61
7 - кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
8
Нанотехнологиялық
құралдар;
радионуклидтермен,
иммундық
ферменттермен,
флюоресцентік,
люминесцентік интерференциалық әдістерімен
биологиялық
сұйықтар
мен
ұлпаларды
микроталдауды автоматты түрде орындайтын
және компьютерлік өңдеуді іске асыратын және
қамтамасыз ететін медициналық техникалар.
2
2
1
9
Наномедицина
ұғымы.
Физика
ғылымында
медицина
мәселелерін
жеңілдететін жаңалықтар.
1
1
1
Барлығы
15
15
15
Медицинадағы заманауи мәселелерді қамтитын бағдарламадағы сұрақтар
мазмұны, оларды шешу барысында, студенттерді жалпы халықтық құндылық
пен білімге жетелейді. Практикалық тапсырмалар студенттерді мәселені
шешеуге үйретуге бағытталған. Сонымен қатар, жағдайды талдай алу қабілеті,
бақылау, материалды жүйелеу, гипотеза құру, сонымен қатар жобалау әрекетін
өз бетінше құру қабілеті қалыптасады. Жобалауға үйрету жеткілікті түрде
өзекті болады, себебі диагноз қоюдың өзі жобалау әрекетіне жатады.
Жобалау әрекетін оқыту, студент осы іс-әрекетке жігерленген болса
табыстырақ болмақ. Сондықтан сабақтың әр кезеңінде студент үшін өзекті
мәселе қойылады.
Физикалық заңдылықтарға тоқталып өтейік.
Дыбыс. Физикадан белгілі, дыбыс дегеніміз – газ тәрізді, сұйық
және қатты
заттардағы серпімді тербелістер мен толқындардың таралуы.
Ультрадыбыс деп есту әсерін тудырмайтын, жиілігі 20 кГц-тен жоғары
серпімді тербелістер мен толқындарды айтамыз. Көбіне мұндай тербелістерді
электр тербеліс генераторы арқылы өндіреді, ол магнитострикция немесе кері
пьезоэлектрлік әсері құбылысына негізделген. Магнитострикция құбылысы –
айнымалы магнит өрісінің әсерінен ферромагнитті өзекшенің тербелуі, ал кері
пьезоэлектрлік әсер – айнымалы электр өрісінің әсерінен пьезоэлектр
пластиналарынын тербелуі. Екі жағдайда да өзекшемен немесе пьезе
пластинкамен қоршалған ортада көлденең ультрадыбысты толқындар тарайды,
әсіресе ол резонансты жиіліктерде қатты байқалады.
Ультрадыбысты медицинада пайдалану оның заттарға механикалық,
физико-химиялық, биологиялық және жылулық әсер етуіне негізделген.
УД-толқындарының механикалық әсері заттардың микроқұрылымының
деформациясымен байланысты, яғни толқын әсерінен дене құрамындағы
молекулалар тербеліске түседі.
УД-толқындардың интенсивтілігі артқанда заттардың құрылымының
бұзылуы байқалады. Бұйректегі тастарды майдалайтын УД-емдеу аппаратының