Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет1/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126


Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2010 жылғы 25 қарашадағы

№ 385-ө бұйрығымен

бекітілген

Басшылардың, мамандардың және тағы да басқа

қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

Астана 2010

Кіріспе

Еңбек ресурстары – бұл бір уақытта қоғамның еңбек шамасының өлшемі ретінде де, жоспарлы-есепті көрсеткіш ретінде де қызмет ететін күрделі әлеуметтік-экономикалық категория болып табылады. Көп қырлы әлеуметтік-экономикалық категория ретінде Қазақстан кәсіпорындарының еңбек ресурстарына мониторинг жүргізу мыналарға: біріншіден, жаңа үлгідегі қызметкерді қалыптастыруды толығырақ анықтауға; екіншіден, ғылыми-техникалық өрлеу жағдайында еңбек әлеуетін сапалы жинақтауды тереңдеп ашуға; үшіншіден, қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында үйлесімді өзара байланыста еңбек ресурстарының мәселелерін әзірлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Еңбек нарығындағы қазіргі жағдайды зерттеу қызметкерлер құрамының сапалы құрамдас сипаттамасына талаптардың жоғарылағанын көрсетеді. Мысалға, жоғары білімнің міндетті болуы, кәсіби-біліктілік құрылымның көрсеткіші. Жұмысқа қабылдаған кезінде міндетті критерий болып кәсіби санаттың куәландырылуы немесе қосымша сертификатталуы табылады.

Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі– Анықтамалық) кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдастырушылық - құқықтық нысанына қарамастан, әртүрлі экономикалық қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдарда (бұдан әрі – ұйымдар) еңбек қатынастарын реттеумен байланысты мәселелерді шешу үшін арналған.

Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған. Ол өндірісті, еңбек пен басқаруды, олардың құқықтары мен жауапкершілігін ұйымдастыру ерекшелігін ескере отырып орындаушылардың нақты міндеттерін анықтайтын лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Жаңа лауазымдар қолданылып жатқан мамандықтар туралы алынған деректерді жинап, өңдеп және талдағаннан кейін енгізілген. Ол үшін сұхбат жүргізумен қатар ақпараттық веб-ресурстары белсенді пайдаланылды, тиісті бағыттағы БАҚ контент - талдауы жүргізілді. Бұл Анықтамалықта түзету кезінде барлық салаларды ауқымдырақ қамтуға мүмкіндік берді.

Ауқымына, бағыттылығына және айналысатын қызмет түріне қарамастан әртүрлі кәсіпкерлердің арасында жүргізілген сұрау жаңа Анықтамалық енгізілу үшін ұсынылған лауазымдар еңбек нарығында ең талап етілетін, сонымен қатар әртүрлі экономикалық қызмет түрлері үшін ортақ болып табылатындығын анықтады.

Ұсынылған Анықтамалық ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 165-ө бұйрығымен бекітілген Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларын және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын, сондай-ақ ұйымдар басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу, сынақтау, қайта қарау, бекіту және қолдану ережесінде көрсетілген әрбір лауазым құрылымы бойынша талаптары сақталған.


_____________________

Жалпы ережелер

1. Басшылардың, мамандардың және тағы да басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - Анықтамалық) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес қызметкерлерге біліктілік талаптарын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек қатынастарын реттеумен, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан әртүрлі экономикалық қызмет түрлерімен айналысатын ұйымдарда мамандарды басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешу үшін қолданылады.

Осы Анықтамалыққа енгізілген біліктілік сипаттамалары мыналар үшін:

- еңбекті ұйымдастыру мен ұтымды бөлуді негіздеуге;

- мамандарды дұрыс іріктеуге, орналастыруға және пайдалануға;

- қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін және оларға біліктілік талаптарын белгілеуді анықтау кезінде бірыңғайлықты қамтамасыз етуге;

- аттестаттау жүргізу кезінде қызметкерлердің лауазымына сәйкестілігі немесе басшылар мен мамандар лауазымына конкурсты жариялау кезінде үміткерлерді іріктеу туралы қабылданатын шешімдерді негіздеуге арналған.

2. Анықтамалық құрылымының негізіне лауазымдық белгі салынған, себебі қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар олардың лауазымдық міндеттерімен анықталады, ал олар өз кезегінде лауазымдар атауларын белгілейді. Анықтамалық қызметшілерді қабылданған жіктеуге сәйкес, яғни үш санат бойынша әзірленген: басшылар, мамандар және басқа қызметшілер. Қызметшілерді санаттарға бөлу қызметкердің еңбегін құрайтын атқаратын жұмыс сипаттамасына байланысты (ұйымдастырушылық-әкімшілік, талдамалы-конструктивті, ақпараттық-техникалық).

3. Біліктілік анықтамалығы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының экономикалық қызметтің әр түрі үшін ортақ және ұйымдарда кеңінен таралған біліктілік сипаттамасы келтірілген. Екінші бөлім ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, жобалық және іздестіруші ұйымдарда, сонымен қатар редакциялық-басып шығару ұйымдарында және бөлімшелерінде жұмыс атқаратын қызметкерлер лауазымдарының біліктілік сипаттамасынан тұрады.

4. Біліктілік сипаттамасы ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды: өндірісті ұйымдастырудың ерекшелігін, еңбек және басқарудың, сонымен қатар олардың құқықтары мен жауапкершілігін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерінің нақты тізімінен тұратын лауазымдық нұсқаулықты әзірлеу үшін негіз болып қызмет ете алады. Қажет болған жағдайда, нақты бір лауазымның сипаттамасына кіргізілген міндеттер бірнеше орындаушылар арасында бөлінуі мүмкін.

Біліктілік сипаттамалары ұйымдардың қызметкерлеріне экономикалық қызмет түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қолданылатындықтан, оларда әрбір лауазым үшін анағұрлым тән болатын жұмыс түрлері көрсетілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықты әзірлеген кезде нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда лауазымға тән тиісті жұмыс тізбесін нақтылауға жол беріледі және қызметкерлердің қажетті арнайы дайындығына талаптар белгіленеді.

Ұйымдастырушылқ-техникалық және экономикалық даму, заманауи басқарушылық технологияларды игеру, жаңа техникалық құралдарды енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша шараларды жүргізу барысында белгіленген тиісті сипаттамамен салыстырғанда қызметкердің міндеттер аясы кеңеюі мүмкін. Бұл жағдайда, лауазымдық атауды өзгертпей, қызметкерге жұмыс мазмұны бойынша тектес, күрделілігі бойынша тең мағыналы, орындауы басқа мамандық пен біліктілікті қажет етпейтін басқа лауазымдардың сипаттамасында қарастырылған міндеттерді орындау жүктелуі мүмкін.

5. Әрбір лауазымның біліктілік сипаттамасы үш бөлімнен тұрады.

«Лауазымдық міндеттері» бөлімінде қызметшілердің оңтайлы мамандануын қамтамасыз етуге, жұмыстың технологиялық біртектестігі мен өзара байланыстылығын ескере отырып, осы лауазымды алатын қызметкерге толық немесе ішінара тапсырылуы мүмкін болатын негізгі еңбек функциялары орнатылған.

«Білуге тиіс» бөлімі арнайы білімге қатысты, сонымен қатар қызметкер өзінің міндеттерін орындау кезінде қолдануға тиіс заңнаманы және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқауларды және басқа да басқарушылық материалдарды, әдістер мен құралдарды білуіне қатысты қызметкерге қойылатын негізгі талаптардан тұрады.

«Біліктілікке қойылатын талаптар» бөлімінде қызметкердің қарастырылған лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті кәсіптік дайындығының деңгейі мен жұмыс стажына қойылатын талаптар белгіленген. Кәсіптік дайындығының деңгейі білім беру саласында қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықталған.

Соңғы жылдар ішінде нақты қызметкердің және жалпы еңбек ұжымының табысты қызметі үшін нарықтық жағдайда қажетті практикалық айрықша қабілеттер мен дағдыларға қажеттілік қалыптасты. Олардың болу талабын өндірісті ұйымдастырудың, еңбек пен басқарудың ерекшелігін ескере отырып, қызметкерлерге нақты талаптарын анықтайтын лауазымдық нұсқаулыққа қосу мақсатқа сай.

Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы білім деңгейлері сәйкестікке келтірілген.

6. Мамандар лауазымдарының сипаттамасында атауды өзгертпей сол бір лауазымның шеңберінде лауазым аралық біліктілік санаттандыру қарастырылады.

Мамандардың біліктілік санатын ұйым басшысы белгілейді. Сонымен бірге лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі қызметкер дербестігінің деңгейі, оның қабылдаған шешімдер үшін жауапкершілігі, жұмысқа көзқарасы, еңбектің тиімділігі мен сапалығы, сонымен қатар кәсіби білімдері, мамандық бойынша жұмыс стажымен анықталатын практикалық қызметінің тәжірибесі және т.б. ескеріледі.

7. Анықтамалыққа туынды лауазымдардың біліктілік сипаттамалары кіргізілмеген (аға және жетекші мамандар, сонымен қатар басшының бірінші орынбасарын қоспағанда, бөлімше басшысының орынбасарлары). Бұл қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелері, олардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар Анықтамалықтағы тиісті негізгі лауазымдар сипаттамасының негізінде анықталады.

Ұйым басшысы орынбасарларының лауазымдық міндеттерін бөлу туралы мәселе ішкі ұйымдық-өкімдік құжаттар негізінде шешіледі.

«Аға» лауазымдық атауын қолдану қызметкер өзінің алатын лауазымымен қарастырылған міндеттерін орындаумен қатар оған бағынысты орындаушыларға басшылықты жүзеге асырған жағдайда ғана мүмкін. «Аға» лауазымы типтік штаттық нормативтер негізінде және қызметкердің тікелей бағыныстылығында орындаушылар болмаған кезде, егер оған жұмыстың дербес учаскесіне басшылық жасау функциясы жүктелген жағдайда белгіленуі мүмкін.

«Жетекшілердің» лауазымдық міндеттері тиісті мамандар лауазымының сипаттамасы негізінде белгіленеді. Сонымен қатар, оларға басқарушының және ұйым немесе олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі қызмет бағыттарының бірінде жұмыстың жауапты орындаушысының функциялары немесе нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда еңбектің ұтымды бөлінісін ескере отырып, құрылымдық бөлімшелерінде құрылатын орындаушылар тобын үйлестіру мен әдістемелік басшылық жасау бойынша міндеттер жүктеледі. Жұмысқа қажетті стажға қойылатын талаптар 1 біліктілік санатындағы мамандар үшін көзделген стажға қарағанда 2-3 жылға көбейеді. Құрылымдық бөлімшелер басшысы орынбасарларының лауазымдық міндеттері, біліктілігі мен біліміне қойылатын талаптар басшының тиісті лауазымдық сипаттамасы негізінде анықталады.

8. Қызметкердің іс жүзіндегі орындайтын міндеттері мен біліктілігінің лауазымдық сипаттамасының талаптарына сәйкестігін комиссия (біліктілік, аттестациялық) анықтайды. Бұл ретте жұмыстың сапалы және тиімді орындалуына ерекше көңіл аударылады.

9. Еңбек қызметі барысында қызметкердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі ұйымның басшысы мен әрбір қызметкердің еңбек, техника және қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы заңнаманы және өзге де нормативтік құқықтық актілерді және экологиялық стандарттар мен нормативтерді сақтаумен тікелей байланысты шешілетін шұғыл әлеуметтік мақсаттардың қатарына еңбекті және қоршаған ортаны қорғау проблемасын алға қояды.

Осыған байланысты қызметшілердің (басшылардың, мамандар мен басқа да қызметшілердің) лауазымдық міндеттерінде лауазымның тиісті біліктілік сипаттамасында қарастырылған функцияларды орындаумен қатар, әрбір жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша талаптарды міндетті сақтау қарастырылған, ал басшылардың лауазымдық міндеттерінде бағынысты орындаушылар үшін салауатты және қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына бақылау қарастырылған.

Лауазымға тағайындау кезінде қызметкердің еңбек қауіпсіздігінің тиісті стандарттарын, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты заңнаманы, еңбекті қорғау жөніндегі, өндірістік және табиғи факторлардың қауіпті және зиянды әсерінен ұжымдық және жеке қорғану құралдарының нормаларын, ережелерін және нұсқаулықтар туралы біліміне қойылатын талаптарды ескеру қажет.

10. Арнайы дайындығы немесе біліктілікке қойылатын талаптарда белгіленген еңбек стажы жоқ, бірақ жеткілікті практикалық тәжірибесі бар және өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін толық көлемде және сапалы орындайтын адамдар комиссияның ұсынысы бойынша, ерекшелік ретінде, тиісті лауазымға арнайы дайындығы және еңбек стажы бар адамдар сияқты тағайындала алады.
___________________________________________________


жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау