Математика пәнінен Ұбт-ге оқушыларды дайындау



жүктеу 98,5 Kb.
бет1/2
Дата12.11.2023
өлшемі98,5 Kb.
#44185
  1   2
UBT daiyndau


Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
Қызылқия елді мекені
«Комсомол» жалпы орта мектебі
Сатеев Пердебек Өмірбекұлы
Математика пәнінің мұғалімі
e-mail: psateev@mail.ru
Тел: 8 705 489 59 70, 8 775 692 68 97

Математика пәнінен ҰБТ-ге оқушыларды дайындау

«Комсомол» жалпы орта мектебінің математика пәні


мұғалімі Сатеев Пердебек Өмірбекұлы

Математика пәні ҰБТ-де міндетті тапсырылатын пән болып есептеледі. Тестілеуде ұсынылатын тест тапсырмалары орта мектеп бағдарламасына сай құрылады да: арифметиканы, алгебра және анализ бастамаларын: яғни сан және пропорция, теңдеулер және теңдеулер жүйесін, мәтіндік есептер мен теңсіздіктер жүйелерін, өрнекті ықшамдауды, прогрессияны, функциялар, туынды, интеграл тақырыптары мен, геометрияны: планиметрия мен стреометриядан алған білімдерін тексереді.


ҰБТ-ді жақсы тапсыру үшін оқушылар мектептен алған білімдерін бірқалыптылығы мен тереңділігін көрсете алуы тиіс. Сондықтан да өткен материалдарды қайталау мәселесі аса маңызды. Мен өзімнің мұғалімдік тәжірбиемді сараптай келе ҰБТ-ге дайындықтың аса маңызды қағидаларын бөлер едім.
Асықпай тездет! Берілген уақыттың тар шеңбері сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі тиіс. Сұраққа жауап берер адында сұрақты екі рет оқып шығып, нені сұрап тұрғанын толық түсінгеніңе көз жеткіз.
Оңайынан баста! Көп ойлануды талап ететін сұрақтарға тоқтамай, өзің жақсы білетін, оңайларынан бастағаның жөн. Тапсырманы ең қиын сұрақтан бастау міндетті емес. Қайта өзің ең жақсы білетін, оңай сұрақтардан бастасаң, жұмысың нәтижелі болып, басқа тапсырмаларды да орындайтын боласың.
Қалдырып кет! Қиын әрі түсініксіз сұрақтарды қалдырып кетуді үйрену керек. Есіңде сақта: мәтінде міндетті түрде сен жауап бере алатын сұрағың табылады.
Сұрақты соңына дейін оқы! Асығыстық тапсырманы «алғашқы сөздерінен» түсініп, соңын өзіңнің ойыңша аяқтауыңа алып келуіне тиісті емес. Бұл оңай сұрақтан қате жіберуге алып келетін жол.
Алдындағы тапсырма туралы ғана ойлан! Жаңа тапсырмаға келгенде алдындағысын ұмыт. Тестідегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан алдындағы тапсырмада қолданған білімің келесісін орындауға көмектеспейді, керісінше бөгет болады. Бұл кеңес екінші жағы да бар, мысалы алдыңғы сұрақты білмесең, келесі сұраққа жауапты міндетті түрде білем деген сенімділік береді. Әр жаңа тапсырма – балл жинауға жаңа мүмкіндік деп қарағаның дұрыс. Кейбір тапсырмалар өз нұсқаларының ішіндегі бұрыс жауаптарын тапсаң да дұрыс жауапты табуға болатындығымен ерекшеленеді. Аталған әдіс – бірден бес нұсқа туралы емес, айталық, екі жауап төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
Екі айналым жоспарла! Жауаптарыңды бір қарап шығуға («бірінші айналым»), алғашында қиын болып көрінген тастап кеткен сұрақтарыңа тағы бір оралуыңа («екінші айналым) болады.
Тексер! Тапсырмаларда жауаптарыңды қайта тексер, ең болмаса көз жүгіртіп өт. Шығарған есептердің жауабын тексер.
Болжа! Егер сен дұрыс жауапты білмесең, интуицияңа сенуіңе болады. Онда да ең дұрысқа жақын болуы тиіс деген нұсқасын таңдауға тырыс. Әрдайым арифметикалық өрнектің мәнін бағалауға тырысу керек.
Көңіліңді түсірме! Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе бойынша бұл мүмкін емес екендігін естен шығарма. Тест тапсырмалары ең қиын дәрежеге есептелген, және сен орындаған тапсырмалар жақсы деп бағалануы әбден мүмкін.
Тест тапсырмасынын мазмұнын ғана емес оның берілген жауаптарын да мұқият оқыған жөн. Болмайтын жауаптарды бірден сызып тастап шыңдыққа жанасатын жауаптарын қалдырып, берілгеніне сай келетін ізделген жауаптардың қасиеттеріне мән беріңіздер. Егер жауаптарға мән бермесек , онда берілген теңсіздікті мысалы, интервал әдісімен шешу керек. Ол үшін шамамен он минут уақыт қажет. Сондықтан уақытты үнемдеу үшін, берілген кеңес бойынша: бізге теңсіздіктін ең кіші мәнін тап деп тұр, сондықтан да жауаптардың ішінен ең кіші мәнін алып теңсіздікке қойып көрсек қайтеді? Көбісі есептің алымын есептеуге кіріседі, керісінше есептің бөлімін есептеп алу керек. Ол неге тең? Әрине нөлге. Яғни алымын есептеудің қажеттілігі жоқ, -2 дұрыс жауап емес. D жауабын сызып тастауға болады. Осы жолмен С жауабында көреміз, ол да дұрыс емес, ендігі кезекте А жауабын теңсіздікке қоя отырып дұрыс жауабының осы екендігіне көз жеткіземіз.
Қиын алгебралық өрнектерді ықшамдаудың орнына осы берілген өрнек пен берілген жауаптарда осы өрнекке айнымалылардың мәнін қойып көру керек. Кейбір оқушылар осы есепті шығаруға көмектесетін тригонометриялық формуларды ұмытып қалуы мүмкін.
Геометриялық чертеждер мен графиктерді белсенді қолдану. Әрине бұл есепті аналитикалық түрде шығаруға болады, бірақ ол көп уақыт талап етеді. Берілген функцияның графиктік суреті бірінші пайдалы тұжырым жасауға яғни дұрыс келмейтін жауаптарын алып тастауға көмектеседі.
Енді бәрнеше мысал қарастырайық.
1. Тригонометриялық теңсіздіктерге мысал.
Тригонометриялық теңсіздіктерді бірлік шеңберге салу тәсілімен, графигін салу тәсілімен немесе формулаларды қолдану тәсілімен шешуге болады. Көп жағдайда орташа оқитын оқушыларға тригонометриялық теңсіздікдтерді бірлік шеңберге салу немесе графигін салу тәсілдеріне қарағанда формулаларды қолданып шығаруды үйрету тиімді болады. Мұнда оқушы формулаларды жаттап алса, формулаға қойып есепті тез шығара алады.

жүктеу 98,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау