Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет12/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48

Басқару дағдылары бірден игерілмейді, сондықтан, 
балаңыз көбірек жаттығуы үшін сізге оны ынталандырып 
отыру қажет. Егер балақай түймесін сала алмай, көп әуре-
ленсе, оған кедергі жасамаңыз. Әлбетте, сіз оны тез жасап 
бере аласыз, бірақ ол өзі үшін әзірге қиын тапсырманы 
өзі орындап шығуы тиіс. Балаға қақпақтарды бұрауды, 
заттарды жіпке тізуді, аузы жіңішке ыдысқа су құюды 
үйретіңіз. Бұл істе сізге арнайы ойыншықтар көмекші 
болады. Балаңыздың ойыншықтары арасында міндетті 
түрде қарапайым құрастырғыш және пирамидалар болуы 
тиіс.
1 жастан 2 жасқа дейін балалар ересектерге белсенді 
түрде еліктей бастайды, демек, сіз өзіңіз қандай да бір 
спорт түрімен айналыссаңыз - баланы да соған баулу-
дың ең оңтайлы сәті осы. Баланың жасына сай спорттық 
құралдар сатып алыңыз, әрі, мүмкіндігіңізше, балаға 
өзіңіз жасайтын қимыл-әрекеттерді жасауға мүмкіндік 
беріңіз. Бұл кезең - таңертеңгілік жаттығу жасау сынды 
пайдалы әдеттерді қалыптастыруға аса қолайлы кезең.
ҮЙДЕ ЖАТТЫҒУ ҚАБЫРҒАСЫН ОРНАТЫП ҚОЙСАҢЫЗ, 
ТІПТЕН КЕРЕМЕТ БОЛАДЫ.
КЕШЕН 3
1. Секіру
Баланы қолынан немесе қолтығынан ұстап тұрып, бір орында 
жоғары-төмен секіруді ұсыныңыз, секіріп жатқанда тақпақ 
айтып тұруға болады: «Секең-секең етеді, қырдан асып кетеді, 
селтеңдеген лаққа, еркелігің жетеді». Осы дағдыны жетілдіруге 
келесі ойын түрі жаттығу бола алады: ойыншықты қолыңызға 
алып, жоғары көтеріңіз, баланың басынан онша алшақ емес 
қашықтықта ұстаңыз, бала секіріп көруге талпынсын. 
2. Жасырынбақ ойнау
Баладан тығылып қалыңыз, сізді іздесін. Оған дауыс беріп 
тұрыңыз: «Ау! Мені іздеп тап!» Бала сізді тауып алғанда оны 
көтеріп алып, шыр айнала жөнеліңіз, баланың қуанышы еселене 
түссін. Содан соң, балаға жасырынуды үйретіңіз, ал сіз іздейтін 
боласыз. Бірақ ұзаққа созбаңыз, бала сіздің оны шақырғаныңы-
зды естісін, сізді бақылап тұрсын. Бұл жаста балалар, әдетте, 
көп тығылып тұра алмайды, жасырынған жерінен өздері шығып 
алады.
41
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


3. Өрмелеу
Түрлі-түсті ойыншықты диван үстіне қойыңыз. Оны алу үшін 
бала диванға өрмелеп шығып, өрмелеп түсуі тиі.
Қандай да бір әдемі затпен баланы қызықтырып, орын-
дықтың астынан төрт аяқтап өтуге итермелеңіз.
Баланы әртүрлі заттарға, мысалы, үлкен қорапқа өрмелеп 
шығып кіруді және одан шығуды үйретіңіз. Бастапқы кезде 
оған көмектесіп тұрыңыз.
4. Аттау
Еденге бала аттай алатындай әртүрлі заттарды қойыңыз. Баланы 
қолынан ұстап бөлменің ішінде жүргізіңіз. Бала алдында кезде-
скен әрбір кедергі алдында кідіргенде алдымен бір аяғын, сосын 
екінші аяғын көтеріп, аттауға көмектесіңіз.
5. Доппен ойнау
Баланың қолына шағын доп ұстатыңыз, оны еденге лақты-
руға көмектесіңіз. Енді допты баланың жанына қойыңыз, 
оны өзі алып, жерге лақтырсын. Келесі қадам – допты ұста-
уға, нақтырақ айтқанда – оны қармауға үйрету.
Баламен бірге еденге қарама-қарсы отырыңыз, екі аяғыңы-
зды екі жаққа созыңыздар да, допты бір-біріңізге қарай 
домалатыңыздар. Өзіңіз бен бала арасындағы қашықтықты 
бірте-бірте алшақтата беріңіз.
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту үшін әуе шарла-
рымен ойналатын ойындарды пайдаланыңыз. Алдымен 
бір шармен, ал кейін екі-үш шармен ойнаңыздар. Мысалы, 
шарды үнемі жоғары қарай лақтыра отырып, еденге түсір-
меу қажет.
Көз мөлшерін дамыту үшін допты шағын картон қорапқа 
лақтырыңыздар. Алдымен қашықтық қысқа болуы тиіс, 
бірақ бірте-бірте алыстай беруі қажет. Балаға осы жаттығу-
ды жасауға көмектесіңіз, нәтиже шығаруға емес, баланың 
осы іске қызығушылығын оятуға ұмтылыңыз.
Бала өседі, жетіледі, көбінесе, 3-4 жаста ата-аналар баласын 
спорт үйірмелеріне береді, кәсіби спортқа баулуға тырысады.
42
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


3-4 жасар балаға келесі жаттығулар пайдалы болады:
КЕШЕН 4
1. Төмендегі қабілеттерді дамытуға бағытталған доппен ойна-
латын ойындар: 
- моторика (ептілік, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі, шапшаңдық); 
- көз мөлшері, эмоционалдық сала (жеңіле білу, ережелерді 
сақтай білу).
Балаға доппен ойнауды ұсыныңыз:
• 
допты жоғары лақтырып, қос қолдап ұстау;
• 
мейлінше жоғары секіруі үшін допты еденге ұру;
• 
допты аяқпен тебу – кімдікі алысқа домалайды;
• 
допты бір-біріне лақтыру және ұстау;.
• 
бірте-бірте қашықтықты алыстата отырып, допты қорапқа 
тигізу (қос қолдап, оң қолмен, сосын сол қолмен); 
• 
допты алғы қарай баяу домалатыңыз, бала оны басып озуы 
тиіс;
• 
допты орындықтың екі сирағы арасынан өтетіндей етіп 
домалату (қос қолдап, оң қолмен, сол қолмен, аяқпен – 
алдымен біреуімен, артынан екіншісімен).
2. «Биіктен секір» жаттығуы
Баланы аласа орындыққа тұрғызып, одан секіруді үйретіңіз. 
Бастапқыда оған көмектесіп тұрыңыз, «Аяғыңды бүк, енді 
аяғыңды жазып, төме секір» деп демеу көрсетіп тұруға болады. 
Баланы мақтаңыз: «Жарайсың, қандай шебер едің!» 
3.  Қарғып секіру жаттығуы
Жіпке кәмпит, ойыншық немесе басқа да заттар тізіп, бала 
қос аяқтап секіріп, қолымен бір затты қармай алатындай етіп 
байлаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КӘСІБИ СПОРТ – БАЛАНЫҢ 
ТАБИҒИ ФИЗИКАЛЫҚ ДАМУЫ ЕМЕС! БҰЛ - АСА КҮШТІ 
ҚОСЫМША ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮКТЕМЕ, 
КӨБІНЕСЕ БАЛА МҮМКІНДІКТЕРІНЕН АСЫП ТҮСЕТІН 
ЖҮКТЕМЕ! Тым көп жаттығу жасау, буындарға, бұлшық ет-
терге және т.б. (спорт түріне қарай) шамадан тыс күш түсіру 
көбінесе буындардың, сіңірлердің және т.б. ерте бүлінуіне 
алып келеді. Әрбір осындай спорт түрінің өз салдары бар. 
Әрине, таңдауды ата-ана жасайды, сондай таңдау жасаған 
ата-аналар оның ықтимал салдарынан да хабардар боулы 
тиіс, әрі, әлбетте, әрдайым баланың мүддесін қорғауы тиіс: 
егер сіз таңдаған спорт түрі балаға ұнамаса – басқасын 
іздестіріп көрген жөн. Сондай-ақ, баланың сезімдерімен 
ойнау да қауіпті: «Қыз құсап үлбіреп тұрғаның не? немесе 
«Мен сенің жасыңда...» деп жазғыру бала психикасына 
айтарлықтай зақым келтіре алады. Бұл мәселеде мақсаттар 
мен құралдарды өзара теңестірген әрдайым маңызды. 
43
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау