40
4) Медициналық жоғары оқу орнында физика бойынша алған біліміңіз
кәсіби қызмет атқаруға толық жеткілікті ме ?
Сауалнама
нәтижесі
дәрігерлерде
төмендегідей
қиыншылықтар
болғандығын көрсетті:
- диагностикалық медициналық құралдың жұмыс істеу принципін түсіну
бойынша дайындықтың жеткіліксіздігі;
- диагностикалық құралда қолданылған физикалық фактор не себепті
алынғаны туралы мәліметтің жеткіліксіздігі;
- алынған ақпаратты басқа түрге
келтіру қиындығы;
- заманауи медициналдық құралдар туралы мәліметтердің, олардың
физикалық принциптерін түсіндіретін мәлімет көзініңаздығы;
Материалдарды талдау арқылы, жас мамандардың кәсіби іс-әрекетін
орындау барысында кәсіби бағытталуының жеткіліксіз деңгейде дамығаны
туралы қорытынды шығаруға болады. Студенттер, диагностикаға еніп жатқан
инновациалық
медициналық
аппарат
бойынша
физикалық
білімнің
жеткіліксіздігін көрсетті. Сонымен, медициналық жоғары оқу орынының түлегі
кәсіби іс-әрекетке диагностикалау бойынша жеткілікті түрде дайын емес.
Медициналық жоғары оқу орны студенттері «Физика қажет пе?» деген
сауалнамаға келесідей жауап берді: олардың 23% -і «физика пәніне, мүмкіндік
болса, қатыспайтын едім»; 48% - і тек жеке сұрақтары ғана кәсіби іс-әрекетте
қажет болады дейді, ал қалғандары оқымаса да болады деген; және тек 25% -і
кәсіби білім алуда аталған пән маңызды деп есептейді.«Физиканың жеке
тараулары Сізге өмірде қажет болады деп есептейсіз бе?» 63% студент «ия», ал
қалғандары 37% -і дәрігердің іс-әрекетінде физика қажет болмайтындықтан,
оны оқудың мәні жоқ деп жауап берген. Сонымен қатар, «Медициналық
приборлар неге негізделген, қалай ойлайсыз?» деген сұраққа, 90% студенттің
барлығы дерлік медициналық аппарат физикалық құбылыстарға негізделген
деп жауап берді.
Физика пәні – көптеген кәсіби оқыту мекемелерінде оқытудың міндетті
компоненті болып табылады. Бірақ бұл пәнді оқытуда көптеген қиындықтар
туындайды. Студенттің пәнге деген қарым-қатынасын зерттей келе,
студенттерде физика пәні бойынша білім қорының жетіспеушілігі, пәнді оқуға
жігерінің аздығы анықталды, себебі студенттер болашақ мамандығында
физиканың практикалық қолданылуын білмейді, міндетті және қосымша
білімді өз бетінше меңгеруге қауқарсыздығы анықталды.
Сосын анықталғанындай, студенттер үшін ең қызықтысы – медициналық
приборлардың жұмыс істеу принциптері мен оның қолданылу аймағы болып
шықты.
Нәтижесінде, пәнді меңгеру деңгейін жоғарылату үшін, студенттердің
физикалық білімін жобалау технологиясын, проблемалық оқыту технологиясы,
гипотеза ұсыну тәсілдерін қолдана отырып күшейту керек деген ұсыныс жасай
аламыз. Оған толығырақ 2 тарауда тоқталамыз.
Байқағанымыздай, студенттер медициналық аппараттардағы физиканың
рөлін көргенімен, физика пәнін оқу барысында алынған физикалық білім мен