БАЛАНЫҢ КӨҢІЛІН АУЛАҢЫЗ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІК
ТУҒАНДА ӨЗ АЙЛА-ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗДІ ҚОЛДАНЫП
КӨРІҢІЗ
МАҢЫЗДЫ ІСТЕРДЕ ТАБАНДЫ БОЛЫҢЫЗ
Әдетте, өзіңізге ұнамайтын істен баланың көңіліні
ұнамдырақ іске аудару оңай. Баланың көңілін аулау
сіздің «жеңілгеніңізді» білдірмейді, бірақ ғажайып
нәтиже беруі мүмкін. Егер бала теледидардың батырма-
ларымен ойнап тұрса, қолына ескі фонарь ұстатыңыз не-
месе теледидар көруге отырған сайын балаңыздан оны
қосуын сұраңыз. Егер қызыңыз сіздің опа-далап тұратын
қобдишаңызбен ойнағысы келсе, оған ескі сөмкеге са-
лынған әртүрлі құтылар және қораптар беріңіз.
Қоқан-лоқы көрсетудің немесе сынап-мінеудің еш
пайдасы жоқ. «Теледидарға тиісе беруді доғармасаң,
мен сені жазалаймын» деген сияқты, шындығында ешбір
мәні жоқ үздіксіз ескертулер ағынын құлағына да ілмеу-
ге балақайлардың бойлары тез үйренеді.
62
ТӘРТІП НЕМЕСЕ БАЛАЛАРДЫ
ҚАЛАЙ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК
9
МАРАПАТТАУ
ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ
10
63
Қ
ай уақытта болмасын, барлық ата-аналарды балалары-
на барынша жақсы тәрбие беру мәселелері толғандырған
– баланың тұлғасы үйлесімді дамуына септесу үшін қалай
марапаттауға және жазалауға болады.
Марапаттау – аса ықпалды мінез-құлық реттегіші, оның
көмегімен үйрету үдерісі жылдамырақ жүреді. Бірақ,
кез-келген мадақтау түрі пайдалы бола бермейді, сол
сияқты жазалау да әрдайым зиян емес – тәрбиелеу
мәселесінде жаман немесе жақсы әдістер жоқ, орындысы
немесе орынсызы ғана бар.
Марапаттау және жазалау екі түрлі әдіспен жүзеге асы-
рыла алады: заттай және психологиялық (рухани). За-
манауи қоғам марапаттау мен жазалаудың заттай түрін
дұрысырақ көреді, яғни, «Кәмпит алып беремін – кәмпит
алып бермеймін». Бұл отбасына да, мектепке де тән қа-
сиет. Психологиялық әдіс, яғни, құптау (балаға көңіл бөлу,
бірге уайымдау, қолдау көрсету, сенім білдіру және т.б.)
және жазалау (өкпе, реніш, немқұрайды қараған сыңай
таныту, ызалану, аса қиын жағдайларда ашу шақыру)
көрініс беретін адамдар арасындағы өзара әрекеттердің
және өзара қарым-қатынастардың ерекшеліктері сирек
қолданылады. Әрине, психологиялық құралдарды қол-
дану тек жан жылуын ғана емес, сондай-ақ, белгілі бір
актерлік шеберлікті де талап етеді. А.С.Макаренко «Бері
кел» деген сөздерді 20 түрлі дауыс ырғағымен айтып
үйренбегенше мұғалім болу мүмкін емес деп бекер
жазбаған. Тек заттай марапаттау және жазалау әдістерін
қолдану кіріптар, өзін-өзі қадағалау қабілеті төмен,
жалпы «Ұсталамын – ұсталмаймын» деген жағдайда ғана
бағыт-бағдар таба алатын адамды ғана тәрбиелейді.
Психологиялық ықпал ету әдістерін пайдалану ар-ұят
қасиетін мінез-құлықты іштен қадағалау құралы ретінде
қалыптастырады.
64
МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ
10
АДАМ КҮНІНЕ КЕМ ДЕГЕН-
ДЕ 8 РЕТ ӘРТҮРЛІ ӘДІСПЕН
ЖӘНЕ ӘРТҮРЛІ
ЫҚЫЛАСПЕ
«СИПАУҒА» ЗӘРУ.
Марапаттау ережелері
Әсеріне қарай мақтау есірткіге ұқсас, яғни, бір рет
мақтау естіп үйренген адам, оны қайта-қайта естуге
мұқтаж болып тұрады. Алайда, асыра мақтау зиян.
Шектегіштер:
баланы өз еңбегімен жетпеген жетістіктері (сұлу-
лық, ақыл, күш-қуат, денсаулық және т.б.) үшін
мақтауға болмайды;
бір ісі үшін екі реттен артық мақтауға болмайды;
мүсіркегендіктен мақтауға болмайды;
балаға ұнау ниетімен мақтауға
болмайды.
Орынды мақтауға қойылатын дербес талаптар. Мақтауға
келесі санаттағы балалар әсіресе мұқтаж:
шынайы кемшіліктеріне негізделе отырып, өздерін
кемшін сезінетін балалар. Мақтау естімесе, мұндай
балалар қатты қиналады. Бұл мақтау – жарлыларға
арналған жәрдемақы және сый;
«асқан кемелдігіне» сенімді балалар (шын мәнін-
де дарынды балалар). Олар үшін мақтау – өсу
мен жетілуді қамшылаушылар, олар өздерінің
артықшылықтары туралы біледі, бірақ айналасын-
дағылардың мойындауына зәру. Мұндай балаларды
мақтамаса, олар солып қалмайды, бірақ, көркейіп те
кетпейді;
сынға аса сезімтал намысқой балалар. Мақтау
олар үшін жалпы зиян, бірақ, олар мақтаусыз өмір
сүре алмайды. Амалы: ашық мақтамау, бірақ, басқа
балалармен салыстырмай, балаға өзінің шынайы ар-
тықшылықтары туралы баға беруден аулақ мәлімет
беру.
65
МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ
10
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ТАҢЕРТЕҢ ЖӘНЕ ТҮНДЕ ҰЙЫҚТАР
АЛДЫНДА МАҚТАУ ҚАЖЕТ. БАЛАНЫ ӨЗ-ӨЗІН ЖЕТІЛ-
ДІРУГЕ ТАЛПЫНҒАН ӘРБІР, ТІПТІ БОЛМАШЫ ӘРЕКЕТІ
ҮШІН МАҚТАҢЫЗ.
Кепілақы әдісімен айтылатын мақтаудың келесі түр-
лерін атап көрсетуге болады:
a) шындығында қалай екеніне қарамастан, баланы
әлдебір істі жақсырақ жасайтынын айту;
б) өз-өзін жеңуге талпынған әрбір әрекетін құптау,
қолынан келмей жатса, ұрыспау;
в) егер ешбір өзгеріс болмаса, бойындағы теріс
қылықтарына мән бермеу, ал қандай да бір жағым-
ды өзгеріс орын алса, елеп, мақтау.
Кепілақы әдісімен мақтауды пайдалана отырып, мүмкін-
діктер шекарасынан аспаған жөн және баланы жаңылы-
стырмаған абзал.
3. «Көтеріңкі» мақтау. Егер біз балаға қойылатын талап-
тарды күшейтетін болсақ, онда жаңа жеңістерге шабыт-
тандыру үшін оны мақтауды күшейтуден бастау қажет.
4. Жанама құптау. Мақтау айтылмайтын, яғни, көмек,
кеңес сұрау және т.с.с. түріндегі мақтау. Басқа бір кісімен
сөйлескенде сөз арасында балаңыз туралы бірер жақсы
пікіріңізді айтыңыз, бірақ, бала оны еститін болсын. Бұл
сөздер баланың бойындағы жақсы қасиеттерін арқау
етуі тиіс, бірақ, оның теріс қылықтарына назар аудартпа-
уы керек.
МАҚТАУ ТҮРЛЕРІ
1. «Орын толтыру». Шын мәнінде әлдене жетіспейтін
(физикалық кемшілік, нашар мінез, өмірдегі сәтсіздіктер)
балаларға қатысты қолданылады. Оларды бойындағы
барлық жақсы қасиеттері үшін, өздері қол жеткізбеген
болса да, мақтау қажет (бірақ, асыра мақтамаған жөн,
себебі, мұндай балалар тым ерке мінезді озбырларға
айналуы мүмкін).
2. «Кепілақы» – бұл алда болатын істерге айтылатын
мақтау, бір адым озық жүретін түрі. Ол адамды өз-өзіне
сенуге үйретеді. Сенім мүмкіндікті шындыққа айналды-
рады. Бос мақтау – жалған айтумен бірдей бола бермей-
ді.
66
МАРАПАТТАУ ЖӘНЕ ЖАЗАЛАУ
10
Достарыңызбен бөлісу: |