Айналадағы әлемді меңгеруді жалғастыра отырып, балалар
бастамашыл және жалпы өмірге деген құштарлығы ашыла
түседі. Олар қоршаған ортаны зерттеп танудың келесі сатысына
қуана-қуана аяқ басады.
Әрдайым есіңізде болсын: балаға ата-анасының сөзі емес,
ісі көбірек әсер етеді. Егер балалар қолдауды сезсе, өздеріне
сенімдірек бола түседі, әртүрлі үйдегі және қоғамдық істерге
белсене араласады. Балалар, әсіресе, тамақ дайындауға немесе
қандай да бір маңызды іс-шараларды талқылауға (кезекті
демалысты қашан және қайда өткіземіз, демалыс күні қайда
барамыз және т.с.с.) қатысқанды жаны сүйеді.
БАЛАНЫ САБЫРҒА КЕЛТІРУ ҮШІН НЕ
ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?
Ол үшін күні-түні баланың көңілін көтеру және алдарқа-
ту қажет емес. Ол өзі айналасындағы жағдайдан сабы-
рлылық, куаныш тауып үйренуі, күнделікті үйреншікті
жайттардан қызықты тұстар таба білуі; қолына алған
бар істі сүйсіне жасауы қажет. Сіздің пікіріңізше бол-
машы нәрсеге: көшеден тауып алған әдемі жапыраққа,
күннің шұғыласына, әйнектегі қырау салған өрнекке қу-
анып тұрса да, баланың қуанышын бірге бөлісіңіз. Оның
назарын тек қауіпті немесе орынсыз жайттарға емес,
барлық қызықты, ұнамды, көңілді жайттарға аударыңыз.
Ал балалар «Шықпа –құлайсың», «Тиіспе – бір жеріңді
ауыртып аласың» дегеннен басқа ештеңе естімейтін
кездері де болады ғой. Одан да сорақысы – баланы
қасқырмен, «үлкен мүшегі бар атаймен», полиция қыз-
меткерімен және т.б. қорқыту.
Баламен үнемі бірқалыпты, байсалды сөйлесу керек. Бір
мезетте жұмсақ, әрі қатал болыңыз: баланың ерекшелік-
терін ескере отырып, оның кез-келген еркелігіне көне
бермеңіз. Баланың делебесі қозып тұрғанда қандай
да бір шара қолдану тиімсіз, тіпті оның қыңырлығын
күшейтіп жіберуі мүмкін. Ал сабырға келген соң, оған
бірден мұндай мінез-құлықтың дұрыс емес екенін
түсіндіру қажет. Шыдамдылық, байсалдылық мен сал-
мақтылық үнемі оң нәтиже береді.
87
БАЛАНЫҢ ҮРЕЙІ ЖӘНЕ
ДЕНСАУЛЫҒЫ
14
Баланың өз-өзіне деген құрметін арттырып отырыңыз.
Баланың ашық әңгімеге тартып көріңіз, оны не алаңда-
татынын, үрей сезімі қалай және не себепті туындаға-
нын анықтап көіріңіз. Егер балалар өзін қауіпсіздікте
сезінсе, олар сенім артып үйренеді. Егер балалар достық
пейілді сезсе, әлемде махаббат пен сабырлылықты
табуды, өз-өзін, өзінің үрейін, сенімсіздігін қадағалауды
үйренеді. Олар өз қалаулары мен қызығушылықтарын
әлеуметтік тұрғыдан лайықты шектерге сыйдыруға
көмектесетін мінез-құлық түрлерін тезірек табады.
ҮРЕЙЛІ БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫНА АР-
НАЛҒАН КЕҢЕСТЕР
1.
Баланың өзін-өзі жоғары бағалауына ықпал етіңіз: жиі
мақтаңыз (тіпті шағын жетістіктері үшін болсын), балаңы-
зға көбірек сенім артыңыз; баламен сөйлескенде атын жиі
атаңыз.
2.
Дене жанасуын жиі қолданыңыз: психологтармен дәлел-
денген, ата-анасының күнделікті 8-10 рет құшақтауы
баланы өзін бақыттырақ және сабырлырақ сезінуге, қиын-
дықтарды және үрейін тезірек және мейлінше аз қиналып
жеңуге, жауаптырақ бола түсуге көмектеседі.
3.
Баланы айналасындағылармен салыстырмаңыз.
4.
Үрейлі балаларды әртүрлі жарысу немесе «кім жылдамы-
рақ» сияқты істерге араластырмаңыз.
5.
Үрейлі баланы асықтырмаңыз, оларға өздеріне үйрен-
шікті қарқынмен әрекет етуге мүмкіндік беріңіз (оларды
қалғандарынан сәл ертерек үстел басына отырғызуға,
бірінші болып киіндіруге және т.б. болады).
6.
Балаға мейлінше аз ескерту жасаңыз, жазалау шараларын
(бірақ оны қорламайтын!) тек өте қажет болғанда ғана
қолданыңыз.
7.
Баланы өзіне таныс емес істермен айналысуға мәжбүр-
лемеңіз – ол алдымен басқалар қалай істейтінін көріп
алсын.
8.
Балаға үстел басынан тұрақты орын, тұрақты төсек және
т.с.с. белгілеп қойыңыз.
9.
Өз әрекеттеріңізде бірізді болыңыз: балаға негізді
себепсіз бұрын рұқсат еткендеріңізді жасауға тыйым
салмаңыз.
10. Сенімді, әрі байсалды мінез-құлық үлгілерін көрсетіңіз,
балаңызға өзіңіз үлгі болыңыз.
11. Баланы нақты, өзін әбігерге салатын жағдайларда (та-
ныстық, көмек сұрау, алғыс айту, бас тарту, жеңіс немесе
жеңіліс және т.б.) өзін ұстай білуге үйретіңіз.
ЕГЕР СІЗ ҚОЛЫҢЫЗДАН КЕЛГЕН БАР ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗГЕ
ҚАРАМАСТАН, ОСЫ ЖАҒДАЙДАН ӨЗ КҮШІҢІЗБЕН ШЫҒА
АЛМАЙТЫНЫҢЫЗДЫ СЕЗСЕҢІЗ – МАМАН (ДӘРІГЕР ПСИХО-
ТЕРАПЕВТ, ПСИХОЛОГ) КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНІҢІЗ.
88
БАЛАНЫҢ ҮРЕЙІ ЖӘНЕ
ДЕНСАУЛЫҒЫ
14
БІЗ ДӘРІГЕРГЕ
БАРАМЫЗ
15
89
A
та-аналар балаларының дәрігер қабылдауына барғы-
сы келмейтініне, емханаға баруды кез-келген тәсілмен
болдырмауға тырысуына өте жиі тап болады. Олар сіздің
шешіміңізді өзгертуге тырысуы мүмкін. Ол үшін жы-
лау, долдану, айғайлау, ашу шақыру, ызалану тәсілдері
қолданылады. Әдетте, алдымен сіз балаңызды көндіруге
тырысып бағасыз, артынша қаталырақ шараларға (қорқы-
ту, жазалау, кейде айғайлау) көшесіз, ал бұл шаралар
көмектеспегенде қолыңызға белдік аласыз және т.с.с.
БАЛАЛАРДЫҢ МҰНДАЙ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
ӘРТҮРЛІ БОЛУЫ МҮМКІН:
1. ата-анасы өздері қалыптастырған қорқыныш;
2. бұрын дәрігерлерге барудан туындаған қорқыныш;
3. бейтаныс жерде бейтаныс адамдардың арасында
жалғыз қалу қорқынышы.
Көбінесе ата-аналар балаларының қорқыныштарын
өздері қалыптастырады. Бала ұйықтағысы келмегенде,
ата-анасының айтқанын істемегенде, оны тәртіпке салу
үшін қорқыта бастайды: дәрігерге қоңырау шаламыз, ол
келіп, саған ине салады немесе сені ауруханаға алып
кетеді.
Ешбір жағдайда мүлдем бұлай істеуге болмайды!
Бала
санасында дәрігер ауыртады, қорқытады, ол жаза-
лау шарасы деген тұрақты түсінік қалыптасуы мүмкін.
Есейгенде бала өз балалық шағындағы тәжірибесіне
сүйене отырып, дәрігерге барудан жалтаруға тырысатын
болады, әрі өз көзқарасын балаларының бойына сіңіруі
де әбден мүмкін.
90
БІЗ ДӘРІГЕРГЕ БАРАМЫЗ
15
Достарыңызбен бөлісу: |