Балалардың дамуындағы келесі ерекшеліктер туралы есте
сақтау қажет: ерік-жігер күшінің негізін тілек-қалау құрайды.
Тілек-қалаусыз бала өзін-өзі жеңе алмайды. Ал баланың қалауы
пайда болуы үшін оған әсер алу қажет. Бұл, әсіресе, нәрестелер
үшін айрықша маңызды. Олар неғұрлым есте қаларлық сезім
әсерлерін алса, әлемде болып жатқан өзгерістерге атсалысу
ниеті соғұрлым тезірек пайда болады. Дыбыстар, әуендер,
ұстағанда әртүрлі әсер тудыратын заттар мен ойыншықтар,
ата-ана алақанының жылуы – осының барлығы баланың өз қа-
лауының пайда болуына септігін тигізеді. Әсіресе, тонусы төмен,
тым байсалды нәрестелер үшін тілек-қалауларын ынталандыру
барынша қажет.
Кішкентай бөбектің алғашқы ерік-жігер белгілерін байқау қиын
емес: кеше ғана ол алдында ілініп тұрған ойыншықтардың қа-
лай қозғалатынын қарап жатты, ал бүгін ол осы ойыншықтарды
жақынырақ көргісі келеді, оларға қолын созады. Қызыққан ба-
лалар көзіне көрінгеннің барлығын ұстағысы келеді. Міне, осы
- бала өз қалауы мен оларға қол жеткізу үшін қажетті әрекеттер
арасындағы байланысты түсінуіне
арналған жаттығу.
Балаларының ерік-жігерін шыңдағысы келетін ата-аналар
келесі ережелерге бағынады:
1.
үйренуі тиіс дағдыларды баланың орнына жасамау, бірақ
дағды игеру ісінде жетістікке жетуіне жағдай жасау;
2.
баланың өз бетінше әрекет етуін қамшылау, жетістіктері
үшін қуану сезімін тудыру, баланың бар қиындықтарды
жеңе білу қабілетіне деген сенімін арттыру;
3.
тіпті кішкентай балалардың өзіне ересектер оларға қо-
ятын талаптардың, шешімдердің мақсатын және орын-
дылығын түсіндіру;
4.
баланы бірте-бірте өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.
Мектеп жасындағы бала үшін оның орнына әрекет етпеу,
керісінше, оңтайлы шешім қабылдауға жетелеу және алға
қойған мақсатына міндетті түрде қол жеткізуге итермелеу.
Баланың ерік-жігерінің дамуы мен түзелуі оның күнделікті ере-
сектермен тікелей қарым-қатынасы (тілдесуі) барысында орын
алады. Төменде осындай қарым-қатынас үлгілері келтірілген.
Олар жақындары баланың өзін-өзі қадағалауын ерік-жігеріне
бағындыруға қалай итермелей алатынын көрсетеді. Әрбір үлгі
ерік-жігер күшінің белгілі бір көрінісіне негізделген: мақсат
таңдау, кедергілерді еңсеру және күш салу, жоспарлау және
болжау, баға беру және т.б. Әрі қарай сипатталған нақты ойын-
дар мен тапсырмалар да балалардың ерік-жігерін нығайтуға
бағытталған.
27
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5
ТЫМ КӨП ТЫЙЫМ САЛУДЫҢ
ҚАЖЕТ ЖОҚ, ОДАН ДА ҮЙДЕГІ
КЕҢІСТІКТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІҢІЗ.
Баланы етбетінен жатқызыңыз, қашықтау, бірақ қолы жететін
жерге түрлі-түсті ойыншық қойыңыз. Келесі күндері ойын-
шықты қол созуға, ембектеуге тура келетіндей етіп, алысырақ
қойыңыз.
Өсіп келе жатқан бөбек белсендірек қимылдай бастағанда –
жүре бастағанда, оған өз қалауларының күшін сездіріңіз. Бір
жасар балалар әртүрлі заттардың үстіне шыққанды, өрмелеген-
ді, кедергілер арқылы өткенді жақсы көреді. Осылайша олар өз
денесінің мүмкіндіктерінен хабардар болады, өз дербестігіне,
ептілігіне көз жеткізеді, сөйтіп мақсаттылық іргетасын қалайды.
Кез-келген жастағы баланың физикалық белсенділігін ынталан-
дырып отырыңыз – бұл балаға кең мағынада «өзі-өзі билеуді»
үйренуге көмектеседі.
Екі жастан кейін баланың белгілі бір, мәселен, тазалыққа және
тәртіпке қатысты әдеттері қалыптасқаны жөн. Бұл да ерік-жі-
гердің дамуына өз үлесін қосады.
Балаға көмектесу үшін оның сүйікті жұмсақ ойыншықтарын
оларға бақылаушы қызметін беріп, пайдалануға болады:
«Қара, біздің Ақбота қуыршағымыз келіпті, ол не дейді,
тыңдашы: «Барлық балалар далада серуендеп жүр, Аяулымға да
далаға шығу керек». Қара, Ақбота бізге сенің кеудешеңді алып
келіпті. Ақбота қара, Аяулым өзі киініп жатыр». Баланың жігерлі-
гігін ынталандыра отырып, аралық мақсаттарды пайдаланыңыз.
Мысалы, дүкенде баратын жол алыс, ал балақай қыңқылдап,
өзін көтеруін қалап тұр. Баланың көңілін аулаңыз: «Қара, қандай
әдемі көлік, жүр, жақынырақ барып көрейікші. Ал ана жерде
кішкентай мысықтар бар екен, жүр, соларға барайық. Ал, кім
баспалдаққа бірінші жетеді екен?! Міне, келіп те қалдық».
Ойын түріндегі әрекеттерді өзін-өзі қадағалау қабілетін мең-
геру үшін, мысалы, шулы ойыннан тыныш ойынға көшу үшін
пайдаланған жақсы. Бала доппен бірге жүгіріп, тоқтай алмайды.
«Менің кішкентай «тышқаным» қайда екен?» Балаға мысық
келе жатқанын, тышқанды ұстап алатынын айту керек. Міне,
«кішкентай тышқан» (балаға қаратып айтамыз). Аяулым, кішкен-
тай тышқан, сен қалай жүгіресің? Мысық естіп қалмауы үшін
ақырын жүгіресің. Ал енді, кішкентай тышқан, ініңе кір, анаңның
жанына бар, мысық бізді таба алмайды». Бала диван үстіне
шығып, кітап қарайды. Рөлдік ойын баланың өз белсенділігін
реттеуге үйретеді.
1 ЖАС
2 ЖАС
28
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5
Ширақ, еті тірі балаға жүрдек пойыздың жүргізушісі
болуын ұсыныңыз. Бірақ, пойыздың аялдамалары бар
(тез жүгіру ара-тұра тоқтатылады) – жолаушылар мен
жүктерді түсіріп, жаңаларын алу керек. Кішкентай пойыз
жүргізушісі ойын барысында ата-анасына үй жинасуға
көмектесе алады – анасын асүйге дейін «жеткізіп сала
алады», текшелерді қорапқа «тасымалдай алады»... Бұл
тәсіл серуендегенде де баланың әрекеттерін қолдау
үшін жарайды: серуендегенде әртүрлі жан-жануарлар-
ды, олардың қалай жүретінін, бір-бірімен ым-ишарат,
«дауыс» арқылы тілдесетінін көрсетіп ойнауға болады.
Тысқары сүйеніштер жасау –
шартты белгілер беру – баланың
өзін-өзі реттеуін жүзеге асыруға
көмектеседі. Балаға бір әрекеттен
екіншісіне көшуге көмектесу үшін
қоңыраулы оятқыш сағат немесе
таймер қолдануға болады. «Сағатқа
қарашы. Қазір сағат тілі 1-де тұр.
Сен тіл 4-ке жеткенше сурет сала-
сың. Сонда сағат қоңырауы шырыл-
дайды, ал біз сенің суретің туралы
сөйлесеміз».
Мақсаттарды шектеуді және нақтылауды пайдаланыңыз.
«Шеңбер сал» - бас-аяғы жоқ әрекет, бұл балаға қызық-
сыз және қиын болып көрінуі мүмкін.
«Бір жолға шеңберлер салып шық» - бұл мақсатты
нақтылау, мақсатқа қол жеткізу уақытын көрсету.
«Үш әдемі шеңбер сал» - мақсатты нақтылау, сапасын
көрсету.
«Тұра тұр, мені күте тұр, 10-ға дейін, сосын тағы бір рет
10-ға дейін сана» - тапсырманы мөлшерлеп ұлғайту,
жұмсалатын күшті біртіндеп арттыру.
Бұл жаста балалар өзінің дербестігін барынша көрсеткісі
келеді. Бала әлденені ересектер сияқты епті және тез істей
алмаса да, шыдамды болыңыз, балаға бастаған ісін аяқтауға
уақыт беріңіз, атқарған жұмысы үшін мақтаңыз. Гипербелсенді
балалар үшін бар зейінін салып, ұзақ уақыт бойы әрекет ету
тәжірибесі әсіресе маңызды. Егер сіз гипербелсенді балаңыз,
мысалы, құрастырғыш құраудың қызығына түсіп кеткенін
байқасаңыз, ұзағырақ осы іспен айналысуға мүмкіндік беріңіз.
Егер тіпті сорпа дайындап, балаңызды тамақтандырайын деп
жатсаңыз да, гипербелсенді бала өз белсенділігін белгілі бір
мақсатқа бағыттауда қажетті тәжірибе жинауы үшін тамақтану-
ды кейінге қалдыра тұрыңыз.
2–3 ЖАС
12
6
9
3
29
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5
Достарыңызбен бөлісу: |