ЖЕТІ ЖАС
ДАҒДАРЫСЫ
27
183
Құндылықтарды қайта бағалау. Ескі қы-
зығушылықтар, ойын желеуі өзінің түрткі болатын
күшінен айырылады, олардың орнына жаңалары –
оқу желеуі келеді;
Өз уайымдарын сезіну, есте елеулі із қалдыратын
белгілі бір жағдайға байланысты, өткінші эмоциялар
мен сезімдерді бала тұлғасының қалыптасуына әсер
ететін тұрақты аффективтік кешендерге алмасты-
ру. Уайым-қайғыларды жалпылау, сезімді қисынға
келтіру пайда болады;
Ж
еті жас дағдарысы – бұл баланың әлеуметтік «Мен»
деген тұлғасының туылу кезеңі. Ол өзі үшін жаңа әле-
уметтік орнының – ересектер жоғары бағалайтын оқу
жұмысын орындаумен байланысты мектеп оқушысы
орнының мәнін ашады.
ЖЕТІ ЖАС ДАҒДАРЫСЫНЫҢ ӨЗІНДІК
КӨРІНІСТЕРІ
184
ЖЕТІ ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
27
Түйсінудің құрылымданады: енді әлем жекелеген
құрамдас бөліктерден тұрмайды, ол ішінде әртүрлі
бөліктері бар біртұтас бейне болып көрінеді;
Өзін-өзі бағалау, өз-өзіне деген сүйіуспеншілік пай-
да болады. Отбасында асыра мақтау мен мадақта-
уға бөленген балалар өзін-өзі шамадан тыс жоғары
бағалайтын болып өседі. Ата-анасының көңілі
толмайтын және жоғары талап қоя беретін отба-
сында өзін төменшіктете беретін және тым үрейшіл
балалар өседі;
Бала өзімен жынысы бір ата-анасының бірімен өзін
сәйкестендірудің арқасында тиісті жыныс тобына
жататынын мойындайды. Ұл бала өзін әкесімен
сәйкестендіре отырып, өмірге көзқарасында өзін
қаһарлы және өктем тұлға деп
санайды. Қыз бала анасына еліктеп,
сүйкімді, тартымды болуға және
өмірге бейдирективті (қарсылық
танытпайтын) көзқарас
қалыптастыруға
тырысады;
185
ЖЕТІ ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
27
СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ӨМІРДІ ЖІКТЕУ МЕН САРАЛА-
УДЫҢ ДАҒДАРЫСТЫ КӨРІНІСІ ӘДЕТТЕ КЕЛЕСІЛЕР
ТҮРІНДЕ БОЛАДЫ: ҚЫЛЖАҚТАУ, ЫРЖАЛАҚТАУ,
САЙҚЫМАЗАҚТЫҚ, БОЯМАЛЫЛЫҚ, ЖАСАНДЫЛЫҚ, МІ-
НЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗДЫҒЫ, ЕРКЕЛІККЕ/
ҚЫҢЫРЛЫҚҚА, ҚЫЗБАЛЫҚҚА, ЖАНЖАЛ ШЫҒАРУҒА
БЕЙІМДІЛІК. ОСЫ ЖАҒЫМСЫЗ ЕРЕКШЕЛІКТЕР БАЛА
ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒЫП, ЖАҢА ЖАС КЕЗЕҢІНЕ АЯҚ
БАСҚАНДА ЖОЙЫЛА БАСТАЙДЫ.
Балалық аңқаулығынан және өзінділігінен айрыла-
ды. Уайым мен әрекет арасына ақыл-парасат килі-
геді, әрекеттің мән-мағыналық негізі қалыптасады;
Баланың ішкі өмірінің
пайда болады,
сыртқы және ішкі
өмірін жіктей және
саралай бастайды.
186
ЖЕТІ ЖАС ДАҒДАРЫСЫ
27
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ
28
187
K
ейде ата-аналар балаларына қатысты этикалық тұрғы-
дан күмәнді болғанымен ата-ана пікірі бойынша қажетті
әрекеттерге жол береді:
баланың рұқсатынсыз жеке жазбаларын оқиды («Оның
ойында не бар екенін басқаша қалай біле аламын?»);
балаға меншік иелену құқығын беруден бас тартады («Мен
берсем, демек, мен аламын. Мені сені асырап отырғанда
сенің ешбір жеке меншігің бола алмайды»);
баланың жеке кеңістігі болу құқығын беруден бас тартады
(«Менен не жасыратының бар?»);
жеке уақыты болу және оған өз еркінше билік ету құқығын
беруден бас тартады («Саған
қалай демалу керек екенін
жақсы білетін мен. Театрға
барамыз десем, демек, театрға
барамыз»);
өз пікірі болуына және өз
пікірін білдіруге рұқсат
етпейді («Анаңмен дауласатын
жасқа жеткен жоқсың. Мен үл-
кенмін, сен кішкентайсың, мен
ақылдымын, сен ақымақсың»);
достарын өз бетінше таңдау
құқығын беруден бас тартады
және т.б.
Бала құқықтары конвенцияның 16 бабына сәйкес
ешбір бала жеке өмірі, отбасылық өмірі, баспанаға қол
сұқпаушылық немесе хат-хабар құпиялығы құқығын
жүзеге асыруға жөнсіз немесе заңсыз араласу немесе
ар-намысы мен абырой-беделіне заңсыз қол сұғу ны-
саны болмауы тиіс. Осындай жағдайларда бала заңмен
қорғалуға құқылы.
Екінші жағынан бала өзін тәрбиелеп отырған ересектер-
ге тәуелді және егер олар балаға айналадағы әлеммен
өз қарым-қатынастарын түсінуді және қадағалауды, өз
әрекеттері мен олардың салдары арасындағы байланы-
сты түсінуді үйренуге көмектеспесе, ол қарым-қатынас
құруда және өзін-өзі танытуда қиындықтарға тап болуы
әбден мүмкін. Балаларға тәжірибе жетіспейді, олар ере-
сектерге жақсы таныс түсініктермен таныс емес немесе
таныстығы бұлыңғыр. Өзіне түсетін салмақты көтере білу,
өз тілек-қалауларын тізгіндей білу, әлеуметтік қарым-қа-
тынастарды сақтай білу қабілетіне кел-
сек – олар әлі үйрену үстінде, ал үйрену
оңай шаруа емес.
188
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ
28
Балалардың өз рұқсатынсыз тиісуге немесе өзгерту-
ге болмайтын әлденені иелену, жеке-дара билік ету
мұқтаждығы ересектердікінен еш кем емес. Балалар,
сөзсіз, кейбір сезімдерін және ойларын құпия сақтау
мүмкіндігіне зәру. Ересектердің өзі уайым-қайғысын
тіпті өзімен тең және жақын адамдарымен де талқылай
бермейді, ал айтқанының мән-жайын түсінбеуі немесе
мән бермеуі мүмкін адамдарға тіпті жақ ашпайды.
Кейбір ата-аналар балаларының сезімдерінің маңызын
кемітіп көрсетіп, ашық немқұрайдылық танытады: «Қа-
раңғыдан қорқу барып тұрған ақымақтық», «Ой, алғашқы
махаббат шынайы емес, өскенде – өзің түсінесің». Егер
ата-ана кез-келген «ересек тақырыптарға» айтып немесе
айтпай тыйым салса, ата-ана мен бала арасында сенім
орнамаса, аталғандарға қатысты туындайтын сұрақтарды
балаға талқылау өте қиын болады. Ұмытпаңыз: ересек
адам үшін қалыпты жайт, бала үшін әрдайым ұнамды
бола бермейтін күтпеген жаңалық.
Осы бұлдыр қарама-қайшылықты қалай шешуге
болады? Баланың жеке өміріне қатысты психикалық
денсаулық саласындағы мамандардың ойы қандай?
Тұлғаның қалыптасуы барысында «тыныштықта және
жалғыздықта» өтуі тиіс тұстары бар, себебі, әрбір тұлға-
ның бойына белгілі бір құпия жасырынған. Баланың
рухани өмірі дөрекі килігуге төзе алмайды.
Кішкентай кезінен бастап баланың «өз» кеңістігі болуы
тиіс. Ата-аналар баласының жиі киім шкафына кіріп, қа-
малып отыратынын айтқанда, бала бұл әрекетке өзінің
жеке кеңістігі, тым болмаса кішкентай бұрышы бол-
мағандықтан баратымен түсіндіріледі. Егер бала мүлдем
күтпеген орындарда – мысалы, жастығының астына
түрлі қажетті ұсақ-түйек заттарының «қоймасын» жасай
берсе – оған шкафтан сөре немесе басқа ресми «сан-
дық» бөлген дұрыс болар.
189
БАЛАНЫҢ
ЖЕКЕ ӨМІРІ
28
Достарыңызбен бөлісу: |