«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Салық есептілігін қабылдау»



жүктеу 84,5 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі84,5 Kb.
#29438


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

23-қосымша


«Салық есептілігін қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер
1. «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызметі).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министірлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитеті, Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Салық есептілігін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі – Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі – СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы;

3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салық есептілігін қабылдау – оны табыс еткен сәттен бастап 10 (он) минут ішінде;

ХҚКО арқылы келу тәртібінде қағаз жеткізгіште табыс етілген салық есептілігін қабылдау – оны табыс еткен сәттен бастап 10 (он) минут ішінде;

салық есептілігін электронды түрде қабылдау – салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесі оны қабылдаған сәттен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) салық есептілігінің екінші данасында салық қызметі органдарының белгісі;

2) салық есептілігінің қабылданғаны туралы почта немесе өзге де байланыс ұйымының немесе ХҚКО-ның қабылдаған уақыты мен күнінің белгісі;

3) салық органының салық есептілігін электрондық түрде қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламасы;

4) жеке табыс салығы және мүлік салығы бойынша декларацияның электрондық түрде қабылданғаны туралы анықтама;

5) жеке табыс салығы және мүлік салығы бойынша декларацияның қағаз жеткізгіште қабылданғаны туралы анықтама;

6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Портал, Салық төлеушінің кабинетіне немесе СЕӨС арқылы жүгінген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:


  • электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылып көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі;

  • қағаз жеткізгіште ресімделіп көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен қуәландырылады (230.00 нысандағы салық есептілігін табыс еткен жағдайда).

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

3) портал, СЕӨС – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-на:

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін);

салық есептілігі;

порталға:



салық есептілігі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО қызметшісі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының электрондық түрде қабылданғаны немесе қабылдамағаны туралы хабарламасы жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы почта арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушімен почта хабарламасына белгі қойылады.

10. Салық есептілігі, егер:

1) уәкілетті органмен белгіленген салық есептілігі нысандарына сәйкес келмесе, немесе

2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе, немесе

3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе

4) салық кезеңі көрсетілмесе, немесе

5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе



6) қағаз жеткізгіште жасалған салық есептілігіне салық төлеуші (салық агенті) не оның өкілі қол қоймаса, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның өзінің атауы жазылған мөрі бар өкілінің мөрімен куәландырылмаса, немесе

7) уәкілетті орган белгілеген электрондық формат құрылымы бұзылса;



8) табыс ету мерзімі ұзартылған салық есептілігі электрондық түрде табыс етілмесе;

9) егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдерін қосылған құн салығы декларациясымен бірге бір мезгілде ұсынуға қатысты талаптары бұзылса, салық органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-на жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.




3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

ХҚКО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚКО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайы және телефондары бойынша ХҚКО-ның басшысына жіберіледі.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның - оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері;

  2. заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінуге қол қоюы қажет.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңмен белгіленген тәртіпте қабілеттілігін толық немесе ішінара жоғалтқан немесе өз өзіне қызмет көрсету, өз бетімен қозғалу, бағдаралу қабілеттілігн жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы ХҚКО қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары порталда, көрсетілетін қызметті берушінің: www. kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚКО-ның: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал, Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», Салық төлеушінің кабинеті, СЕӨС арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

«Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), не ұйымының атауы)

________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:



  1. ________________________________________;

  2. ________________________________________;

  3. ….

Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

 
Аты-жөні (ХҚКО қызметкері) (қолы)

Орындаушы: аты-жөні_____________

Телефон __________



Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы
20__ жыл «___» _________
жүктеу 84,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау