Қызбалығы басылған соң, балалармен бірге
отырыңыз, оларға бар мейіріміңізбен қол созыңыз,
құшақтаңыз, қолынан алыңыз (дене жанасуы қызба-
лықты басады). Әрқайсысына жазғырмай және ашулан-
бай қараңыз – оларды қорқытудың еш қажеті жоқ.
Баланың қарсыласына қатысты ашу-ызасына
түсіністікпен және жанашарылықпен қараңыз, оның
бұл сезімін теріске шығаруға және тыюға тырыспаңыз.
Мысалы, балаңыз «Мен оны жек көремін!» десе, былай
деңіз: «Қазір Арманға ашуланып отырғаныңды
түсінуге болады».
Төбелеске қатысушыларды жазғырмай, төбелес
барысында не көргеніңізді және не сезгеніңізді
сөздермен сипаттап беріңіз. Дау-жанжалдың мән-жай-
ын айқындаңыз, әр тарапты тыңдаңыз, мәселенің
жай-жапсарын нақтылаңыз, атап айтқанда: бала нені
қалайды немесе қаламайды, оған не керек немесе
маңызды және т.с.с. Бұл ретте сөз кезегін күтіп отырған
бала оны да тыңдайтыныңызға, «қарсыласына» жақта-
сып кетпейтініңізге сенімді болуы тиіс. Сондықтан, бала-
лардың бірін тыңдап отырғанда көзіңізбен, басыңызды
изеумен екіншісіне оны да ұмытпағаныңызды білдіріп
отырған дұрыс.
7
9
8
Түсіністікпен және бірге қамығумен қараған сезімдер
өз күшінен айырылады. Балаларға дәл қандай сезімге
бөленгенін, қандай оқиға немесе екінші баланың қандай
әрекеті осы сезімді тудырғанын ұғынуға көмектесіңіз.
Баладан осы туралы екінші балаға айтып беруін өтініңіз.
Балаларға өз қалауын сөзбен жеткізуге көмектесіңіз.
Әрі қарай балалардан «Енді не істейміз?» «Не ойлап
тапсақ екен?» деп сұраңыз. Балалардың өз нұсқасын
ұсынғанын қоштаған жөн. Бұл ретте бірде-бір, тіпті барып
тұрған жөнсіз ұсыныс та қабылданады, өзге ұсыныстармен бірге
жинақталады. Кейінірек өз ұсынысыңызды да беруге болады.
Артынша бірлесіп талқылауға және мейлінше лайықты ұсыныс
нұсқасын таңдауға көшіңіздер. Шешімді балалардың орнына
қабылдамаңыз, оларға өзара келісімге келуге көмектесіңіз.
Балалармен бірге қабылданған шешімді қалай орында-
уға болатынын, ол үшін не істеуге болатынын талқылаңы-
здар.
10
11
162
БАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСКЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
24
Балаларды өз сезімімен бөлісуге үйретіңіз. Бұл қиын іс,
сондықтан, сізге шыдамды болған абзал. Ата-аналар көбіне-
се баласына жүзеге асыру мүмкін емес үміт артады. Бала өз
ойыншықтарымен бөлісетін болады деп күтпеңіз; сіз де, бәлкім,
иелігіңіздегі мүлкіңізді көршіңізбен бөліскіңіз келмейтін шығар.
Балалар бірін-бірі тануды, бірін-бірі тыңдауды, бір-бірімен
сөйлесуді, өз сезімдерін ашық білдіруді (өкпе-реніш, ашу-ыза,
қаһар) үйрене бастағанда олардың арасында өзара әрекетте-
стік дами бастайды, кейін осы әрекеттестік оларға осы іспеттес
жағдайларды және сезімдерді жеңуге көмектесетін болады.
Балаларыңызды жағымды мінез-құлық көрсеткені үшін
ынталандырыңыз, мысалы, бірге төбелеспей ойнап отырғанда
мақтаңыз. Жуық арада олар жақсы мінез-құлық көрсеткенде
сіз оларға көбірек көңіл бөлетініңізді көретін болады. Бала-
ларға ашуланғанда немесе қамыққанда өз сезімдерін сөзбен
жеткізген дұрыс екенін, солайша сіз оларға көмектесе алаты-
ныңызды түсіндіріңіз. «Бұл жағдайда сен қол көтергің келеді,
бірақ, ол дұрыс емес. Одан да маған ашуланып тұрғаныңды
айт» деуге болады.
Балаларыңызға өз балалық шағыңызда осындай жағдайлардан
қалай шыққаныңыз туралы айтып беріңіз (ойдан шығарыңыз).
Балаларыңызға қалай бөлісуге болатынын көрсетіңіз.
Мысалы, олармен кәмпитпен, жемістермен, пісірмелермен
бөлісіңіз.
Ойын барысында кезектесуге итермелеңіз, басқа баламен
қайта бөлісерден бұрын ойыншығымен біраз ойнап алсын.
Ойынды кезектесіп ойнауға үйретіңіз: «Енді сенің кезегің»,
«Осыны бірге ойнайық па?»
Әр кез бөлісуге талпынған сайын, балаларды мақтап
отырыңыз.
Ренжіткен адамға ол туралы не ойлатыныңның барлығын
ақтарып, хат жазуға болады. Әкесі немесе анасы қолына
қағаз бен қалам алып, баласына: «Сен айт, мен жазып
отырамын» десін. 4-5 жол жазылғаннан кейін айтарға
ештеңе табылмай қалуы да ғажап емес.
Зорлық-зомбылық пен қатігездік көрсетілетін фильмдер
көрсетілімін шектеңіз. Балалар өздерін құрбандармен
немесе қаскүнемдермен сәйкестендіріп, осы рөлдерді
шынайы өмірлік жағдайларға көшіруге бейім болады.
163
БАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСКЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
24
Ашу-ыза үстінде балаларға өз сезімдерін көрсету үшін да-
у-жанжалды ойынға айналдырып жіберуге болады. Олар қатты
айғайласын немесе бір-біріне ат қойып ойнасын. Жалғыз ереже
– атттар былапыт сөздерден тұрмауы тиіс және көңілген кел-
меуі тиіс. «Сен шұжықсың...» сосын балаға: «Енді сенің кезегің»
деңіз. Осы ойын барысында сезім шиелінісі, әдетте, тарқайды.
Соңында міндетті түрді бір-біріңізге көңіл жадыратар сөздер
айту қажет.
Балаларға қажетсіз қағазды умаждап, ұсақ тілімдерге жыртуды
ұсынуға болады.
Дау-жанжалдан тыс жағдайларда жиналып қалған күш-қуатты
сыртқа шығару үшін балаларға «Бокс» ойынын ұсынуға болады,
тіпті нағыз «груша» мен қолғапты арнайы сатып алуға болады.
«Бокс» айналымдарын 4-5 минуттық демалыс үзілістерімен
кезектестіріп отыру қажет. Сонда ойын баланың өзі-өзі реттеу
қабілетін дамытуға септесетін болады.
Балалар, дәл ересектер сияқты, өз сезімдерін білдіруге зәру.
Сондықтан,
оларды өз сезімдерін көрсетудің балама әдістерін
қолдануға үйретіп қойған пайдалы.
Балаларға жастықты немесе үлкен ұсқынсыз ойыншықты
тоқпақтауды ұсынуға болады, оны келесідей етіп таныстыруға
болады: «Бұл жастық (ойыншық) төбелескенді жақсы көреді,
оның ешқашан еш жері ауырмайды. Төбелескілерің келген сай-
ын осы жастықпен (ойыншықпен) төбелесіңдер». Осыдан кейін
балалар тынышталып, күлімсірей бастамайынша олармен осы
жастықтың көмегімен аздап «төбелесіп» көріңіз.
«Жастық шайқастары» ойыны да жарайды. Бұл ойынды спорт-
тық сайыс түрінде де өткізуге болады. Ойыншылар екі газет
үстіне тұрып, бірін-бірі сол газет шекарасынан жастықпен ұрып
шығаруға тырысады. Балалармен бірде «күшті» кейіпкерлер
(Қасқыр, Жалмауыз кемпір), ал келесіде «әлсіз» кейіпкерлер
(Лақ, Қызыл телпек) рөлін ойнайтын ертегілерді қойылым етіп
қоюға болады. Кейіпкерлердің мінез-құлқын өзгертіп отыруға
болады: мысалы, қазір Қызыл телпек әлсіз және қорғансыз,
ал келесі жолы – өжет Қызыл телпек Қасқырға төтеп береді.
Ертегілер арқылы балалар ренжіген кейіпкердің кебін кию
қалай болатынын жақсырақ ұғына алады, сонымен қатар, іс
жүзінде әртүрлі жағдайларда әртүрлі мінез-құлық түрлерін
байқап көреді, жасаған ісі үшін мойнына жауапкершілік алуды
үйренеді.
ОТБАСЫҢЫЗДА
БЕЙБІТ ҚАРЫМ-ҚА-
ТЫНАС ОРНАТЫҢЫЗ,
МҰНДАЙ ҚАРЫМ-ҚА-
ТЫНАС МЫЗҒЫМАС
ЕРЕЖЕГЕ АЙНАЛСЫН.
БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ӨЗ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫҢЫЗБЕН
ҰСТАМДЫЛЫҚ ҮЛГІСІН
КӨРСЕТІҢІЗ.
164
БАЛАЛАР ТӨБЕЛЕСКЕНДЕ
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
24
Достарыңызбен бөлісу: |