Уалиханова баян сапарбековна



жүктеу 5,12 Kb.
Pdf просмотр
бет2/48
Дата29.05.2018
өлшемі5,12 Kb.
#18239
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


 
КІРІСПЕ 
 
Өндіріс  пен  экономика  саласында  бәсекелестік  қарым-қатынастың  пайда 
болуы  еңбек  нарығында  да  бәсекелестіктің  туындауына  ықпал  етеді,  яғни 
мамандарды  кәсіби  даярлау  талаптарын  күшейтеді.  Білім  беруді  жаңғырту 
тенденциялары  болашақ  мамандардан  сапалы  біліммен  қоса,  жоғары  кәсіби 
ұтқырлықты,  ғылыми-техникалық  және  заманауи  ақпараттарға  өз  бетінше 
бағытталуды, кәсіби білімін үнемі толықтырып, жаңартуды талап етіп отыр. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  «кәсіптік  білім  – 
білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және нақты 
кәсіп  немесе  мамандық  бойынша  жұмысты  орындауына  мүмкіндік  беретін 
білімдерді,  машықтарды,  дағдыларды  және  құзыреттерді  алуына  бағытталған 
білім  беру  түрі»-делінген  [1].  Осыған  орай,  білім  берудің  жоғары  деңгейінде 
инновациялық  экономиканың  заманауи  талаптарына  сай  келетін  білікті  әрі 
бәсекеге  қабілетті  кадрлар  даярлау  үшін  білім  беру  сапасына  ерекше  көңіл 
бөлініп, оқытудың жаңа жолдары қарастырылуда. 
Зерттеудің  өзектілігі.  Болашақ  мамандарға  кәсіби  бағытта  білім  беру  – 
олардың  бойында  кәсіби  қабілеттілікті,  өз  бетінше  білім  алуға  даярлықты, 
әлеуметтік және кәсіби ұтқырлықты қалыптастыруды көздейді.  
Әлемдік  бiлiм  кеңiстiгiнде  бiлiм  беру  сапасы  деңгейiн  көтеруге 
бағытталған  позитивтi  тенденциялар  адами  капиталды  қалыптастыру  құралы 
ретiнде  бiлiмге  деген  жаңа  бағыттарды  дамыту  және  бiлiм  сапасы  ұғымының 
аясын  кеңейту  болып  табылады.  Осыған  орай  Қазақстан  Республикасының 
Президенті,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  биылғы  жылғы  «Қазақстанның  үшінші 
жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», - атты Жолдауында адами капитал 
сапасын жақсарту мәселесін көтере отырып, білім беруді экономикалық өсудің 
жаңа моделінің орталық буынына айналдыру қажеттігін міндеттейді [2].  
«Саламатты  Қазақстан»  мемлекеттік  бағдарламасының  басты  мақсаты 
«медициналық және ғылыми кадрлардың әлеуетін арттыру бойынша жоспарлы 
жұмыстар  жүргізу:  үздіксіз  кәсіптік  дамытудың  жинақтау  жүйесінің 
қағидаттарын  енгізу,  симуляциялық  білім  беру  орталықтарын  құру,  мамандар 
біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесі енгізу» болатын [3]. 
Алайда,  Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау  саласын 
дамытудың  2016  –  2020  жылдарға  арналған  «Денсаулық»  мемлекеттік 
бағдарламасында  «кадрлар  даярлаудың  практикалық  бағытталуы  төмен,  білім 
беру бағдарламалары, ... жетілдірілмеген күйінде қалып отыр. Сонымен қатар, 
ғылыми  зерттеулердің  бәсекеге  қабілеттілігінің  төмен  болуы,  олардың 
практикалық маңызының қанағаттансыздығы, ... ғылыми дәрежесі бар кадрлар 
тапшылығы мәселелері өзекті күйінде қалып отыр» делінген [4]. 
Осы  аталғандарды  басшылыққа  ала  отырып,  жалпы  жоғары  білім  беру 
жүйесі  ғылыми  педагогикалық  тұрғыда  құрылып,  жүйелі  түрде  бір  бірімен 
тығыз  байланысқан,  бір  мақсатқа  негізделген  үрдістерден  тұратынын  ескеру 
қажет  [5].  Бұл  үрдістер  іргелі  және  клиникалық  ғылыми  біліммен  қаруланған, 



мамандығы бойынша теориялық білім мен кәсіби дағдыларды толық меңгерген, 
сонымен қатар ғылыми-зерттеу іс-әрекеттеріне дағдыланған, өз бетінше білімін 
жетілдіре  алатын  мамандар  дайындауға  бағытталған  және  ол  болашақ 
мамандарды  кәсіби  дайындаудың  алғы  шарты  болып  табылады.  Оны 
медициналық  жоғары  оқу  орнында  оқылатын  физика  пәнін  кәсіби  бағытта 
оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. 
Медициналық  жоғарғы  оқу  орындарында  оқылатын  физика  курсының 
негізгі  мақсат-міндеттері  ҚР  жоғары  медициналық  білім  стандартарында 
көрсетілген дәрігердің біліктілік сипаттамасы мен арнаулы клиникалық пәндер 
бағдарламаларына  негізделген  [6].  Осы  бағдарламаларға  сәйкес  болашақ 
дәрігерлер  медициналық  физикадағы  негізгі  іргелі  заңдар  мен  қағидаларды, 
физикалық  факторлардың  адам  ағзасына  тигізетін  әсерін  білумен  қатар, 
олардың  диагностикалық  және  терапевтік,  клиникалық  лабораториялық  құрал 
жабдықтарды  пайдалану  және  онымен  жұмыс  жасау  іс-әрекеттерін  меңгеруі 
физика курсының басты бағыты ретінде қарастырылады. 
Қазіргі  заманғы  медицина  кеселдің  симптомдары  мен  себебін  анықтау 
және оны жою сияқты көп сатыдан тұратын диагностикалық және терапиялық 
үрдіс.  Бұл  үрдіс  клиникалық  мәліметттерді  жинау,  оларды  талдау,  шешім 
қабылдау  және  емдеу  сияқты  негізгі  сатылардан  тұрады.  Көп  жағдайларда 
аурудың  себептерін  анықтауда  және  оны  емдеуде  дәрігер  өз  білімі  мен 
тәжірибесімен  қатар,  қазіргі  заманғы  диагностикалық  және  терапевтік 
медициналық құралдар мәліметі мен физикалық емдеу факторларына сүйенеді, 
яғни  қазіргі  заманғы  дәрігерді  түрлі  медициналық  құралдарынсыз  жеке 
қарастыру  мүмкін  емес.  Шет  ел  ғалымдарының  зерттеулерiне  сәйкес  дәрiгер 
өзінің  бiлiмi  мен  бiлiктiлiк  дәрежесіне  қарамастан  диагностикалау  мен  емдеу 
iсiнде  25-45%  медициналық  құрал-жабдықтар  мәліметіне  сүйенеді.  Ресей 
ғалымдарының  зерттеулері  бойынша  стационарда  жатқан  аурулардың  80%, 
амбулаторлық  емделуде  жүрген  аурулардың  60%,  санаториядағы  ем 
қабылдаушылардың  барлығы  медициналық  техника  көмегімен  жүргізілетін 
физиотерапевтік  емдеуді  қажет  етеді.  Олай  болса  дәрігердің  диагностикалық 
және  емдеу  іс-әрекеті  медициналық  құралдардан  алынған  мәліметтерге 
байланысты  және  олардың  көмегіне  тікелей  байланысты,  яғни  медициналық 
мекемелердің,  денсаулық  сақтау  орындарының,  медициналық  кадрлар 
дайындауда,  білім  беру  мен  ғылыми-зерттеу  жұмыстарында,  медицинаның 
бұдан  басқа  салаларында  медициналық  техниканың  алатын  орнының  ерекше 
екендігіне көз жеткізуге болады. Осы анықталған мәселелерді басшылыққа ала 
отырып,  медициналық  жоғары  оқу  орындары  студентерін  «Физика»  пәні 
бойынша түрлі физикалық құбылыстарды «жалаң» түрде оқытпай, оны жоғары 
курстарда  оқылатын  клиникалық  пәндерде  диагностикалық  және  терапиялық 
құрал жабдықтар қолданылатындығына назар аудару қажет. 
Жоғары  оқу  орнында  білім  берудің  жалпы  талаптарына  сәйкес 
медициналық жоғары оқу орнындағы физика курсы:  
-  студенттердің  физикалық  білімі  мен  жалпы  мәдени  дамуы  деңгейін 
арттыру;  


жүктеу 5,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау