НЕГЕ КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК?
Кейде қызғаныш бастауыш мектептегі төмен оқу
үлгерімінің бір себебіне айналуы мүмкін. Кенже
бала, әдетте, ата-анасының көбірек уақытын және
күш-қуатын алады, ал, баланың үлкені мектепке барған-
да өзіне бейтаныс ортаға түседі, үй тапсырмаларын
алады. Осылайша, ол осы қиындықтарды ата-анасының
назарын өзіне аудару үшін пайдалануы мүмкін. Ол өз
міндеттерін неғұрлым нашар атқарса, неғұрлым нашар
бейімделсе, соғұрлым көбірек көмекке және қолдауға
мұқтаж, соғұрлым оңайырақ ата-анасын кенже баланың
мұқтаждықтарымен емес, өз басындағы мәселелермен
айналысуға мәжбүрлейді. Сол кезде төмен үлгерімнің
баланың мектептегі өміріне де, ақыл-парасатына да
ешбір қатысы жоқ, қосалқы тиімділігі ортаға шығады:
ата-анасының уақыты мен ықыласына бөленуге мүмкін-
дік береді.
1
Тұңғышы арман-мұраттарына және артқан үміттеріне
толықтай сай келмейтінімен келісіп, ата-ана екінші
баласы ең үздік, ең ақылды, ең көркем, ең ... болғанын
қалайды. Бірақ, екінші бала қанша жаста болса да, ол әр-
дайым әлсіздің, ата-анасы ғана емес, үлкен аға-әпкесі де
қамқорлығына алған жанның күйін кешеді, демек, өзінің
маңызыдылығын сезінбейді, көбінесе өзін-өзі төмен
бағалайды, міне, осыдан бүлік те, төбелес те шығады.
Кейде бауырлар ата-анасы алыстан еститендей ай-
ғай-шу шығарып, бірін-бірі итереді, тебеді, тістейді және
шаштарын жұлады. Мұндай мінез-құлық бір-біріне емес,
ата-анасына арналғаны түсінікті, әрине.
172
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
СРЕДНИЙ РЕБЕНОК. В одно и то же время он является для
кого-то старшим, а для кого-то младшим. Поэтому он впитывает
в себя черты обеих групп, часто затрудняется в самоопреде-
лении. Однако, средние дети часто умеют хорошо вести дела с
различными людьми, поскольку вынуждены были научиться жить
в мире со своими братьями и сестрами. Так что они оказываются
достаточно гибкими и дипломатичными и умеют приспосабли-
ваться к различным обстоятельствам.
Кейде балалар арасындағы күшті қызғаныш ата-а-
насы арасындағы араздықтың кескіні болып табыла-
ды. Әрине, олар өз арасындағы мәселеге бола ұрсысады,
бірақ, дау-жанжалда ата-анасының мінез-құлық үлгісін
жиі қолданады, әрі дау-жанжал түйіні де ата-анасыныкі-
не ұқсас болады. Кім кімді тыңдайтын болады, бөл-
мені жинау кімнің кезегі, кім музыка даусын қаттырақ
шығарады, кімнің достары оңбаған және т.с.с. Мұндай
жағдайда балаларды жақындастырудың еш пайдасы
жоқ, алдымен ата-анасын татуластыру қажет.
Жеке заттары балалар үшін маңызды, олар
балалардың тәуелсіздік сезімін күшейтеді. Ал егер
бауырлары осы заттарды үнемі ала берсе немесе бүл-
дірсе, балалар оны сіз тонауға немесе тіпті зорлық-зом-
былыққа балағандай етіп қабылдайды. Әлбетте, кейде
бауырлар бір-біріне ашуланады, бірін-бірі жек креді
және бір-біріне көңілі толмайды. Егер ересектер бұған
көз жұма қараса, өшпенділік тек жасырынып қалып,
өкпе-реніш, түсінбеушілік, кінә немесе қорқыныш сезім-
дерінің арқасында өршелене түседі. Балалар басқалар
өздеріне әділ қарағанын сезінуі маңызды. «Әділ» «бір-
дей» дегенді білдірмейді. Егер балаға оның бауырлары-
на сыйлағандай сыйлық бергенше, оның өзіндік ерекше
қажеттіліктерін ескерсеңіз, ол сіздің ықыласыңызды
жоғары бағалайтыны сөзсіз.
Әр баламен тілдесуге арнайы уақыт бөліңіз. Отбасын-
да жаңа бала пайда болғанда тек үлкен баламен ғана
сөйлесуге арналған уақыт белгілеңіз. Ешкімнің кедергі
жасауына рұқсат бермеңіз. Үлкен бала ата-анасының
біреуімен жеке өткізе алатын арнайы уақыты бар екенін
білуі тиіс.
2
3
173
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
Балалар арасындағы айырмашылықты құрмет-
теңіз. Таңғы аста әр балаға құймақтарды теңдей
бөліп берген әділ болып көрінеді. Бірақ, бұл «әділдік»
әр баланың тәбеті әртүрлі болатынын ескермейді. Егер
балаңыз: «Неге оған үш, ал маған құймақ қана бердің?»
деп сұраса, былай деңіз: «Қарның әлі аш па? Тағы бір
құймақ берейін бе? Жоқ, жартысын берейін бе? Бір
құймақ? Қазір әкелемін». Сонда мағына-мәндік екпін
өзгереді. Сіз: «Үлкен ағаңа қанша берілсе, сен де сонша
аласың», демейсіз, орнына мүлдем басқаша айтасыз:
«Мен сенің жеке қажеттіліктеріңді қанағаттандыруға
дайынмын».
4
ҰРЫС-КЕРІС
Бұл мәселенің оңай шешімі жоқ, бірақ, кейбір дау-жан-
жалдар пайдалы рөл атқара алатынын есте сақтау
маңызды – бастысы, шектен шығып кетпесін. Стресс (күй-
зеліс) және ұрыс-керіс жаңа, тұрақтырақ қарым-қатынас
деңгейіне шығу үшін орын алады. Бірақ, балалар мұны
тым ебедейсіз жасайды, сондықтан, оларға ата-анасы-
ның көмегі қажет.
Көп жағдайда ата-аналарға балалар арасындағы
ұрыс-керісте төреші рөлін атқарудан аулақ болғаны
жөн. Бірақ, сіз ұрыс-керіске бәрібір қатыстырылсаңыз,
әр балаға өз шағымын немесе ренішін айтуға мүмкіндік
беріңіз, содан соң, біріне екіншісінің шағымын қысқаша
мазмұндап беруін сұраңыз, ол барлығын естіп, түсінгені-
не көз жеткізіңіз. Артынан балалар осы дау-жандалды
шешудің ықтимал жолдарының және тәсілерінің тізімін
бірге жасасын. Осындай жағдайда сіз дау-жандалды
шешу жауапкершілігін қайтадан балалардың өзіне
қайтарып қана қоймай, олардың әрқилы өмірлік қиын-
дықтарды, кедергілерді және кикілжіңдерді еңсеруді
үйретесіз.
174
БІР-БІРІНЕ БАУЫР БАЛАЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
25
Достарыңызбен бөлісу: |