ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қыңырлық кезеңі – бала дамуының дағдарысты сәт-
терінде 1 жаста, 3 жаста, 7 жаста және жасөспірімдік
жаста өтетін міндетті даму кезеңі.
Бір жас дағдарысында бала қиқар қыңырлығын ең-
бектеуге, жүруге, қызыққанына тиісуге кедергі жасап,
орнына ештеңе бермегенде немесе ересектің ұнамсыз
немесе күтпеген әрекеттеріне қарсылық ретінде әр кез
қолданады.
2 жас – балалардың қиқарлығымен күресудің ең қо-
лайсыз сәті, себебі, бұл жастағы қиқарлықтың психо-
логиялық қана емес, физиологиялық түп-тамырлары
бар. Бас миының үлкен жарты шарларының қабығының
атқарымдық ерекшеліктері болады. Сол жағы қисын,
дерексіз талдамалы ой, мінез-құлықты қадағалау үшін
жауапты. Оң жағы бейнелі ойлау қабілетін басқарады,
бұл – сезімдер мен санадан тыс үдерістер орталығы.
Бірінің, әдетте, сол жарты шары жақсырақ дамыған, олар
– математиктер, бағдарламашылар, тіл мамандары, ал
екіншілерінің оң жақ жарты шары жақсырақ дамыған,
олар – біріктіруге, шығармашылыққа және гуманитар-
лық пәндерге бейім адамдар.
Жаңа туылған сәбидің екі жарты шары да «оң» бо-
лады, тек кейін бірте-бірте олардың бірі «солшылда-
на» бастайды – бойына сана, қадағалау және сөйлеу
қызметтерін жия бастайды, бұл бала 2 жасқа толарда
байқала түседі. Кішкентай балаға ойын, кенеттілік,
сезімдерін (соның ішінде, жағымсыздарын: жақтырмау,
өкпе-реніш, ашулану) тікелей көрсету мүмкіндігі қажет,
сондықтан, үнемі қысым түсіруге, тыйым салуға, шектеу
қоюға болмайды. Балаларының осындай ерекшеліктерін
елемейтін ата-аналар баласын үнемі үйретумен, оған
түсіндірумен, одан көптеген нұсқауларын орындауын та-
лап етумен әлек болады, әлі қатаймаған сол жақ жарты
шарына шамадан тыс күш түсіреді, оның дамуын жасан-
ды түрде үдетеді. Физологиялық тепе-теңдік бұзылады.
Нәтижесінде бала ата-анаасының ескертулерін, талапта-
рын және қоқан-лоқысын «естімейді», күйбеңдеп, ұзақ
киінеді-шешінеді, сөйтіп, ата-анасының ашуын өршіте
түседі. Үнемі ақыл айту және жазалау баланың жағдайын
ауырлата береді және нәтижесінде
ол бәрін керісінше қабылдай бастай-
ды, «жоқ» деудің орнына «иә» дейді,
қыңырлана береді және бәрінен бас
тартады.
79
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13
Үш жас та дағдарысты болып табылады. Бұл жаста
бала өзін сезіне бастайды, өзін өзгелерден бөлек
тұлға екенін түсіне бастайды, дербестікке ұмтылысы
пайда болады. Бала жаңа мүмкіндіктерін – сылтаурату,
қыңырлану, өз дегеніне көндіру, қашу және т.б. пайда-
ланып, ата-анасына ықпал етуге тырысады. Ол бәрін өзі
шешкендей жасағысы келеді, бірақ, кейін ойынан айнып
қалуы мүмкін.
Келесі жас дағдарысы – шамамен 7 жас, бала өзін ере-
сек сезінуге, ата-ана қамқорлығынан шығуға талпынады,
өз мінез-құлқы үшін жауапкершілікті өз мойнынан
алғысы келеді және ата-анасы оны түзеткенде немесе
айтқандарын істеткісі келгенде наразылық және қыңыр-
лық көрсетеді.
ҚИҚАРЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ
7 жасқа дейін бала өмірінде оқыс орын алатын өзгері-
стерге жиі шалдығады: туыстарға жол жүру, демалыс
күндерін әжесінің жанында өткізу. Егер ересектер бала-
ны дайындамаса, ол кенеттен туындаған оқиғалардан
сескеніп, есеңгіреп және жабырқап қалуы мүмкін. Бала
үйреншікті өмір салтынан, айналасындағы адамдардан,
үйреншікті тамақ түрлерінен айрылып қалғанын уай-
ымдауы және жанына батуы мүмкін. Осындай жағдай-
ларды бастан кешіру тәжірибесін жинап, бала кез-кел-
ген өзгерістерге және жаңалықтарға қасарыса бастайды.
Әрбір жаңа ұсынысқа ол «жоқ» деп жауап береді.
Қиқарлықтың тағы бір себебі ересектердің баланың
дарынын және қабілеттерін асыра пайдалануы табы-
лады. Ән айтуға, сурет салуға бейімділігін немесе өзге
қабілеттерін байқаған ата-ана немесе тәрбиешілер
оларды шамадан тыс белсенді дамыта бастап, баланың
сүйсіне жасайтын ісін жұмысқа айналдырады.
80
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13
Қиқарлықтың өршуіне ата-ананың өктемшілдігі мен
қатаң бақылауы түрткі болады. Егер ата-ана айтқанынан
қайтпайтын, тым көп талап қоятын, шыдамсыз болса,
үнемі ескерту жасай берсе, қойған талаптары табан
астында орындамағанда бұлқан-талқан болса, үнемі
қоқан-лоқы көрсетсе және жазалай берсе, баланың
бастамашылдық және өз бетінше шешім қабылдау үшін
мүлдем аз кеңістігі қалады. Бала ересектер айтқанды
бұлжытпай орындауға мәжбүр, ол таңдау құқығынан,
пікірін білдіру құқығынан айырылған. Алайда, ол түйсік
деңгейінде таңдау құқығы оның тұлғасының дамуында
үлкен маңызға ие екенін түсінеді. Оған осындай таңдау
құқығы берілмегенде бала өз тұлғасына және пікірін
білдіру мүмкіндігіне қол сұққанда қарсылық білдіреді.
Ол: «Жоқ, мен мұны жасамаймын» деп айғайлайды не-
месе «Жоқ, сендер мені мәжбүрлей алмайсыңдар» деп
селқос наразылығын білдіреді. Қиқарлық өз құқықтарын
қорғап қалудың жалғыз амалы болуы мүмкін. Есейе
келе, бала кез-келген бедел иесіне сенбейді және оған
не істеу керек екенін айтуға тырысқанда ашық бүлік
шығарады.
Асыра әлпештеп өсірілген, ерке, аузынан шыққанының
барлығы екі етпей орындалатын балалар өздеріне үй-
реншікті жайттар бұрынғыша болмай қалса, жиі қыңыр
мінез көрсетеді. Олар ата-анасы тек солардың қалауын
жасауы тиіс болып көрінеді, өздерінің әлі қолынан
келмейді. Мұндай бала өз бетінше шешім қабылдай
алмайды, жаңа мәселелерді, жаңа қиындықтарды еңсере
алмайды, өз сезімдерін лайықты тәсілмен көрсете
алмайды, өзгелердің мүмкіндіктерімен және қалаула-
рымен санаса алмайды.
Қиқарлық бала үшін өзі, өзінің қа-
лауы, сезімдері туралы жар салудың
қолжетімді жолы шығар. Кереғар
жағдай орын алады: бала өз қалауын
бас тарту арқылы жеткізуі мүмкін.
Бірақ, балалар тілі келмейтінін
айта алмайтыны белгілі ғой, ал өз
қалауын сезіну және оны айнала-
дағыларға түсінікті етіп жеткізу оңай
шаруа емес.
81
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13
Достарыңызбен бөлісу: |