Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет20/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48

44 
Бағдарлама  физиканың  медицинадағы  қолданылу  негіздерін  жүйелі  меңгеруін 
жүзеге  асыратын  тәсілдеріне  ие  емес,  оған  қоса,  медициналық  зерттеуде, 
науқасты емдеуде және диагностикалау процесіндегі организмге қандай да бір 
физикалық  әсерін  қолданудың  бүтіндігін  студенттер  өздері  көз  жеткізуі  тиіс. 
Медициналық және  биологиялық  физика  курсындағы  кәсіби бағытта оқытуды 
тиімді жүзеге асыру мүмкіндігін төмендетеді. 
Медициналық  және  биологиялық  физика  курсында  студенттің  болашақ 
кәсіби іс-әрекетінің мазмұндық компоненті нашар жүзеге асырылған. 
3  Медициналық  жоғары  оқу  орны  студенттеріне  физиканы  оқытудың 
қажеттіліктері  талданып,  зерделенді,  студенттерге  болашақ  мамандығында, 
арнайы кәсіби пәндерді өткенде қажет болатын тұстары айқындалып, талданды. 
 
Физиканың  медициналық  білім  беруде  қажеттілігін  студенттер  мен  жас 
дәрігерлерге даярланған сауалнама арқылы талданды. Студенттердің физикадан 
білімін  анықтау  үшін  1-курс  студенттеріне  тест  беріліп,  пәнге  деген 
қызығушылық  деңгейі  анықталды.  Студенттің  пәнге  деген  қарым-қатынасы,  
физика  пәні  бойынша  білім  қорының  жетіспеушілігі,  пәнді  оқуға  жігерінің 
аздығы  анықталды,  себебі  студенттер  болашақ  мамандығында  физиканың 
практикалық қолданылуын білмейді, міндетті және қосымша білімді өз бетінше 
меңгеруге  қауқарсыздығы  анықталды.  Шындығында,  физика  пәні  –  көптеген 
кәсіби оқыту мекемелерінде оқытудың міндетті компоненті болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


45 
2  МЕДИЦИНА  МАМАНДЫҒЫ  СТУДЕНТТЕРІНЕ  ФИЗИКАНЫ 
КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ  
 
2.1  Медициналық  жоғары  оқу  орнында  физиканы  кәсіби  бағытта 
оқытудың мазмұны 
Қазақстан  Республикасының  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 
болашақ  дәрігерлерде  жалпы  мәдени,  жалпы  кәсіби  және  кәсіби  құзіреттерін 
қалыптастыру  өзекті  мәселесі  болып  табылады  [6,  б.35].  Студент  оқуын 
аяқтаған  соң,  кәсіби  қызметте  көрсете  алатын  іс-әрекеттерді  (білім,  біліктілік, 
дағды, қабілеті мен тұлғалық сапасы) игерту жоғары оқу орнындағы білім беру 
процесіне  жүйелі  өзгерістерді  енгізуді  керек  етеді.Құзірет  дегеніміз  – 
әлеуметтік,  құқықтық  және  кәсіби  бағытталудан  құралған  комплексті  жүйе 
екені белгілі.  
Мамандықты таңдау – бұл бірнеше кезеңнен тұратын процесс. Біріншіден, 
кәсіби  бағытта  оқуын  дамытудың  қажетті  шарты,  студенттің  мамандыққа  оң 
қарым-қатынасы.  Медициналық  жоғары  оқу  орны  студентін  кәсіби  бағытта 
даярлаудың,  абитуриент ортасынан  бастау  алады.  Жұмыс мақсаты  –  дәрігерге 
қойылатын,  абитуриент  арасындағы  сәйкестікке,  оның  мүмкіндіктері  мен 
кәсіби талаптарына қол жеткізуі болып табылады. Ең бастысы  – саналы түрде 
мамандық  таңдау,  сонда  ғана  студент  келесі  кәсіби  талаптарды  адекватты 
қабылдай алады. 
Оқытудың  бастапқы  кезеңдерінде  (1-2  курстар)  оқу-танымдық  іс-әрекет 
(теориялық білімдерді меңгеру) жетекші рөлде болады. Кейінгі оқу – студентті 
кәсіби-еңбек  бағытында  белсенділікке  бағыттайды.  3  курста  оқу  –  кәсіби  іс-
әрекет  пен  бастапқы-кәсіби  іс-әрекет  басталады,  яғни  болашақ  кәсіби  іс-
әрекетіне деген жігер қалыптасады [122]. Аталған бағыттардың дамуына жалпы 
кәсіби  және  клиникалық  пәндерді  оқу  барысы  ықпал  етеді,  сонымен  қатар, 
студенттерді  оқу-кәсіби  іс-әрекетке,  клиникалық  базада  өндірістік  іс-
тәжірибеден өтуге, ғылыми  - зерттеу жұмыстарына қосу, болашақ мамандығы 
формасы  мен  мазмұны  туралы  студенттердің  білімін  кеңейтуге  мүмкіндік 
жасайды. 
П.Р.Атутов  өз  зерттеулерінде  «Жоғары  оқу  орнында  физика  кәсіби  білім 
мен  білікті  қалыптастырудың  тапсырмасын  шешпеуі  керек,  бірақ  ол,  таңдап 
алынған  мамандықтың  теориялық  негізін  құрайды,  қызметкердің  мобилдігін 
қамтамассыз  етеді,  жалпы  теориялық  жеткілікті  білімді  береді,  яғни  жаңа 
техника мен технологияға еркін үйреніп, оны басқара алуы үшін қажет» - деген 
[123].  Автор  мұнда  арнайы  кәсіби  біліктілікті  меңзеп  отыр.  Шындығында, 
физиканы  оқи  отырып,  күрделі  медициналық  оталарды  жасауды  үйренбейді, 
бірақ жалпы кәсіби іс-әрекетінде ол білімдер керек болады. Өйткені ота жасау 
көптеген  медициналық  құрал  жабдықтар  көмегімен  іске  асады.  Мысалы,  ота 
жасауда  қолданылатын  электрохирургиялық  құрал  жоғары  жиілікті  ток 
көмегімен  жұмыс  істейді,  ал  лапроскопиялық  құралдарда  электрлік  және 
оптикалық  құбылыстар  қолданылады,  диагностикалық  УДЗ  құралы 
ультрадыбыстың әр түрлі ортада шағылу еркешелігіне негізделген. ЭКГ жүрек 


46 
биопотенциалын  өлшеуге  негізделген,  пневмотахограф  құралы  дем  алу  және 
шығару кезіндегі ауа жылдамдығын өлшеуге арналған, магниттік энцефалограф 
мидың  магнит  өрісін  тіркеуге,  зерттеуге  бағыталған,  бронхоскоп  –  талшықты 
оптика  көмегімен  бронхты,  трахея  қабатын,  дем  алу  мүшелерін  көру, 
гастроскоп  –  талшықты  оптика  көмегімен  асқазан  қатпарын  көруге, 
ларингоскоп  –  талшықты  оптика  арқылы  тамақты  көруге,  колоноскоп  – 
талшықты оптика көмегімен тік ішекті тікелей көруге, кольпоскоп – талшықты 
оптика көмегімен жатырды  тікелей көруге,  гистерескоп  – линзалар  жүйесімен 
гинекологиялық  ауруларды  бақылауға,  цистоскоп  –  талшықты  оптика 
құралымен  қуықты  тікелей  бақылауға,  лапараскоп  –  кеуде,  қарын  қуыстарын 
тікелей  көруге  негізделген,  франклинизация  –  жоғары  кернеу  өрісімен  ағзаға 
тікелей  әсер  ету  арқылы  жүйке  жүйесінің  шаршауын,  бронхиалды  астма 
емдеуге, аэроионотерапия – зарядталған бөлшектермен ағзаға әсер ету арқылы 
ринит, бронхит ауруларын емдеуге қолданылады [116, с.39].  
Медициналық  факультет  студенттерін  кәсіби  бағытта  дайындаудың 
ғылыми-педагогикалық  проблемаларын  зерттеу  жұмыстарында  ҚР  жоғары 
медициналық  білім  стандарттарын,  медициналық  биофизика  мен  негізгі 
клиникалық  пәндердің  типтік  бағдарламаларын,  медициналық  жоғарғы  оқу 
орындарында  оқылатын  медициналық  биофизика  мен  клиникалық  пәндердің 
оқулықтарын  талдай  келе  және  бірқатар  жоғарғы  оқу  орындарының 
тәжірибесімен 
танысу 
нәтижесінде 
мынандай 
жайларды 
байқадық. 
Медициналық биофизика пәнінің типтік бағларламасы ұсынған оқулықтардағы 
қарастырылған  түрлі  физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар  «жалаң»,  яғни 
кейін  бұл  құбылыстардың  немесе  заңдылықтардың  қандай  клиникалық  пәнде, 
қандай  ауруларды  диагностикалау  мен  емдеуде  және  қандай  медициналық 
құралдарда  қолданылатындығы  қарастырылмаған,  бұл  өз  кезегінде  болашақ 
дәрігерді кәсіби бағытта дайындауды қиындатады және білім беру процесіндегі 
педагогикалық  үйлестіктіке  сай  келмейді.  Яғни,  көпшілікке  белгілі,  егер 
студент,  физика  бойынша  оқыған  тақырыбындағы  физикалық  құбылыстың 
тікелей медицинаға қатысы бар екендігіне көзі жетсе, онда ол бұл тақырыпты 
терең  меңгеруге  тырысады  және  оның  тарапынан  бұл  тақырыпқа  деген  үлкен 
қызығушылық  пайда  болады,  бұл  студенттің  үлгерімін  жоғарылататын  бірден 
бір педагогикалық фактор [119, б.28]. Сондықтан біз, медициналық биофизика 
оқулықтарында қарастырылған «таза» физикалық түсініктерді, заңдылықтарды 
және олардың қандай клиникалық пәндерге қажет болатындығын қарастырдық. 
Осы мақсатты іске асыру үшін біз алдымен клиникалық пәндердің типтік 
бағдарламаларындағы  тақырыптарды  және  типтік  бағдарлама  көрсетілген 
оқулықтардағы  түрлі  физикалық  құбылыстардың  медицинада,  оның  ішінде 
диагностикалық  мақcатта  қолданылуын  қарастырдық.  Ол  үшін  5В30100  -
«Жалпы  медицина»  мамандығы  бойынша  білім  алатын  3-5  курс  студентері 
оқитын  «Ішкі  арулар»,  «Хирургиялық  аурулар»,  «Балалар  аурулары», 
«Акушерия  және  гинекология»  пәндерінің  типтік  бағдарламарын  және  осы 
пәндердің  негізгі  оқулықтарына  талдау  жүргіздік  [124-135].  Мұндағы  басты 
мақсат  аталған  клиникалық  пәндерде  және  оқулықтарда  қолданылатын  түрлі 
физикалық құбылыстардың, әдістердің тікелей медицинада, оның ішінде түрлі 


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау