Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет10/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

6–7 ЖАС
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға және бастауыш 
сынып оқушыларына, сондай-ақ, ережемен ойналатын 
әртүрлі ойындар пайдалы болады. Олар ойыннан тыс 
жағдайларда ықтиярлы мінез-құлықтың қалыптасуына, 
өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі қадағалау қабілетінің 
дамуына негіз әзірлейді. Олар әртүрлі ойындар болуы 
мүмкін: дойбы, домино, балаларға арналған карта-
лар, «фишкалар» арқылы «жүріс» ойындары, доппен 
ойналатын «жеуге жарамды-жарамсыз» және көптеген 
басқа ойындар. Ойын ойыншылар белгіленген ереже-
лерді сақтағанша жалғасады. Ережелер түсінікті және 
ойға қонымды етіп құрастырылғанына, баланың оларды 
түсінгеніне көз жеткізіңіз: ойынның алдында ережелерді 
есіңізге түсіруін, досын үйретуін өтініңіз. Егер бала ойын 
шарттарын айтып бере алса, ол оларды сақтайтыны 
анық десе де болады. Бірақ, кейде шыдамсыз балалар 
кезегі келмесе де жүріс жасап, міндетті түрде жеңіске 
жетуге асығады. Ондай балаға ойында қатысушылардың 
ережелерді сақтауын қадағалап, қателескендерін түзетіп 
отыруды тапсырыңыз. Ережені бұзғандар үшін қалжың 
түрінде, бірақ көңілге келмейтін айыппұлдар салу тура-
лы келісіп алуға болады. «Қадағалаушы» рөлі баланың 
өзін әділ әрекет етуге итермелейді.
Егер ересектер балалардың жеңіске жетуіне жол берсе, 
оның ешбір сөкеттігі жоқ. Себебі, тек ересек адам жеңе 
беретін болса, бала ойынды жалғастырғысы келмей 
қалуы мүмкін. Жеңіске жету өз-өзіне сенімсіз баланың 
өзін жоғары бағалауына септеседі.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың және мектеп 
оқушыларының спорттық үйірмелерге қатысқаны дұрыс. 
Тым сезімтал және өзін-өзі тексеруге бейім балаларға 
артында белгілі бір оң пәлсапа жатқан спорт түрлері 
(мысалы,шығыс жекпе-жектері) лайықты болады.
33
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5


Зейін қою қажет ойындарды қолданыңыз, сонымен 
бірге, «Тоқта-баста» сияқты әрекет ырғағы өзгеріп 
отыратын тапсырмалар беріңіз. Мысалы, қандай да бір 
дамытушы тапсырмалар (геометриялық фигураларды 
таңдап сызықпен түрлеу немесе мәтін ішінен белгілі бір 
әріптерді іздеу және астын сызу немесе үлгіге қарап 
жазуды толтыру болуы мүмкін) орындағанда баладан 
сіз «Тоқта» дегенде тапсырманы орындауды бірнеше 
секундқа тоқтатуды, ал «Әрі қарай» дегенде жалғастыру-
ды өтініңіз.
Сабаққа бірге дайындалыңыздар (ересек адамның 
жанында болуы баланы тәртіпке салады), оқушыдан 
барлығын – мысалды, есепті есептеу, тіл жаттығуында 
мәтінді дауыстап оқуын сұраңыз (бұл зейін қою деңгейін 
арттырады). Сабаққа гипербелсенді баламен осылай 
бастауыш сыныптарда, ал егер ауытқушылық айқынырақ 
болса – орта мектепте дайындалуға болады. 
Сонымен қатар, гипербелсенді оқушының үй тапсырма-
ларын орындауын тиісінше ұйымдастыру қажет.
34
ЕРІК-ЖІГЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУ
5


ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ 
БАУЛУ
6
35


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ ОНЫҢ МӘНІ 
МЕН ҚҰНДЫЛЫҒЫН ЖЕТКІЗУДІ, АЛ, ЕҢ БАСТЫСЫ – 
ФИЗИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕН ЛӘЗЗАТ АЛАУ ТӘСІЛІН 
ЖЕТКІЗУДІ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУДЫ БІЛДІРЕДІ.
НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?
Бұл өте маңызды, әрі шешуші сәт. Егер ата-ана өздері 
қимыл-қозғалысы аз өмір сүрсе, спортпен айналыспаса, 
мысалы, велосипед, шаңғы, коньки тебуден және т.б. ләз-
зат алмаса, баласы да спортты өз өмір салтына айналды-
рары екіталай.
СОНДЫҚТАН, БҰЛ ІСТІ
ТЕК ӨЗІМІЗДЕН
БАСТАУ ҚАЖЕТ.
Ә
р ата-ананың дене шынықтыру мәдениетіне баулу 
мәселесіне өз көзқарасы бар. Кейбірі балабақшаға 
және мектепке арқа сүйейді, бала онда аптасына екі 
рет дене шынықтыру сабағына барады-мыс. Басқалары 
баласын ерте жастан бастап-ақ спортқа тарта бастайды, 
спорт үйірмелеріне береді, әрі көбінесе өздері айна-
лысқан немесе айналысқысы келген спорт түріне береді. 
Алайда, кәсіби спорттың балаға әр жас кезеңінде қажет 
физикалық жүктемеден айырмашылығы жер мен көк-
тей. Ал кейде ата-анасы жасөсіпірім жастағы баласын 
компьютерде ойнауға рұқсат беру арқылы спортзалға 
«итеріп» кіргізеді... Барлық айтылған мысалдар дене 
шынықтыру мәдениетіне баулудан алыс. 
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ – БҰЛ БАЛАБАҚШАДАҒЫ НЕМЕ-
СЕ МЕКТЕПТЕГІ ДӘРІС ЕМЕС, БҰЛ САЛАУАТТЫ ӨМІР 
САЛТЫНЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНІҢ 
БІРІ. АЛ БАЛАСЫНЫҢ ДЕНІ САУ БОЛҒАНЫН ҚАЙ АТА-А-
НА ҚАЛАМАС?! АРТЫҚ САЛМАҚ, ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚА-
ТЫСТЫ КӨПТЕГЕН ҚИЫНДЫҚТАР ЖӘНЕ ТІПТІ НАШАР 
КӨҢІЛ-КҮЙ ГИПОДИНАМИКАЛЫҚ (ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС 
АЗ) ӨМІРМЕН, ЖҮЙЕЛІ ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮКТЕМЕНІҢ 
ЖОҚТЫҒЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ.
36
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


Ең басынан, дүние есігін ашқан сәттен бастайық... Баланың 
толыққанды дамып-жетілуі оның өз денесін басқара алу 
қабілетіне тәуелді. Бұл үдеріс ретті және жалпы биологиялық 
заңдылықтарға бағынады. Бұл жекелеген дене мүшелерінің 
өсуінде және қалыптасуында, сондай-ақ, олардың қызмет-
терінің дамуында және жетілуінде көрініс береді. Нәрестенің 
психикалық дамуы тікелей оның қимыл-қозғалыс белсен-
ділігіне тәуелді. Аяқ-қолын, басын қимылдата отырып, сәби 
әлемді зерттей бастайды және айналасындағы нысандармен 
қарым-қатынас құра бастайды. Дәл осы себепті бүгінгі таңда 
жөргекке ораудың зиянды екені туралы көп айтылып жүр, әрі 
көбінесе қимыл-қозғалысты бөгемейтін, туылғаннан киюге 
болатын киім қолданылып жүр.
Бұл кезеңде балақай үшін: жанасу (сипалау, жеңіл уқалау), 
қолға көтеру, тербету аса маңызды. Басын ұстап тұру баланың 
көру бұрышын өзгерте алады! Ол етбетінен жатып, айналасы-
на мүлдем басқа көзбен қарайды: барлық заттар керісінше, 
төмменнен жоғары қарай қараған күйде көрінеді. Сору және 
қармау рефлекстері дені сау балаға туа сала беріледі және 
осы кезеңде оның айналасын зерттеудегі басты мүмкіндіктері 
болып табылады.
Есіңізге түсіріп көріңіз, соңғы рет қашан қандай да бір фи-
зикалық белсенділікпен мақсатты түрде айналысып көрдіңіз 
(автобустың артынан жүгіру есептелмейді), ал қашан соңғы рет 
бүкіл отбасыңызбен спорттық жарысқа қатыстыңыз? Кез-келге 
тәрбие түрінің нәтижелілігі ата-анасы баласының бойына сіңір-
гісі келетін мақсат-мұраттарға өздері қаншалықты шынайы 
және жүйелі сеніп, сақтайтынымен анықталады. Аталмыш 
отбасылық «спорт рәсімдері» өте маңызды, мысалы, әр жұма 
сайын бүкіл отбасы спортзалға барады, демалыс күндері – 
хауызға шомылуға барады, бірге велосипед тебеді, ал қыста әр 
отбасы мүшесінің өз шаңғысы бар... Дәл осылайша баланың 
дене шынықтыру туралы түсінігі қалыптасады, алдымен ол тек 
бақылайды, кейін балалық шағынан бастап қатысады, бірлесіп 
қатысудан ләззат алады – осылайша 
салауатты өмір салтына қосылады. 
Осының арқасында ол есейгенде сыра 
ішуден бас алмайтындардан гөрі бала-
лармен футбол ойнағанды жөн көретін 
болады...
37
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАУЛУ
6


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау