Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет29/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48

Балалар үшін осы қоқыс пайдалы қазбалар сияқты: пай-
далы қазбалардың сан-алуандылығы мен молшылығы 
халықтың байлық қорын анықтайды, ал балаларда – кө-
шеден тауып алған заттардың барлығы баланың өмірлік 
мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті ойын және ойын-
шық қорларын жүйелі түрде толтырып отырады. Көшеде 
шашылып жатқан ұсақ заттардың арасынан баланың 
қырағы көзі барлық, аз-кем қызығушылық тудыратын 
заттарды байқау әдетінен жаңылмайды.  Ең құнды деген 
заттар бірден жерден көтеріліп, қалтаға жасырылады, 
сөйтіп, өмірге қайта оралады.
Балалар ете жастан бастап-ақ жерді қазбалай бастайтын-
дықтан, олар өз тәжірибесі негізінде жер қойма екеніне 
көздері жетеді: жерден әлдебір қызықты затты қазып алуға бо-
лады және керісінше, әлденені көміп, жасырып қоюға болады.
Сондай-ақ, жер балалар үшін ғаламат бет болып табылады, 
онда дүниеде не бар болса, соның барлығы орналастырылған, 
жайғастырылған, ұсынылған. Әрі жер бетіндегі ғимараттардың, 
өсімдіктердің, түрлі-түрлі заттардың көпшілігі мызғымай берік 
тұрады. Бірақ, жер бетінде белгілі бір ережелермен жайғасқан 
сан-алуан заттардың арасында болмашы, «заңнан тыс», жолда 
аяқ астынан кездесіп қалатын заттар санаты бар: олар әлдекім 
жоғалтып алған тиындар, түймелер, белгішелер, әдемі түйре-
уіштер, сырғалар, түрлі-түсті әйнектердің сынықтары және бала-
лардың өткір қызығушылығын тудыратын, бірақ ересектер үшін 
ешбір маңызы жоқ басқа да ұсақ-түйек заттар.
117
БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
18


Олардың әрі қарайғы тағдыры әртүрлі болуы мүмкін. 
Барлығы баланың жасына, жынысына, кіммен және не 
ойнайтынына байланысты. Бала тауып алған заттар 
оның «қазынасын» толтыруы мүмкін немесе қыз бала-
ның «құпиясына» немесе ұл баланың «құпия орнына» 
айналуы мүмкін. Бірі ойын барысында қолданылады, ал 
енді бірі балалардың түсінігі бойынша тұрақты валюта 
немесе айырбас қарым-қатынасының лайықты нысаны 
болып табылады. Кейбір заттарға иелік ету мәртебе 
болып табылады және тіпті баланың құрдастары ара-
сындағы беделіне әсер етеді. Алайда, осындай олжаға 
«пайдакүнемдік» көзқарас бастауыш мектеп жасындағы, 
яғни, айтарлықтай үлкен балаларға тән. Бала неғұрлым 
кіші болған сайын, оның пайда көру ниеті де соғұрлым 
төмен деңгейде болады. 
Балалар терімшілігінің бастапқы кезеңі балалар жерден 
тауып алған заттарының әдетте тіпті өздері үшін ешбір 
тұтынушылық құндылығы жоқ екенімен таңқалдырады. 
Олар баланың назарын пішінінің, түсінің, күйінің дербес 
ерекшеліктерімен аударады. Бұл жағдайдағы бастысы 
тауып алу әрекеті болып табылады: бала ғажайып, басқа-
сынан өзгеше әлдебір затты көзі шалды, сондықтан, 
ол оны өз болмысы саласына қосуға шешім қабылда-
ды. Жерден көтерілген зат баланың шартты әлемінің 
құрылыс құралдарының біріне айналады.
118
БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
18


Қандай бала қалтасына көрінген затты салып алып, үйге 
тасымайды! Көп ата-аналарға таныс жағдай: «Бұл лас 
темірді несіне алдың, лақтыр!» - «Жо-о-оқ! Қалсын». Ба-
ланың мұндай мінез-құлқы табиғи, себебі, оның таным-
дық қажеттілігінің және жасампаздығының (бұл темір 
не үшін керек болып қалатынын кім біледі!) көрінісі 
болып табылады. Бала үшін бұл жай ғана көсеу немесе 
шелек емес – бұл шын мәнінде зымыранның құрамдас 
бөліктері. Еш күмәніңіз болмасын, ол сол заттардан 
нағыз зымыран құрап шығады, ол зымыран тек оның 
қиялының күшімен ғана алыс ғаламшарларға самғайды, 
сондықтан, ол зымыранның қосалқы бөлшектері «лас» 
болғандықтан ғана арманымен неге қош айтысуы керек 
екенін түсіне алмай дал болады. Бұл жағдайда балаға 
зымырандарға арналған бүкіл құрал-жабдық арнайы 
зертханаларда ақ халат киген өте сауатты және ұқыпты 
адамдармен техниканың дұрыс жұмыс жасауына қажетті 
тазалық пен тәртіпті сақтай отырып құрасты-
ратынын айтып берген дұрыс – сондықтан, 
бізге де зымыранды құрастыруды оның 
қосалқы бөлшектерін тазалап жуудан 
бастаса қайтеді, содан соң, оның қа-
уіпсіз құрылымын ойластырса қалай 
болады.
Даму заңдары әр баланы белгілі бір сәтте айналадағы 
әлемді және өзін ұғыну үшін өз бетінше ғаламат жұмыс 
бастауға мәжбүрлейді. Барлық балалар мұны өзінше 
жасайды, бірақ, бір-бірінікіне ұқсас жолмен жүреді, осы 
жолда оларға рухани тәлімгер бола алатын көпті көрген 
ересек серік кездескені абзал. Егер ондай серік табыл-
маса да, кішкентай жолаушы барша адамдарға ортақ 
рухани даму заңдарына бағынып, бәрібір алға жүре 
береді. Бірақ, алға жүру оған әлдеқайда қиынға соғады.
Екі және бес жас аралығында бала бірте-бірте өзінің 
анасынан жеке-даралығын және өз бетінше әрекет ету 
қабілетін аша отырып, тұлғалық дербестікті қалыптасты-
ру кезеңін бастан кешіреді. Егер даму барысы кедергісіз 
жүрсе, осы кезеңнің аяғында балада «Мен бармын» 
және «Менің қолымнан келеді» деген ішкі ұстанымы 
қалыптасуы тиіс. 
Тағдыр ара-тұра адамға ешбір себепсіз сыйлайтын күт-
пеген жерден қуанышқа бөлену, сыйлық алу үміті бала 
өміріне қуана күту сезімін енгізеді, оны қызықтырақ, 
кішкентай таңғажайыптарға толы етеді.
ТҰЛҒА ДЕРБЕСТІГІ
119
БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
18


Әлемді зерттеу мұнымен бітпейді, зерттеу бұрынғыдан 
да саналы бола түседі, әрі күрделі және парасатты бола 
түсуі мүмкін. Бала осы тұлға дербестігінің қалыптасу 
кезеңдерінен жасампаздық және таңқалу ықыласын 
жоғалтып алмай, рақаттана және сүйсіне өткені аса 
маңызды, себебі, кішкентай зымыран құрылысшысынан 
нағыз құрастырушыға айналудың арасы соншалық көп 
уақыт емес…
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың және баста-
уыш сыныпта оқитын балалардың «қазынасы» - бұл, 
сөздің тура және ауыспалы мағынасында, баланың жеке 
құндылықтарының қоймасы. Материалдық тұрғыдан бұл 
өзге адамдар аша алмайтын, ерекше жабық ыдыс, онда 
бала тауып алған немесе сыйға алған, яғни, жеке өзіне 
тиесілі және өзі құндылық деп қабылдайтын ұсақ-түйек 
заттар сақталады. Рухани тұрғыдан «қазынада» сақтаулы 
әр затта бала үшін қымбат әсерлер, естеліктер, қиялдар 
бейнесі басылады. Бала «қазынасына» әлдебір тылсым 
күшке ие заттардай қарап, ара-тұра оларды «тірілтеді». 
Әрбір осындай зат бала үшін кішкентай дербес әлемге 
айналады.
120
БАЛАҢЫЗДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ
18


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау