Балалардың қиқарлығын ата-анаға бағытталған өкпе-
реніш, ашу, ыза тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда қыңы-
рлық бала ересектерге қайшы әрекет еткенде кек алу
тәсілі ретінде қызмет етеді. Көбінесе осы жолмен бала
мен ата-ана арасындағы терең түйіткілді мәселелер
ортаға шығады.
ҚИҚАРЛЫҚ СОЗЫЛМАЛЫ БОЛЫП
КЕТПЕУІ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Көну әлсіздік таныту емес. Көнген адам, көреген-
дік танытады, сүйіктілерінің қамын ойлайды және
кішкентай қиқарға өзге мінез-құлық үлгісін көрсетеді.
Бұл ешбір қарсылық білдірілмеуі тиіс түбегейлі мәсе-
лелерге қатысты емес, мысалы: жолдан тек анасының
қолын ұстап өту, түнде сағат тоғыз бен онның арасында
ұйықтау, таңертең таңғы ас ішу және т.с.с. Бірақ басқа
жағдайларда баланың айтқанына көну керек, сонда
ол теңдікті, өзінің маңыздылығын және тәуелсіздігін
сезінетін болады.
Баланы дайын шешімді орындау мәжбүрлемес
бұрын, одан немен айналысқысы келетінін сұраңыз.
Балаға өз бетінше таңдау жасауға мүмкіндік беріңіз,
шешімді өзі қабылдасын. Егер бала сіздің көмегіңізсіз
өзі әлденені жасауға қабілетті екенін немесе шешім
қабылдай алатынын сезінсе, үлкен рақат сезіміне бөле-
неді. Келешекте өз күшіне сену балаға өмірде кезде-
сетін кедергілерді жеңуге көмектеседі, ол мақсатына
берік және табанды тұлғаға айналады.
Қиқарлармен қарым-қатынаста ересектерге ең ал-
дымен қарсылықтан бас тарту қажет. Өзін құрметте-
уді талап етуге және өзгелерді құрметтемеуге болмайды.
Бала да қателесу құқығына ие екенін мойындаңыз. Ол
өз қиқарлығының жағымсыз салдарын өзі сезінсін. Қате
жіберу және оны түзету – тұлға дамуының
ең нашар жолы емес, ал көмек қолын тек
ұсыну керек, оны қабылдауға міндеттеу-
ге болмайды.
1
2
3
82
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13
Қиқарлық тудыратын жағдайларды болдырмауға
тырысыңыз, әйтпесе, осындай қиқарлықпен қа-
лағанына қол жеткізе алатыны баланың жадына сіңіп
қалады. Данышпандық танытыңыз, «жоқ» деп жауап
беруге болмайтын сұрақтар қойыңыз. Балаға дайын
жауабыңыз және дайын шешіміңіз бар сұрақ қоймаңыз,
керісінше, басқаша жауап бере алатын сұрақ қойыңыз,
мысалы: «Тамақ ішкің келе ме?» Бала тіпті «жоқ» деп
жауап берсе де, сіз бәрібір оны тамақтануға мәжбүр-
лейтініңіз анық. Сондықтан «Тамақтанатын уақыт келді»
деген дұрыс.
Баланы шамадан тыс еркелетпеңіз, барлығына бір-
дей рұқсат ете бермеңіз, барлық айтқанын орындай
бермеңіз, бала өзі жасай алатынды баланың орнына
жасамаңыз. Балалар жағдай үнемі өздері қалағандай
бола бермейтінін, бірақ өздерін ұстай білу қажет екенін
түсінуі тиіс.
Икемді ата-ана болуға тырысыңыз, балаға әртүрлі
жағдайға икемді әрекет ету үлгісін көрсетіңіз.
Мінез-құлық икемділігін дамыту дене икемділігін
дамыту арқылы жүзеге асады. Бала ширақ, белсенді, епті
болсын. Қиқарлық және күйзеліс кезінде қалыптасатын
бұлшық ет қысылуын жазу үшін дене жанасуын, сипала-
уды қолданыңыз.
ҚИҚАРЛЫҚ КЕЗІНДЕ ӨЗІҢІЗДІ ҚАЛАЙ
ҰСТАУ КЕРЕК?
Жылап тұрған, бүлік салып, ашуға мінген баланы қалай
тыныштандыруға болады? Мұндай жағдайда көп сөз
айтудың қажеті жоқ. Одан да баланың көңілін тез және
бірден қызықты бірдеңеге аударған жөн.
Дәл сол сәтте балаға тілалғыш болуы тиіс екенін және
анасының тілін алуы тиіс екенін, «бір айтқаннан тыңдау
керек екенін» дәлелдеуге тырыспаған дұрыс. Көңілі
аулану үшін балаға біршама уақыт керек.
Балаңыздың мінез-құлқы ұнамаса, оның ұялтпаңыз, оған
ұрыспаңыз және жазаламаңыз, оған әртүрлі ат бермеңіз.
Баламен оның сезімдері туралы сөйлесіңіз, оны түсі-
нетіңізді көрсетіңіз. («Сенің қамығып тұрғаныңды
білемін, мен де қолымнан бірдеңе келмесе, осылай
қамығып қаламын»).
4
5
6
83
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13
Бірге ашу-ызаның суретін салуға болады (шимай-шат-
пақ болса да бәрібір). Артынша суретті бірге жыртып
немесе умаждап, лақтырып тастауға болады.
«Ашу-ызасы сыртқа шығуы» үшін бірнеше дене жат-
тығуын жасауды ұсынуға болады (ашуды жұдырық ішіне
салып, қысып-жаншу, жастықпен төбелесу). Бәлкім, бала
да ашу-ызаны сыртқа шығаратын бір тәсіл ұсынатын
шығар, құлақ салып көріңіз.
Балаға құрметпен, мейрімімен және достық пейілмен
қараңыз, бірақ, сонымен бірге қатал және табанды бо-
лыңыз, ойға алғаныңыздан шегінбеңіз. Балаға шектеулі
таңдау беруге болады («Сен мұны дәл қазір немесе 5
минуттан кейін жасай аласың»).
Баланы «енді қайталамайтынын» айтқызып, уәде беруге
мәжбүрлемеңіз. Осылай істей отырып, сіз оны тек өтірік айтуға
үйретесіз.
Баладан тек жағымды, жақсы қасиеттер көрсетуін талап ете
отырып, сіз оның жүрегінде тек жағымсыздық жиналуына және
күйгелектігінің өршуіне еріксіз ықпал етесіз.
Осылайша, сіз балаңызды жағымсыз уайым-қайғысын жинай
бермей, оларды жеңуге үйретесіз. Оған қоса, бала өзі емес,
оның белгілі бір мінез-құлқы жаман екенін білетін болады
және өз-өзіне жоғары бағалау қабілетіне зақым келмейді, өзін
кінәлау сезімінен азаптанбайды, мұндай сезім айтарлықтай
жойқын күйзеліс болып табылады. Балаға оның сүйіспеншілік-
ке бөленгенін, ата-анасы үшін оның бар-жоғы бәрібір емес
екенін үнемі сездіріп отыру керек.
84
ҚИҚАР БАЛАЛАР
13
БАЛАНЫҢ ҮРЕЙІ
ЖӘНЕ
ДЕНСАУЛЫҒЫ
14
85
Үрейлі балалар біресе тым көңілді, көп сөйлейді, жылдам
және күйгелектене қозғалады, біресе көңілі жабырқаулы
және тіпті тұнжыраңқы, енжар, селсоқ болады. Олар тұй-
ық, өкпелегіш болуы мүмкін, ортақ ойындарға қатысудан
қашқақтайды. Оларға өз-өздеріне деген сенімсіздігі көп
кедергі жасайды: өздеріне тапсырылған істі атқара ал-
майды деп қорқады, төмен бағалар алады, балабақшаға,
мектепке кешігеді.
Олар үшін үйреншікті жағдайдың өзгеруі, әдеттегі өмір
салтын әдеттен тыс өмір салтына ауыстыру ауыр тиеді.
Бірбеткейлік, теріске шығару (өзгелер өтінгенді керісін-
ше жасауға талпыну) барлық балалардың бойынан та-
былуы мүмкін, алайда, үрейлі балада аталған қасиеттер
ұзақ және айқын көрінуі ықтимал.
Жүйке жүйесінің
ахуалын көрсететін
ең сезімтал көрсет-
кіш – ұйқы. Үрейлі
балалар әрең ұйықтай-
ды, олардың ұйқысы
сергек, үзілмелі. Олар
жиі кенеттен айғайлап
жібереді, мазасыз дөң-
бекшиді, қорқынышты
түстерден зәресі кетеді.
Д
ені сау және көңілді. Бұл екі ұғым әрдайым бірге
тұрады. Сергек көңіл-күй, жайдарылық, өмірге құштар-
лық болмаса, денсаулық толымсыз болып көрінеді, қауіп,
үрей сезімі белең алады.
Бала үрейінің себептері сан қилы. Кейде ол бала
дүниеге келмей тұрып, анасы жүктілік кезінде басынан
жағымсыз жайттар өткенде пайда болады. Үрей бел-
гілері қысқа мерзімді бола ма немесе ұзаққа созылып
кете ме, үрей ашық көріне ме, әлде болмашы ғана бола
ма, ақыр соңында үрейлі баладан салмақты ересек адам
өсіп шыға ма – барлығы өмірлік жағдайларға, айнала-
дағы ересектердің, ата-ананың дұрыс мінез-құлқына
байланысты.
Тіпті кішкентай баланың өзін жағымсыз әсерлер-
ден, уайымдардан қорғау әрдайым қолымыздан келе
бермейді. Үрейлі балалар дені сау балалар үшін ешбір
із-түзсіз өтіп кететін әсерлер үлкен үрей тудыраты-
нымен ерекшеленеді. Үрей баланың еңсесін басады,
белсенділігін бәсеңдетеді, бастамашылдығын тұншықты-
рады және көбінесе дәрменсіз күйге шалдықтырады.
Бала бөлмеде жалғыз қалуға қорқады, жаңа жерлерден,
бейтаныс ересектерден және балалардан сескенеді.
86
БАЛАНЫҢ ҮРЕЙІ ЖӘНЕ
ДЕНСАУЛЫҒЫ
14
Достарыңызбен бөлісу: |