдығынан 
туындайды.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ 
ЖӘНЕ НӘРЕСТЕ. Бірлесіп жаса-
латын әрекет – ойын. Сондай-ақ, 
бірлескен әрекет анасына сәбиге 
күтім көрсету барысында көмек 
көрсету түрінде жүзеге асыры-
лады. Балалар көп уақытын бірге 
өткізеді. Жасы үлкенірек баланың 
анасымен сенімге толы жақын 
қарым-қатынасы орнайды.
ЖАС АЙЫРМАШЫЛЫҒЫНА ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ БАУЫРЛАР АРАСЫН-
ДАҒЫ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ КЕЙБІР ЕРЕК-
ШЕЛІКТЕРІ.
Балалар арасындағы жас айырмашылығы неғұрлым аз 
болған сайын, олардың арасында дау-жанжал жиірек 
туып отырады, ал себептері жеңіл-желпі болады: мы-
салы, мектепке дейінгі жастағы және бастауыш сынып 
оқушылары көбінесе бір затты немесе ойындағы жеңісті 
бөлісе алмай жанжалдасады. Жас айырмашылығы алшақ 
болған сайын, дау-жанжал да аз, бірақ себептері күр-
делірек болып келеді.
167
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
25


Тұңғыш бала жалғыз бала сияқты тәрбиеленетінінен бастайық. 
Кейін, өзінің осы мәртебелі орны үйреншікті болып кеткенде 
ата-анасының жүрегіндегі оған тиесілі орнын жаңа туылған 
сәби иемденеді. Осындай «басып алу» 5 жасқа дейін орын алса, 
әрі, екінші бала өзімен бір жынысты болса, оған аса ауыр тиеді. 
Бұл тұңғыш балалардың мінез-құлқындағы жалпы орныққан 
мінез-құлықты көрсетуге итермелейді: ата-анасы өзін жаңа 
туылған сәбиден де қаттырақ жақсы көруі үшін жақсы бала 
болуға барын салады. Тұңғыш бала, әдетте, ата-анасының көп 
қасиеттерін бойына сіңіреді: ол тәрбиеші бола алады, өзіне жа-
уапкершілік жүктеуге және көшбасшы рөлін атқаруға қабілетті. 
Биік жетістіктерді көздеу балалардың үлкенін адал және бай-
салдырақ етеді. Бірақ, ол өзіне тағылған сынға аса сезімтал.
КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫНДА БАУЫРЛАР АРАСЫНДАҒЫ 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕ БОЛАДЫ. ӘДЕТТЕ, БАЛА-
ЛАРДЫҢ ЕҢ КІШІЛЕРІ ӨЗАРА ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫ-
НАСТА БОЛАДЫ. Осындай отбасындағы үлкенірек балалар 
жеке топты құрайды, ондағы қарым-қатынас жалпы бауыр-
лар арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегінен әлдеқайда 
тығыз болады. Үш балалы отбасында өзара қарым-қатынас 
жас айырмашылығына байланысты болады, жас аралығы 
қысқа болған сайын, балалар өзара көбірек әрекеттеседі, 
осылайша, бір-біріне ықпал етеді. 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЖӘНЕ БОЗБАЛА (БОЙ-
ЖЕТКЕН). Бірлесіп жасалатын әрекет – фильм көру, 
серуендеу, әңгімелесу. Қандай болмасын қиындық (оқуда, 
басқа адамдармен қарым-қатынаста) туса, бастауыш 
сынып оқушысы үлкен ағасына немесе әпкесіне жүгінеді.
КІШКЕНТАЙ БАЛАНЫҢ ҮЛКЕН БАЛАДАН 
АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
ТҰҢҒЫШ БАЛАЛАР. Тұңғыш балалар әдетте көбірек жауап-
кершілікке, көбірек құқықтарға және міндеттерге (соның ішінде, 
мүлікке, атаққа, мәртебеге мұрагерлік құқықтарына) ие болаты-
ны -  тарихи заңдылық. Сәйкесінше, тұңғыштар – салт-дәстүрді 
жалғастырушылар: олар жауапты, көбінесе, ескі көзқараста, 
жетістіктерге жетуге тырысады, отбасы намысын және абырой-
ын қызғыштай қориды. Неге бұлай болады?
168
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
25


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау