Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет16/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48

36 
2- кестенің жалғасы 
 




 
Диагностикалық, 
терапиялық 
және 
зертханалық  медициналық  құралдарды 
жіктеу. МТ сенімділігі мен қауіпсіздігі. 
Аралық бақылау №2 
Ағымдық  бағалау:  Тест  жүргізу,   
тәжірибелік дағдыларды дамыту. 
Суммативті бағалау: MCQ, SAQ,  
Суммативті  бағалау:  Ағымдық 
баға, OR, MCQ, EMI. 
 
Жалпы сағат саны: 
45 
 
Байқағанымыздай, курстың мазмұнын анықтауда құрылымдық тізбе толық 
жүзеге  асырылған:  материалды  бірізді  оқыту,  яғни  тақырыптардың  біртіндеп 
күрделенуі  байқалады;  оны  оқыту  тәсілдерінде  құбылысты  біріктіре  қарау 
көрініс тапқан. Бірақ аталған материалды оқығанда, арнайы клиникалық пәннің 
қай  тұсында  ол  білімдері  қажет  болатыны,  яғни  физиканы  оқытудағы  кәсіби 
бағыт қағидасы толық ашылмағаны көрініп тұр. Университетке түскен мектеп 
түлегінің  орта  мектепте  игерген  физикалық  білімнің  бастапқы  базасы  аталған 
пәнде  ескерілген,  яғни  студент  теориялық  білімді  мектептен  меңгеріп  келген 
деп есептелінеді. Берілген 45 сағатта студенттер физикалық түсінікті мектепте 
толық  меңгермесе,  материалды  игеруі  әлсіз  болады.  Сонымен,  медициналық 
және  биологиялық  физика  бағдарламасының  компоненттерінің  жүзеге 
асырылуын талдайық.  
Жоғарыдағы  бағдарламаны  талдау  мына  жайты  көрсетті:  студенттердің 
болашақ  кәсіби  іс-әрекетіндегі  медициналық  компонент  жүзеге  асып  тұр; 
курстың қолданбалы материалы кәсіби бағытта орындалған; барлық зерттелетін 
мәліметтер  студенттердің  түрлі:  физиология,  жалпы  терапия,  рентгенология 
және т.б. пәндерді оқуда талап етіледі. Сонымен қатар, бағдарлама физиканың 
медицинадағы  қолданылу  негіздерін  жүйелі  меңгеруін  жүзеге  асыратын 
тәсілдеріне ие емес, оған қоса, медициналық зерттеуде, науқасты емдеуде және 
диагностикалау  процесіндегі  организмге  қандай  да  бір  физикалық  әсерін 
қолданудың  бүтіндігін  студенттер  өздері  көз  жеткізуі  тиіс.  Яғни,  бұл  аталған 
бағдарламада  қолданбалы  бағыттылықтың  жалпыланған  үзіндісі  жоқ,  ол 
медициналық  және  биологиялық  физика  курсындағы  кәсіби  бағыт  қағиданы 
тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетеді. 
Медициналық  және  биологиялық  физика  курсында  студенттің  болашақ 
кәсіби  іс-әрекетінің  мазмұндық  компоненті  нашар  жүзеге  асырылған.  Себебі 
пәнге деген қызығушылық практикакалық немесе лабораториялық жұмыстарды 
орындау  барысында,  іздену  барысында  туатыны  белгілі.  Олай  болса,  өтіліп 
жатқан сабақтың тақырыбын, әлемде орын алып жатқан жаңалықтарды ескере 
отырып жүргізген әлдеқайда тиімдірек болады. 
Қорыта  келгенде,  қазіргі  кезде  болашақ  дәрігерлерде  физикалық  білімді 
кәсіби бағытта беру үшін, алдымен, оның қажеттіліктерін талдаған жөн. Себебі 
қажеттіліксіз сұраныс болмайды. Ал сұранысқа сай, замана талабы орындалса, 
нәтиже де сапалы болмақ. 
 


37 
1.3  Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқытудың қажеттіліктері 
Жүйенің  жаңа  әлеуметтік-экономикалық  салаға  бейімделу  қажеттілігі, 
медициналық  ғылым  мен  практиканың  дамуының  заманауи  деңгейі, 
Қазақстанның  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуі  –  дайындалатын  медицина 
мамандарының  біліктілік  деңгейі  мен  заманауи  медициналық  білім  беруді 
ұйымдастыруға ерекше талаптар қояды.  
Медицина  қызметкерлерінің  кәсіби  іс-әрекеті  кез  келген  елдің  денсаулық 
сақтау жүйесін қалыптастыру негізінде іске асады. Заманауи дәрігерді даярлау 
жүйесінің  құрылымын  қарастырайық.  Мамандарды  кәсіби  даярлаудың 
маңызды сипатының бірі, оның біліктілігі болып табылады. Отандық және шет 
елдік ақпарат көздерінде «біліктілік» - «еңбекке қабілетінің даму деңгейі» және 
«нақты  жұмыс  түрін  орындауға  қызметкердің  кәсіби  даярлығының  деңгейі» 
ретінде  анықталады.  Жалпы  практика  дәрігерінің  кәсіби  іс-әрекеті  туралы 
сұрақты  талдай  отырып,  дәрігердің  өз  білімі,  біліктілігі  мен  дағдысын  жүзеге 
асыратын іс-әрекетті талдаудан бастаған жөн.  
Болашақ дәрігерді кәсіби бағытта оқытудың негізгісі  - келген емделушіге 
дұрыс  диагноз  қою.  Қазіргі  кезде,  диагноз  қою  үшін  көптеген  медициналық 
аппараттарды қолдану керек. Сондықтан студентті даярлауда, белгілі бір оқыту 
әдісін қолдана отырып, физикалық материалды меңгерту тиімді болады [113].  
Мұндай  жағдайда,  медициналық  жоғары  оқу  орнының  студенттеріне 
физиканы  оқытатын  оқытушы,  оларға  кәсіби  бағытта  білім  беруге  жағдай 
жасайтын  оқыту  формасын  табу  керек.  Сонымен  қатар,  студенттерде 
қалыптасатын  кәсіби  бағыттағы  білім  компоненттерін  және  болашақ 
дәрігерлерге физиканы оқыту процесінінің тәсілдерін анықтау қажет. 
Оқыту  тиімділігі  –  білім  алушының  қызығушылығы  мен  танымдық 
белсенділігі  деңгейімен  анықталады.  Бір  жағынан,  танымдық  қызығушылық 
пәнді  түсінгенде  туындайды,  екінші  жағынан,  пәнді  оқуға  деген  оң  көзқарас 
оның оқу және кәсіби маңыздылығын түсінуге жетелейді. 
Пәнге  деген  қызығушылықты  [114]  түрлі  тәсілмен  тудыруға  болатынын: 
медицина  мен  физиканың  байланысын  көрсету;  тарихи  сипатын  талқылау; 
мазмұнының  қызықтылығы;  өзекті  мәселелерді  шешуде  физикалық  білімді 
қолдану;  медициналық  диагностикалық  аппараттарды  физикалық  сипаттау 
арқылы көрсетуге болады. 
Ғылым,  техника  мен  экономикадағы  жүріп  жатқан  жаңару  мен  өзгеру 
процесінің деңгейі, тек білімді қабылдауды ғана емес,  оған қоса, өнімді ойлау 
қабілетін меңгеруді де талап етеді.  
А.В.Петровский  [115]  өз  жұмысында,  білім  берумен  байланысты  келесі 
психология-педагогикалық тапсырманы белгілеген: «Есте сақтауға бағытталған 
оқытудың өзі, заманауи талаптарды шешуге толық жауап бере алмайды. Ойлау 
қабілетінің  сапасын  қалыптастыру  мәселесі  алғашқы  орынға  шығады,  себебі, 
оқушыларға  ұдайы  өсіп  жатқан  ақпаратты  өз  бетінше  меңгеруге  мүмкіндік 
береді.  Мұндай  қабілеттің  даму  пролемасы,  білім  алу  біткен  соңда  сақталса, 
адамға  үдемелі  ғылыми-техникалық  прогрестен  ақсап  қалмау  мүмкіндігін 
қамтамассыз етеді».
 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау