«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



жүктеу 2,59 Mb.
Pdf просмотр
бет10/44
Дата20.11.2018
өлшемі2,59 Mb.
#21937
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
23
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
халықтық,  ұлттық  тілдің  біртұтас  сомдалған  өзегі  қалыптасты. 
Бұлар  халық  тілінің  тұрақты  эементтері  деп  аталады.  Әрине,  халық 
тілінің  сомдалған  өзегінен  тысқарылау  жатқан,  әр  жерде  әртүрлі 
дыбысталатын (
киіз-кигіз, құман-құмған,) әртүрлі ұғынылатын там – 
«үй», там – «мола», т.б. тәрізді элементтер кездеседі. Бұлар белгілі бір 
аймақта ғана кездеседі. Халық тіліндегі ортақ элементтерге қарағанда 
қолданылатын  шекарасы  бар  шеткері  элементтердің  саны  мүлде  аз, 
жуық шамамен жеті-сегіз пайыздан аспайды. 
Жаңа  дәуірдің  бастапқы  кезеңінде  қазақ  қоғамында  араб  жазуы 
қолданыла  бастады.  Жазу-сызудың  бұл  түрі  Орта  түркі  дәуіріндегі, 
Алтын Орда кезеңіндегі жазба ескерткіштердің тілінің негізінде пайда 
болды  және  сол  кезеңдердің  емле  үлгісімен  жазылды,  яғни  халық 
тілінің, сәйлеу тілінің элементтері аталмыш тілдің дыбыс, сөз жүйесіне 
бірте-бірте  ене  бастады.  Сөйтіп,  біршама  халық  тілінің  дыбыс,  сөз 
ерекшеліктерін бейнелейтін қолданыстар қалыптасып, жүйелі түрде 
жұмсала бастады. Сөйтіп, қазақ қоғамында 
ескі қазақ жазба тілі деп 
аталатын жазба тіл қалыптасты. 
Ескі қазақ жазба тілі. Арап әліпбиі негізіндегі қазақтың ескі жазба тілі 
шамамен ХҮ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет 
етті.  Ол,  негізінен,  Қазақ  хандығы  ісқағаздарында,  дипломатиялық 
қарым-қатынас  ісінде  қолданылды.  Қадырғали  би  Жалайридің 
«Жамиғ-ат  тауарихы»,  Әбілғазы  баһадүр  ханның  «Шежіре  түрки» 
атты  тарихи  жылнамаларын  аталмыш  жазу  үлгілеріне  Махамбет 
Өтемісұлы, Әбілхайыр ханның Ресей патшасы Елизаветаға жолдаған 
дипломатиялық жазбаларын, Ш.Уәлихановтың хат-қағаздарының тілі, 
т.б.  жатады.  Мүрсейіт  қағазға  түсірген  Абайдың  қара  сөз  түріндегі 
шығармаларының  тілін  ескі  қазақ  жазба  тілінің  үлгілері  деп  тануға 
болады.  Ескі  қазақ  жазба  тілінің  нормалары,  әсіресе,  ХІХ  ғасырдың 
аяғына  таман  сөйлеу  тілінің  ықпалына  көбірек  ұшырап,  халық 
тілінің  элементтері  жүйелі  сипат  ала  бастады.  Бұл  тұста  ілгерішіл 
демократиялық бағыт ұстанған «Айқап» журналы, «Қазақстан» газеті, 
т.б.  сияқты  басылымдардың  орны  ерекше  болды.  Әсіресе,  ХХ  ғасыр 
басындағы көркем әдеби шығармалар тілінде сөйлеу тілінің нормалары 
айқын көрінді, бірақ ескі жазба тіліне тән сөз үлгілері де жиі кездесіп 
отырды. 
Ескі  қазақ  жазба  тілінің  сол  кездердегі  қазақ  қоғамы  үшін 
тарихи-мәдени  маңызы  аса  зор  болды.  Өйткені  ол  қоғамдық 
сананың  құқықтық,  ғылымдық,  эстетикалық  (көркемдік)  түрлерін 
қалыптастыру мен дамытудың тілдік құралы ретінде жұмсалды. Олай 
болса,  ескі  қазақ  жазба  тілі  мәдени  ұлттық  тарихымызда  ерекше 
құндылық деп танылуға тиіс. 
Ескі  қазақ  жазба  тілінің  емле  жүйесі  тым  күрделі  болды.  Себебі, 
оның тілдік жүйесінде, біріншіден, Қараханид дәуірінен келе жатқан 
байырғы түркілік сөздер мен тұлғалар, екіншіден, қалың жұртшылық 
біле  бермейтін  араб,  парсы  сөздері,  үшіншіден,  қазақтың  кәдімгі 


ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
24
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
сөйлеу тіліне тән элементтер болды. Жазба тіл жүйесінде мұндай үш 
түрлі элементтердің аралас-құралас жүруі, оның емле жүйесін оқып-
игеруге көп қиындық келтірді. Сондай-ақ, қазақтың ескі жазба тілін 
халықтың белгілі бір әлеуметтік тобы ғана қолданды. Жалпыхалықтық 
игілікке айналып, бұқаралық сипат ала қоймады.
Төте  жазу.  ХХ  ғасыр  басында  халқымыздың  ұлы  перзенті,  ғұлама 
ғалым А.Байтұрсынұлы ескі қазақ жазба тілін күллі қазақ халқының 
игілігіне айналдыру идеясын ұсынды. Басқаша айтқанда, жазу-сызуды 
демократияландыру  арқылы  күллі  халықты  сауаттандыру  ісіне  бар 
біліиін,  күш-жігерін  салды.  Халықты  жаппай  сауаттандыруды,  білім 
беруді  тезірек  қолға  алмаса,  қазақ  қоғамының  заман  ағымына  ілесе 
алмай, қалып қоятынын терең түсіне білген ғылым жүйесі аса күрделі 
ескі жазба тіліне түбегейлі реформа жасады. Алдымен, ол араб әліпбиін 
пайдалана отырып, халық тілінің тоғыз дауысты (а-ә, ы-і, о-ө, ұ-ү, е) және 
он тоғыз дауыссыздан (б-п, д-т, г-к, ғ-қ, ж-ш, з-с,й,л,м,н,ң,р,у) тұратын 
дыбыс  жүйесін  негізге  алып,  қазақ  әліпбиін  түзді.  А.Байтұрсынұлы 
ұсынған жазба тіл нормасы біріңғай халықтық тілдің сөз, грамматика, 
дыбыс жүйесіне сүйенеді, соларды таяныш етті, ескітүркілік сөз үлгілері 
мен  қалың  жұртшылыққа  түсініксіз  араб,  парсы,  элементтерінің 
қолданылуы  шектеулі  болды.  А.Байтұрсынұлы  жазуы  халықтың 
тілдің  сөз  үлгілерін  жазба  тілде  біраз  қолданудың  жүйесін  жасады. 
Сөйтіп,  А.Байтұрсынұлы  халық  тіліне  негізделген  жазбаша  тілдің 
тұңғыш  рет  оқулықта,  оқу  құралдарында  заңдастырылған  нормасын 
(кодификацмяланған  нұсқасын)  жасады.  Тіліміздің  заңдастырылған 
жазу нормаларын А.Байтұрсынұлы негіздеп берді.
А.Байтұрсынұлы  ұсынған  жазу  жүйесі  жалпақ  жұртшылықтың 
ықыласына  бөленді.  Ден  қойған  адам  оны  бір-екі  айдың  ішінде-ақ 
үйреніп  алатындай  24  әріптен  тұратын  жүйесі  ұғымға  жеңіл,  емлесі 
оңай  болды.  Жұршылық  сондықтан  бұл  жазуды  бұрынғы  жазудан 
бөлектеп,  төте  жазу,  төте  оқу  деп  атады.  А.Байтұрсынұлының  төте 
жазуын  тек  қазақ  зиялылары  ғана  емес,  әлемдік  тіл  ғылымының 
(лингвистиканың)  көрнекті  өкілдерінің  бірі  Е.Д.Поливанов,  фонетика 
зерттеушісі  Яковлев,  т.б.  арнайы  тексере  келіп,  аса  жоғары  бағалады. 
Алайда  төте  жазудың  Кеңестер  Одағының  ғұмыры  ұзаққа  бармады. 
1929 жылы қараша айынан бастап латын негізді қазақ жазуы 41 әріптен 
тұратын осы күнгі орыс графикасына негізделген 29 әріптен тұратын 
жазуға көшті. Ал ҚХР-дағы миллионнан астам қандастарымыз осы күнге 
дейін төте жазуды қолданып келеді. Онда төте жазу мен оқулықтар, оқу 
құралдары, газет-журналдар, әртүрлі кітаптар шығады.
Қазақ тілі – кемел тілі
Тілдің  кемелдігін  көрсететін  негізгі  белгілердің  барлығы  да  қазақ 
тілінің құрылым жүйесінен толық табылады. Грамматика жүйесінде 
уақыт пен кеңістікке қатысты модальдық мағыналардың бейнеленуі; 


жүктеу 2,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау