Сабаќтыњ таќырыбы: Синонимдер



жүктеу 107,67 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі107,67 Kb.
#6560
түріСабақ

Кәдірберді Раушан Бейсенбайқызы,

П.Айтменов атындағы негізгі

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Отырар ауланы



Сабақтың тақырыбы: Синонимдер
Сабақтың мақсаты:

  1. Синоним сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығарып алуға бағыт беру.

  2. Синоним сөздерді белгілеріне қарай топтастыру және қандай сөз таптарынан болатынын байқату.

  3. Синоним сөздердің кейбіреулері кез-келген сөздермен тіркесе, үйлесе бермейтінін ұғындыру.


Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұсынған әңгімені оқып, кейіпкерлердің ісін талдау жасай отырып бағалау, өздерінің алға қойған мақсаттарына еңбек ету арқылы жететінін түсіндіру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденіспен топта жұмыс істеу қабілеттерін дамыту, басқаларды тыңдау, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай білу қабілеттерін дамыту.
Мазмұнға байланысты міндеттері: Синоним сөздердің мол әрі орынды қолдануы сөйлеушінің тіл байлығын мол екендігін ғана емес, сонымен қатар сөз қолданылуындағы талғампаздығын да танытатындығының сырын ашу.
СТО-ға байланысты міндеттері: Болжау жасау, мәтінді талдау, салыстыру арқылы оқушы қимылын дамыту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттері: Бірлесе жұмыс істеу, өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары – ой қозғау, кубизм, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалы кесте, тестік қима қағаз.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмаын текеру 68- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ. Синонимдер.
Қызығушылықты ояту сатысы. Ой қозғау. Синоним сөздер тілдің байлығын көрсетеді. Синоним сөздердің мол әрі орынды қолданылуы сөйлеушінің тіл байлығы мол екендігін ғана емес, сонымен бірге оның сөз қолдануындағы талғампаздығын да танытады. Синонимдерді көп білу бір сөзді қайталай беруден де арылтады.
ІҮ. Мағыналы ажырату
Плакатқа жазылған синоним сөздерді оқушылар бірнеше топқа өліп жазды. Олар мына сөздер: келбет. Кескін, сабырлы, байсалды, дидар, рең, түс, ұстамды, мүсін, сәлемдесу, есендесу, көрісу, амандасу, сұлу, өңі.
Ажар жүздесу сабырлы

Көрік амандасу байсалды

Келбет сәлемдесу ұстамды

Дидар есендесу салмақты

Көрікті
Жалпы оқушыларға сұрақ


Әр топтағы сөдерді бір-бірімен мағынасы және жазылу жаынан салыстырыңдар. Қандай ой түйдіңдер?
Оқушылар жауабы

Мағыналарды бір-біріне жақын немесе бірдей, жазылуы әр түрлі сөздерді синонимдер дейміз. әр топтағы сөздерге сұрақ қойғызамын.


Не? Не істеді? Қандай?

Ажар жүздесу сабырлы

Көрік сәлемдесу байсалды

Келбет есендесу ұстамды
Жалпы оқушыларға сұрақ беру

Синонимдік сөздер табы қандай сөз табының құрамынан болады?


Оқушылардың жауабы

  1. Зат есімнен болған сининимдер

  2. Етістіктен болған синонимдер

  3. Сын есімнен болған синонимдер



Оқушыларға зат есімнен болған сининимдер тобымен сөз тіркесін құрау ұсынылады.
Ажарлы

Дидарлы түсі

Адамның Реңі малдың

Көркі түрі

өңі
Жалпы оқушыларға сұрақ
Ажар, дидар, көркі, рең, өң сөздері малдың деген сөбен неге тіркеске түспейді? Бұған қандай қорытынды шығарамыз?
Оқушылардың жауабы
Синоним сөздер кез – келген сөзбен тіркеске түспейді? Ажар, дидар, көрік т.б.адамға қатысты сөздермен ғана тіркеседі.
Ү. Топпен жұмыс

«Үш жігіт туралы хикая» атты әңгіме бойынша жұмыс. Оқушыларды үш топқп бөлдім. «Үш жігіт туралы хикая» әңгімесін оқып танысамыз. Хикая не туралы екен? Алдына мақсатқа қалай жетуге болады екен? Әр топтан бір оқушы шығып мазмұнын немесе өз ойларын ортаға салды.


1-топ. Жауабы

Бірінші бөлімде үш жігіт бірін – бірі білмейді. Олар өлместің тауын іздеп шықты. Бірінші жігіт жолда жүре-жүре шаршайды. Бір сұлу қызға кездеседі. Сол сұлу қыздың қасында қалады.


Сұрақ

Екінші, үшінші жігіт өз мақсатына жете ме? Қалай ойлайсыңдар?


Жауап

Олар өз мақсатына жетеді деп ойлаймыз.


2-топ Жауап

Екінші жігіт жолда жүріп келе жатып шаршап, шөлдеп, тілі кеуіп кетеді. Оның алдынан бұлақ көрінеді. Бұлақтан жігіт те өз мақсатына жете алмайды. Ал үшінші жігіт өз мақсатына жететін болар деп ойлаймыз.


Жалпы оқушыларға сұрақ

Бірінші , екінші жігіт өз мақсатына неге жете алмады?


Жауап

Олар жігеріз, дәрменсіз, шыдамсыз, қайратсыз, жалқау, еріншек т.б.


Жалпы оқушыларға сұрақ

Үшінші жігіт өз мақсатына қарай жетті ме?


Жауап.

Ол жігерлі, қайратты, шыдамды, еңбекқор т.б.


ІҮ Ой-толғаныс сатысы.

Ал, балалар, сендер алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? Өскенде кім боласыңдар? Осы мақсатқа жету үшін не істейсіңдер? «Кім болам» атты шығарма жазайық. Шығарма 5-6 сөйлемнен тұратын болсын.

Шығарма жазған кезде синоним сөздерді пайдаланасыңдар.
Динараның шығармасы

Мен мұғалім болғым келеді. Ол үшін әр кез сабақты дұрыстап оқимын. Көптеген қиыншылықтарға шыдаймын. Өзімнің мақсатыма жету үшін қайраттанамын, жігерленемін, еңбектенемін. Сонда алдыма қойған мақсатқа жетемін. Мақсатқа жеткен адам бақытты болады.



Өтілген жаңа тақырыпты түрлі қырынан қарастыру үшін Кубизм әдісі бойынша жұмыс жасау.


  1. Салыстырмыз – Ұқсастарын, айырмашылықтарын тап. Омоним және синоним сөздерді салыстыру.

Омоним

Ортақ

Синоним

1.дыбысталуы бірдей

2.Әртүрлі сөз табына қатысты

3.Әр түрлі сұраққа жауап беріп, басқа сөйлем мүшесінің қызметін атқарады


1.Екеуі де лексика тарауында өтіледі.

2.Сөйлеу тілін дамыту үшін

3.Сөз байлығын молайту үшін


1.Дыбысталуы өзгеше

2.Бір сөз табынан

3.Бір сұраққа жауап береді. Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.





  1. «Аяқтаңыз» оқушыларға синоним сөздерді беріп, сөйлем құрау.

Мысалы: ас, тамақ т.б

Кәрі, қарт, биік, бойшаң т.б.




  1. «Анықтаңыз»

Белгілі бір синонимдік қатарды алғызып, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтау.
Күшті Мықты Әлді

Адам ат адам ат адам


Қарулы Қайратты Қажырлы

Адам адам адам




  1. «Сәйкестендіру»

Екі қатарға синоним сөздердің орнын жүйесіз орналастырамыз, оқушыларға сәйкестігін стрелка арқылы көрсету керек.

Ауру Келбет

Алыс Дәу

Үлкен Нән

Ажар Шалғай

Тамақ Ауқат

Кесел Науқас



  1. «Суреттеңіз»

Сыныптағы оқушының мінезін, түр-әлпетін суреттеу.

  1. «Қолданыңыз»

Сөйлемдер берілді, синонимдерді тауып, синонимдік қатар түзу.

  1. Келбет жіп күрмеуге келмеді.

(келбет, қысқа, шолақ) (күрмеуге, байлауға)

  1. Отау жанынан екеуіде қашықтап бара жатты.

(жаны,қасы,маңы,тұсы), (қашықтап,алыстап,аулақтап)
Сабақты бекіту.

«Бинго» тестік ойыны. Әр сұрақтың астында белгілі ұтыс заттар болады. Жұрыс жауап берген оқушы ұтысын заттай алуға құқылы.



  1. «Жалғасы» сөзінің синонимі қайсысы?

А) төңірегі

Ә) жиегі


Б) аймағы

В)Аумағы


Ұтыс: дәптер

  1. Мына сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

Шақ, мезгіл, уақыт, мерзім

А) омоним

Ә) антоним

Б) синоним

В) көп мағыналы

Ұтым: Өшіргіш




  1. Мына сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

А) Омоним

Ә) Көп мағыналы сөз

Б) Антоним

В) Синоним

Ұтыс: Сызғыш


  1. Үстеулерден болған синонимдерді тап

А)Сұлу, әдемі, көрікті

Ә)Тез, жыдам, шапшаң, лезде

Б)Арықтаған,жүдеу

В)Дәм,тағам, ас

Ұтыс: Қалам


  1. Асты сзслған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

Жақсы байқап сөйлер,

Жаман шайқап сөйлер.

А)Омоним


Ә)Синоним

Б)Ауыспалы мағына

В)Антоним

Ұтыс:Конфет




  1. Көп нүктенің орнына қай сөз лайықты?

Дос артыңнан мақтар

...............көзіңе мақтар.

А)ағайын

Ә)Құрдас


Б)Көрші

В)Дұшпан


Ұтыс:Күнтізбе


  1. Асты сызылған сөздер мағынасына қарай қандай сөздер?

Оның аты – Асан, Біржан атының үстінде тұрып ән шырқады.

А) Омоним

Ә)Көп мағыналы сөз

Б) Синоним

В) Ауыспалы мағына

Ұтыс: Қарындаш




  1. Зат есімнен болған синонимді тап?

А) Бағалы, құнды, қымбат

Ә)Халық, жұрт, көпшілік

Б) Семіру, толу, майлану

Ұтыс: Сурет дәптер




  1. Асты сызылған сөздер мағынасын жағына қандай сөздер?

Әдепті бала – арлы бала

Әдепсіз бала – сорлы бала
А) Омоним

Ә)Синоним

Б)Антоним

В) ауыспалы мағынада



Ұтыс: Қаламсап
ҮІІ сабақты қорытындылау







Мағыналары бір-біріне жақын

Бір ғана сөз табына қатысты болады

Әр түрлі дыбысталып айтылады

Синонимді білу тілді байытады



Синоним сөздер талғампаз


ІХ Үйге тапсырма

Синонимдер сөздігінен өзіне таныс емес синонимдер қатарын теріп жазу.


Х. Бағалау. Мадақтау, қоштасу
Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Қазақатан мектебі» журналы 2005 №9-10

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2008 №3

  3. Тест жинақтары

  4. Синонимдер сөздігі

жүктеу 107,67 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау