Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін


«Эмоционалдық-ерік-жігер саласының жетілгендігі



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет45/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

«Эмоционалдық-ерік-жігер саласының жетілгендігі 
деген не?»
Оқу – ойын емес, еңбектенуді білдіреді. Тек кәсіби ұстаз 
ғана балаға оқуға жайлы болатын, дамытатын ойын 
ортасын жасай алады. Көбінесе – бұл үнемі барлық 
қалауларын шегеріп қойып, «қажетті» істермен айналы-
су қажеттілігі. Осындай қабілет, сонымен қатар, баланың 
ұзақ уақыт бойы зейін қоя білу мүмкіндігі эмоционал-
дық-ерік-жігер саласының жетілгендігін білдіреді.
Осыған қоса баланың ережелерді сақтауға, осындай 
ережелерді меңгеруге және оларды қажетті деп мойын-
дап, бағынуға деген дайындығы туралы да айта кетуге 
болады. Мектептегі тәртіп – ұшан-теңіз ережелер, олар 
көбінесе баланың қалауларына, ал кейде мүмкіндік-
теріне де сай келмейді, бірақ оларды сақтау мектепке 
ойдағыдай бейімделу үшін қажет. 
Мектеп – бұл әлеуметтену рәсімі, сондықтан, баланың 
мектептегі үлгерімі оның «әлеуметтік ой-өрісінің» 
деңгейіне тәуелді. «Әлеуметтік ой-өріс» - бұл баланың 
әлеуметтік жағдайларда жөн таба білу қабілеті, оның 
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекеттесе 
білу қабілеті (қауіп-қатер тобына ұялшақ, жасқаншақ 
және именшек балалар кіреді).
Мектепке бейімделе білу қабілеті баланың өз бетінше 
әрекет ете алу қабілетімен тікелей байланысты (қа-
уіп-қатер тобына шамадан тыс қамқор көрсетілетін 
балалар кіреді).
180
БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ
ДАЙЫН БА
26


«Біздің баламыз ақылды – ол бәрін де істей алады!»
Көбінесе, ата-аналар ой-өріс деп баласының бойына 
сіңірген белгілі бір білім мен дағдылар деңгейі теп 
түсінеді. Ой-өріс – бұл, ең алдымен, өз білімін, қабілет-
тері мен дағдыларын қолдана білу, нақтырақ айтқанда 
– үйрене білу қабілеті. Шынымен де, білім қоры үлкен 
балалар (жақсы оқиды, жазады) сыныпта басқаларына 
қарағанда табысты болып көрінеді, бірақ, бұл алдамшы 
әсер болуы мүмкін, «қоры» таусылғанда бала үлгерімі 
жоғары оқушыдан үлгерімі төмен оқушыға айналуы 
мүмкін. Әрі, керісінше, осындай білім қоры жоқ, бірақ 
оқуға дайын және оңай игеріп кете алатын балалар құр-
дастарын қызыға және ынталана қуып жетеді, ал кейін 
тіпті басып озады. 
Ата-анасы баласын мектепке беру туралы шешім қабылдаған 
соң, мектеп таңдау мәселесі өзекті бола түседі. Көбісі балала-
рын гимназияға бергісі келеді, себебі, онда оқу абыройлы деп 
санайды. Гимназияда оқу – абыройлы ғана емес, сонымен бірге, 
қиын. Ата-ана қабілеті орташа баласы гимназияда оқып, өзінен 
оқ бойы озық тұрған құрдастарына ілесіп кетеді деп ойлайды. 
Ал шынайы өмірде барлығы керісінше болады. Сонымен қатар, 
егер бала бастауыш сыныптарда белгіленген деңгейге «сай» 
болуға тырысатын болса, кейінірек, күш-қуаты таусылған-
да оқуға деген ынтасы мүлдем жойылады. Үнемі салыстыру 
үстінде, оның үстіне оң баға берілмейтін жағдайда балалар 
үрейлі, өз-өзіне сенімсіз болып кетеді. Баланың қабілеттеріне 
шынайы баға беру аса маңызды, ал оқу ортасы оның мүмкін-
діктеріне сай болуы тиіс. Есте сақтау қажет алтын қағида бар: 
бала әрдайым көңіліне жаққанын істейді, ал көңіліне қолынан 
келетіні ғана жағады. Сонда ғана ол өзін табысты деп сезініп, 
оқуға ден қояды.
БАЛАНЫ ШАПШАҢ ОҚУҒА ҮЙРЕТПЕС БҰРЫН, ОНЫ 
ТЫҢДАУҒА ЖӘНЕ ӘҢГІМЕЛЕУГЕ ҮЙРЕТІҢІЗ. БІРІНШІ 
СЫНЫПҚА БАРАТЫН БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ ОЙЛАЙ 
БІЛМЕЙДІ, СӨЗДІК ҚОРЫ АЗ ЖӘНЕ ТІПТІ ШАҒЫН ӘҢ-
ГІМЕНІҢ ӨЗІН ӘРЕҢ БАЯНДАП БЕРЕ АЛАДЫ.
Оған қоса, балалардың басым көпшілігі ұсақ моторика сала-
сында қиыншылықтарға тап болады, ал бірінші сынып – бұл 
жазып үйрену және қол мен саусақтарда үлкен күш түсіру 
кезеңі.
ЕГЕР БАЛА ҚАНДАЙ ДА БІР СЕБЕПТЕРМЕН ОҚУҒА ДАЙ-
ЫН БОЛМАСА, МЕКТЕПТІ ҚОЯ ТҰРҒАН ДҰРЫС. ЕГЕР 
ОСЫ БҮКТЕМЕНІ ОҚЫП БОЛҒАН СОҢ, ӘЛІ ДЕ КҮМӘНДІ 
БОЛСАҢЫЗ, БАЛАҢЫЗДЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫН 
АНЫҚТАУҒА БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГ 
НЕМЕСЕ МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫ КӨМЕКТЕСЕ АЛАДЫ.
181
БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ
ДАЙЫН БА
26


Баланы мектепке бергенде ата-анасы оны бірден әртүрлі үй-
ірмелерге жазуға тырысады. Ән, би, каратэ…, әрине, жан-жақты 
даму өте маңызды, бірақ, балаларға ұнаған күннің өзінде бұл 
қосымша жүктеме болып табылады. Мектепке баруды қандай да 
бір қосымша үйірмелерге қатыстырумен қабаттастырмаған жөн. 
Одан да балаға өзіне оқушы ретіндегі жаңа рөліне асықпай 
бейімделуге мүмкіндік беріп, үйірмелерге қатысуды келесі 
жылға дейін қоя тұрған дұрыс.
1. 
Мектептің жағымды бейнесін қалыптастырыңыз («мектеп-
те көп қызықты мәліметтер білесің», «ересектер сияқты 
боласың», әрі, әлбетте, «саған әдемі сөмке, мектеп форма-
сын аламыз…»).
2. 
Баланы мектеппен таныстырыңыз. Сөздің тура мағына-
сында, баланы мектепке апарыңыз, сынып, асхана, киім 
шешетін бөлме қандай болатынын көрсетіңіз.
3. 
Баланы мектеп тәртібіне үйретіңіз (жазда қоңыраулы 
оятқыш сағатпен тұруға жаттығыңыздар, бала өз төсегін 
жинай алатынына, киіне, жуына алатынына, қажетті затта-
рын жинай алатынына көз жеткізіңіз).
4. 
Баламен мектеп ойынын ойнаңыз, міндетті түрде рөлдерді 
ауыстырып отырыңыздар (бала – оқушы, сіз – мұғалім 
және керісінше).
5. 
Ережелермен ойналатын ойындар ойнаңыздар, баланы 
жеңуге ғана емес (олар оны онсыз да біледі,) жеңілуге де
(сәтсіздігіне, қателіктеріне тиісінше көзқараспен қарауын) 
үйретіңіз.
6. 
Балаға ертегілер, әңгімелер, мектеп туралы болсын, оқып 
беріңіз, бала оларды қайта әңгімелеп берсін, мектепте не 
болатынын бірге талқылаңыздар, қиялдаңыздар (мүмкін-
дігінше баланың өзі), өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
7. 
Жазғы демалыс және денсаулықты нығайту қамын 
ойлаңыз. Денесі шымыр балаға психологиялық жүктеме-
лерді көтеру әлдеқайда оңай болады.
МЕКТЕП – БҰЛ ТЕК БІР САТЫ ҒАНА, БІРАҚ 
БАЛАҢЫЗ СОЛ САТЫҒА ҚАНДАЙ БОЛЫП 
АЯҚ БАСҚАНЫНА СОЛ САТЫДАН ҚАЛАЙ 
ӨТЕТІНІ БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ. СӘТТІЛІК 
ТІЛЕЙМІЗ, ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР.
БАЛАҢЫЗ БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАРСА 
182
БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ
ДАЙЫН БА
26


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау