Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет19/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48

42 
молекулалық  физика  бойынша  –  48,  электр  және  магнетизм  бойынша  –  39, 
оптика бойынша – 107, ал атомдық физика – 192. 
Жүргізілген  талдау,  студенттер  физиканы  жеткілікті  дәреже  білмейтінін 
көрсетті.  Сондықтан  физикалық  білімді  кәсіби  бағытта  дамыту  кезінде,  сабақ 
формасы мен оқыту технологиясын таңдауда ескеру қажет. 
Осылайша,  кәсіби  және  оқу  қызығушылықтарының  өзара  әсері  туралы 
қорытынды  шығаруға  болады.  Себебі  тұлғаның  мінез-құлық  жігері  және 
студенттердің оқу әрекеті мотиві бір динамикада болғандықтан, үнемі дамиды. 
Мұнда  маңызды  рөлде  білім  алушының  танымдық  әрекетін  ұйымдастыру  мен 
оқу материалы мазмұны болады. 
Осыған  орай,  А.Ф.Меняев,  студент  өз  өмірі  үшін  білім  алудың  маңызын 
білсе,  оны  меңгеру  терең  түрде  болады,  оқудың  мақсаты  мен  келесі  кәсіби 
әрекетінде,  студенттің  алған  білімін  болашақ  мамандығында  қалай 
қолданатынына назар аудартсақ, оқу процесінің тиімділігі артады, үлгерімдері 
едәуір  алға  жылжиды,  студенттің  танымдық  және  кәсіби  қызығушылықтары 
дамуына ықпал жасайды [121, с.22] деген. 
Оқу  мотивінің  дамуы  мен  студенттің  танымдық  қызығушылығын 
кеңейтуге студентердің жеке жұмыстары мен оның нәтижесін бағалау оң ықпал 
етеді.  Оқу  әрекетінің  мотивация  дамуы  мен  қалыптасуы  студенттердің  өз 
бетінше  танымдық  әрекетін  қалыптастыру  процесінің  компоненттерінің  бірі 
болып  табылады.  Өз  бетінше  танымдық  әрекетті  қалыптастыру  мәселесін 
А.Е.Әбілқасымова  өз  еңбектерінде,  танымдық  мотивтердің  қалыптасу 
деңгейлерін  келесідей  көрсетті:  1)  танымдық  мотив  білімді  меңгеруге 
бағыттауды  білдіреді;  2)  танымдық  мотив,  білімді  меңгеру  мен  оны  ізденуге 
бағытталуды білдіреді; 3) танымдық мотив  – білім алу мен оны меңгеру және 
оны жетілдіру тәсілдеріне бағытталуын білдіреді [20, с.12].
 
Білімді  жаңарту  мен  жетілдіруге  қажеттілік  дәрігердің  жұмысында  үлкен 
кәсіби  мәнге  ие  болады.  Дәрігерге  жоғары  оқу  орнында  алған  білім  әрдайым 
жеткіліксіз болуы мүмкін, себебі ол психологиялық тұрғыдан өмір бойы білім 
алуға  дайын  болуы  керек.  Себебі  технология  әрдайым  дамуда,  адам 
организміне  де  қоршаған  ортаның  әсері  жылдан  жылға  өзгеше  әсер  етуде, 
сәйкесінше, науқасты диагностикалау, реабилитациялау мен емдеу жолдары да 
үнемі  жаңартылып  отырады  [122,  с.  34-35].  Танымдық  рефлексияның 
қалыптасуы  (өзіндік  бағалау  мен  өзіндік  бақылау)  танымдық  қажеттіліктің 
дамуына  және  өз  бетінше  білімін  жетілдіруге  құштарлығымен  тығыз 
байланысты болады. Басқаша айтқанда, жоғары оқу орнында оқыту процесінде 
қалыптасқан  танымдық  және  кәсіби  жігер,  оқуын  аяқтағаннан  кейінде, 
маманның құзіреттілігін арттырып, кәсіби мансабы артуына мүмкіндік береді. 
Жоғарыда  айтылғандар  негізінде,  оқу-танымдық  мотивтердің  өзара 
байланысы,  жоғары  оқу  орнындағы  оқытудың  кәсіби  бағытталуын  дамытуға 
мүмкіндік береді. Алынған психология-педагогикалық қорытындыларын ескере 
отырып,  медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  оқытудың  кәсіби 
бағытталуын  дамыту  талаптарын  жүзеге  асыру  жолдарын  талдауға  көмек 
береді. 


43 
Физика  пәнін  оқытуда,  студенттер  диагностикалық  құрал-жабдықтармен 
сауатты жұмыс істеу және нақты әрі объективті диагноз қою үшін қажетті білік 
пен білім алатын, мақсатқа бағытталған дайындықтан өтеді.  
Жоғарыда  аталған  білім  мен  білікті  меңгерту  үшін  заманауи 
технологияларды қолдану керек. Дәлірек айтсақ, диагностикалық приборларды 
меңгеру  үшін  жобалау  технологиясы,  диагноз  қоюда  проблемалық  оқыту, 
ақпаратты  бір  күйден  екіншісіне  ауыстыру  үшін  кейс-технологиясы,  мәселені 
шешу  тәсілі  ретінде  гипотеза  қолданылады.  Біраз  технологиялар  болашақ 
дәрігерлерді  оқытуда  қолданылып  жүр,  бірақ  диагностикалауға  студенттерді 
даярлауда, олардың кәсіби бағытталуын дамыту үшін аталған әдістерді кешенді 
қолдану әдістемесі жоқ.  
 
Бірінші бөлім бойынша тұжырым 
Бүгінгі  күні  үздіксіз  дамып  келе  жатқан  қоғам  медициналық  жоғары  оқу 
орындарына өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті, жауапкершілікті сезінетін, 
жаңа  идеяларды  ұсынуға,  мәселе  шешімін  жылдам  қабылдауға  икемді, 
парасатты мамандар даярлауды міндет етіп отыр.  
Осыған  орай,  бірінші  тарауда  педагогика-психологиялық,  философиялық, 
әдістемелік  зерттеулерге  жүргізілген  талдау  арқылы  физиканы  оқытудың 
теориялық мәселелері анықталды. 
1  Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканың  әдістемелік  аспектілері 
зерттелді.  
Медицинадағы  ғылыми  әдіснаманы  және  ғылыми  дүниетанымды 
қалыптастыру,  клиникалық-лабораториялық  және  функционалды  зерттеу 
әдістерінің  теориялық  негізі  есебінде,  диагностика  және  қазіргі  техникалық 
құралдарды медициналық зерттеулерде қолдану үшін медицинада физика пәнін 
оқыту қажет. 
Кез–келген дәрігердің кәсіби біліктілігі – өз ісінде кездесетін мәселелердің 
жаратылыстану  ғылымдары  тұрғысынан  мәнін  анықтауға  қабілетті  әрі  дайын 
болуы  тиіс  екені  және  ол  мәселені  шешу  үшін  физика-химиялық  аппаратты 
қолдана алуы маңызды талаптардың бірі екені айқындалды. Ғылыми еңбектерді 
талдай келе,  жалпы  кәсіби  бағытта оқыту  ұғымына  анықтама  берілді:  «Кәсіби 
бағытта оқыту – білім алушының меңгерген білімі, біліктілігі мен дағдыларын 
өз  кәсібінде,  сонымен  қатар,  өмірдегі  практикалық  және  теориялық 
тапсырмаларды  шешу  үшін  қолдана  алу  қабілеті».  Сонымен  қатар  физика 
ғылымының  медициналық  білім  беруде  қандай  дағдарыстан  өткені  кезең-
кезеңімен талданған. 
2  Медициналық жоғары оқу орнында физиканы оқытудың қазіргі жағдайы 
талданды. 
Қазіргі  таңда  медициналық  мамандықтарға  өтіліп  жатқан  физиканың  оқу 
бағдарламасы талданған. Оның ерекшеліктеріне шолу жасалған. 
Сонымен  қатар  бағдарламаны  талдау  арқылы:  студенттердің  болашақ 
кәсіби  іс-әрекетіндегі  медициналық  компонент  жүзеге  асып  тұрғандығын; 
барлық  зерттелетін  мәліметтер  студенттердің  түрлі:  физиология,  жалпы 
терапия,  рентгенология  және  т.б.  пәндерді  оқуда  талап  етілетіні  анықталды. 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау