Қуан, СӘБИ! Жақсы ата-ана болуды үйренеміз жастан жасқа дейін



жүктеу 6,87 Mb.
Pdf просмотр
бет24/48
Дата15.01.2020
өлшемі6,87 Mb.
#26707
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48

ТАБАНҒА (АЯҚҚА) СУ ҚҰЮ
Көбінесе, кішкентай балалар тыныс алу жолдарының сырқатта-
рымен ауырады, бар инфекция тамаққа жиналады. Сондықтан, 
баланың тамағы әрқилы факторлардың жағымсыз әсерлеріне: 
суыққа, желге, балмұздаққа, суық суға сезімтал болмауын 
қадағалау қажет.  
Балаңызға түнгі ұйқыдан тұрған соң, аш қарынға 
берілетін су температурасы бірте-бірте төмендетіліп отыруы 
тиіс. Іс жүзінде бұл келесі жолмен жасалады: сізге қайнатылған 
су құйылған екі ыдыс керек, оның біреуін тоңазытқышқа сала-
сыз, ал екіншісін бөлме температурасында қалдырасыз. Әрбір 
5–7 күн сайын суды келесідей араластырасыз: бір бөлік суық 
суға – бес бөлік бөлме температурасындағы су, бір бөлік суық 
суға – төрт бөлік бөлме температурасындағы су, бір бөлік суық 
суға – үш бөлік бөлме температурасындағы су және т.б. Сұй-
ықтық көлеміне келсек, мұнда көбі баланың жасына және оның 
сұйықтық ішу әдеттеріне байланысты. Үш жасқа дейінгі балалар 
үшін стақанның бір ширегі жетеді, ал үлкенірек балалар үшін 
бір стақанға дейін ұлғайтуға болады.
i
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! 
Егер осы рәсім барысында ба-
лаңыз кенеттен ауырып қалса, рәсімді 
доғарып, бала жазылған соң ғана және 
оған қажетті екі апталық оңалудан кейін 
барлығын қайта бастау керек.
Алдымен табанды дымқыл орамалмен ысқылаудан бастау 
керек, кейін (шамамен бір аптадан соң) су құюға көшуге болады. 
Аяқ бөлме температурасындағы су құйылған шылапшынға 1 
минутқа салынады, содан соң, түкті сүлгімен жылу сезілгенше 
ысқыланады. Аталмыш рәсімнің ұзақтығы күнделікті 1 минутқа 
ұзартылып, 10 минутқа дейін жеткізіледі. Ал су температурасы 
әрбір 3 күн сайын 1 градусқа төмендетіледі. Су ішінде бала 
аяқтарын үздіксіз кезек-кезек басып тұруы керек. 
96
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16


Баланы балабақшаға дайындағанда балақайға балабақша 
туралы ақпаратты бұрмаламай жеткізіңіз. Мысалы, былай деуге 
болады: «Балабақша – саған қамқорлық көрсететін орын, сен 
онда ойнайсың және жаңа достар табасың». Керісінше, былай 
деуге болмайды: «Ол жерде саған ешбір жамандық болмай-
ды», - мұндай сөздер алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Жағымды 
жақтарын сипаттауға тырысыңыз:
ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ 
Көп аналар тіпті міндетті екпелерге амалсыз келіседі. 
Алайда, екпе жасату немесе жасатпау туралы маңызды 
шешім қабылдарда екпе салынған балаларда сырқат 
әлдеқайда жеңіл өтетіні және тұмаудан кейінгі асқыну 
айтарлықтай сирек болатыны туралы есте сақтау ке-
рек. Ал, белгілі болғандай, тұмау, бірінші кезекте, жоға-
ры дене қызуымен емес, асқынуымен қорқынышты.
Балабақшада үйде жоқ 
ойыншықтар бар.
Балабақшада балаларды би-
леуге және ән салуға, сурет 
салуға үйретеді.
Барлық балалар далаға 
серуендеуге шығады, әрі 
балабақшада жақсы құм-
салғыштар бар.
Балабақшада әдемі, қызықты, 
көңілді мейрамдар өтеді.
97
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16


Баланы «балабақша ойнауға» мәжбүрлеуге 
болмайды, оны басқа рөлдік ойындар 
және балалар айналысатын істер арасында 
ұсынуға болады.
Ата-аналар болашақ тәрбиешілермен тығыз байланыс орнатуы 
да өте маңызды – балақай балабақшаға келместен бұрын ұстаз-
дармен сөйлесу керек, балаңыз туралы айтып беру қажет:
қалай және не жейді (немесе жемейді), 
сөйлеуінде қандай ерекшеліктері бар, 
нені жасай алады және жасай алмайды, 
бала күндіз ұйықтай ма, 
нені ерекше ұнатпайды немесе қорқады және т.б.   
Ұстаз білген бар ақпарат оның жұмысын, сәйкесінше балаңыз-
дың өмірін жеңілдетеді.
Бала жаңа ортада өзін сенімдірек сезінуі үшін, өзін 
қалай ұстау керек екенін білуі үшін, ойынды пайдала-
ныңыз.
Ойыншықтарды алып, алда болатын оқиғаны қойылым 
түрінде көрсетіңіз: «Біздің Аружан қуыршағымыз бала-
бақшаға барады. Кел, Аружан, келе ғой, сәлемдес. Сенің 
киім салатын орның болады (көрсетеміз). Тамақты басқа 
балалармен бірге үстел басында ішесің (басқа қуыр-
шақтармен бірге үстел басына отырғызамыз), төсекте 
ұйықтайсың. Сенің достарың болады. Сосын апаң келіп, 
сені алып кетеді». Артынша дәл осы қойылым нұсқасы 
баламен бірге ойналады: «Көрсетші, топта қалай аман-
дасасың, қалай тамақ ішесің, ұйықтайсың».
98
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16


БАЛА БАЛАБАҚШАҒА БІРТЕ-БІРТЕ 
ҮЙРЕНУІ ҚАЖЕТ.
БАЛАҚАЙДЫҢ АТА-АНАСЫ ӨЗІН БАҒАЛАЙТЫНЫНА, 
МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БАЛАБАҚШАДАН АЛЫП КЕТЕТІНЕ, 
ЖҰМЫСҚА КЕТКЕНДЕ ӨЗІН САҒЫНАТЫНЫНА ЕШБІР 
КҮМӘНІ БОЛМАУЫ ТИІС.
Балабақшаға алдымен тек серуендеуге келген жөн, кейін — 1–2 
сағатқа, артынша қатарынан бірнеше сағатқа келуге болады. 
Тәрбиешімен келісіп алып, алғашқы күндері ата-ана балабақ-
шада баласының жанында бола алады.
Бір-біріңізден жырақта өткізген күннен соң, балаңызды 
көргенде қуанышыңызды жасырмаңыз. Осы уақытты 
балабақшада өткізгені үшін балақайды мақтаңыз.
БӘЛКІМ, БАЛА ҮШІН ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫСЫ – ӨЗІН АЛЫП 
КЕТУГЕ ЕШКІМНІҢ КЕЛМЕЙ ҚАЛУЫ, АТА-АНАСЫНАН 
АЙЫРЫЛЫП ҚАЛУЫ ТУРАЛЫ ҚИЯЛЫ. СОНДЫҚТАН, ТІПТІ 
АШУЛАНСАҢЫЗ ДА, БАЛАҒА: «МЕН СЕНІ АНАУ АҒАҒА 
БЕРІП ЖІБЕРЕМІН», «БҰЗЫҚ БОЛА БЕРСЕҢ, ОСЫ ЖЕРДЕ 
ҚАЛДЫРЫП КЕТЕМІН» ЖӘНЕ Т.Б.
i
Ересектер арасында жылы қарым-қатынас орнатқан 
пайдалы, балақай апасының бейтаныс болса да, сондай 
қорқынышты емес «жаңа апайға» жақсы қарайтынын көруі 
керек. 
99
БАЛАҢЫЗ БАЛАБАҚШАҒА
БАРАДЫ
16


жүктеу 6,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау